Сабақтың тақырыбы:
«Сен не істейсің?»
Қазақ тілі
1 сынып
Оқу мақсаты:
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну
1.2.5.1 Тыңдалым материалдың мазмұнын өз сөзімен сипаттау
1.5.1.1 Мұғалімнің көмегімен қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздердің мағынасын түсіну, ауызекі тілде қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Мұғалімнің қолдауымен сөздерді және сөз тіркестерін қайталап айта алады. Ізденімпаздылық қабілеттері артады анықтауға пайдаланады.
Оқушылардың басым бөлігі: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады
Бағалау критерийлері:
- Оқушылар «Сен не істейсің?» - сұрағына жауап бере алады.
- Сөйлемдерді оқып, іс-әрекеттің болымды, болымсыз түрлерін ажыратып, естеріне сақтайды.
- Оқушылар үлгі бойынша сөйлеп, өзара тілдесе алады.
- Берілген сұраққа жауап бере алады, жаңа сөздерді сөйлем құрауда қолдана алады.
Жаңа сөздер:
Сен не істейсің? – Что ты будешь делать?
Сурет саламын – Рисую
Доп ойнаймын – Играю в мяч
1 тапсырма. Тыңда, қайтала.
Дескриптор:
Оқушылар сурет бойынша оқиды және сөздерді аударады.
Мен доп ойнаймын
2 тапсырма. Тыңда, қайтала. Сұраққа жауап бер.
Сен не істейсің?
Мен сурет саламын
Дескриптор:
Оқушылар «Сен не істейсің?» сұрағына жауап бере алады.
Есте сақта!
Мен сурет саламын.
Мен доп ойнаймын.
Мен сурет салмаймын.
Мен доп ойнамаймын.
Дескриптор:
Оқушылар сөйлемдерді оқып, іс-әрекеттің болымды, болымсыз түрлерін ажыратып, естеріне сақтайды.
3 тапсырма. Тыңда. Үлгі бойынша сөйлес.
-Сәлем, Юра!
-Сәлем, Асқар!
-Халің қалай?
-Жақсы, рахмет! Сенің халің қалай?
-Жақсы! Сен не істейсің?
-Мен доп ойнаймын. Сен не істейсің?
-Мен сурет саламын.
Дескриптор:
Оқушылар үлгі бойынша сөйлеп, өзара тілдесе алады.
4 тапсырма. Сұраққа жауап бер.
Сәлем!
Халің қалай?
Сен не істейсің?
Дескриптор:
Оқушылар сұраққа жауап бере алады, жаңа сөздерді сөйлем құрауда қолдана алады.
-Балалар, бүгінгі сабақта алған білімімізді қорытындылайық.
Дескриптор:
-сабақта алған ақпараттарын қорытады.
Дескриптор:
Оқушылар сабақтың қалай өткендігі жайлы пікірі сұралады.
Үйге тапсырма:
Жұмыс дәптерінің 22 беттегі
1, 2 тапсырмаларды орындау
Сабағымыз аяқталды.
Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |