Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің
2008 жылы атқарылған жұмыс туралы
есебі
Мемлекет басшысының 2005 жылдың 6 сәуіріндегі «Жергілікті атқарушы органдары басшыларының тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2009 жылдың 19-26 қаңтар аралығында Алматы ауданында 7 есеп кездесуі өтті. Есеп кездесулеріне 2000-нан аса аудан тұрғындары қатысты. Сондай-ақ, ауданның халық көп жиналатын орындарында арнайы 10 жәшік орналастырылып, тұрғындардың өтініш беруіне де жағдай жасалды. Есеп барысында 99 адам сөз сөйлеп, 167 сұрақ пен ұсыныс келіп түсті. Барлық ұсыныстар мен ескертулер бойынша іс-шаралар бекітіліп, басқармалар мен қала қызметтерінің басшыларына жеткізілді.
Есеп кездесулерінде көтерілген аудан тұрғындарының сыни ескертулері мен ұсыныстары аудан әкімінің аппаратында үнемі бақылауда, жедел жиналыстар барысында олардың шешімін тауып, жүзеге асыруы бойынша басшылардың есебін тыңдау тәжірибесі енгізіліп, «Астана Су Арнасы» МКК, «Астанателеком» ҚТО, «Горсвет» ЖШС, «Астанатеплотранзит» АҚ және т.б. жұмыстары тыңдалды.
Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Железнодорожный тұрғын алабында №2 Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі ашылды.
Аудан бойынша № 41,44,124,125 жаңа жол маршруттері ашылды. №100 маршрут жолының кестесі ұзартылып, «Достық» шағын ауданы арқылы, Интернациональный тұрғын алабының Гольфклубы ауданына кіретін болды. Железнодорожный кентіне теміржол төсемі арқылы өтетін көпір пайдалануға енгізілгеннен кейін №22 маршрут кестесі де өзгертілді. Аудан кенттеріне қызмет көрсететін қоғамдық көліктер қозғалысының аралық интервалы қысқартылып, №35,38,40 маршрут қозғалыстарының кестесі ұзартылды.
Аудандағы күрелген қоқыс төгетін 38 ор тазаланып, ескертулер жойылды. Есеп кездесуінде аудан тұрғыны Можайский көшесінде орналасқан №7 үй маңында қоқыс төгетін орын пайда болғаны туралы мәселені көтерді. Заңсыз қоқыс төгу орнын жою жұмыстары бойынша жедел шаралар қолданылды. Осындай мазмұндағы 30 сұрақ есеп кездесулерінен кейін жедел түрде шешімін тапты.
Өткен жылғы есеп кездесулерінде учаскелік инспекторлар жұмысына тұрғындар тарапынан наразылықтар білдірілгендіктен, аудан ІІБ жұмысы тыңдалып, айтылған ескертулерді жою бойынша нақты шаралар бекітіліп, учаскелік инспекторлардың ПИК төрағалары және халықпен бірлесе атқаратын жұмыс жоспары жасалды.
Ауданның экономикасы мен өндірістік саласы
Қазақстан Республикасы Президентінің Астана қаласында «Есіл» ауданын құру туралы Жарлығына сәйкес, «Алматы» ауданы әкімінің аппараты жаңа құрылған аудан еншісіне 24 312 га территорияны, соның ішінде 521 505 шаршы метрді құрайтын көлемдегі саябақтар мен шағын бақтар, 10 субұрқақ кешені, 56 көппәтерлі тұрғын үйлерді берді.
2008 жылы «Алматы» ауданының қызмет көрсетуіне пайдалануға берілген 8 жаңа субұрқақ пен 1 млн.890 мың шаршы метрді құрайтын саябақтар мен шағын бақтар алаңы берілді.
Аудан бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 144.6 млрд. теңгені құрады. Ауданда құрылыс пен күрделі жөндеуге бағытталған инвестициялар 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2 пайызға азайып, 127.5 млрд. теңгені құрады. «Алматы» ауданы кәсіпорындары іс жүзіндегі бағалармен 56,0 млрд. теңгеге өнім (тауарлар мен қызметтер) шығарды (қаржылық емес сектордың өндірістік өнімінің жалпы көлемінен 57,9 пайыз).
«Алматы» ауданының тұрғын үй құрылысына 72 764,7 млн. теңгенің инвестициясы салынып, жалпыауданы 828 501 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.(2007 жылдың сәйкес көрсеткішінен 15,8 пайызға жоғары).
Есеп жылында 8 дүкен, 5 қонақ үй, 3 дәмхана, 9 кеңсе ғимараты пайдалануға берілді. Шағын кәсіпкерлік саласында қызмет атқаратындар саны - 77 971 адамды құрайды, оның ішінде 29 972 адам жеке кәсіпкер. Іс жүзінде қызмет жасап жатқан шағын бизнес субъектілері – 27 075, өткен жылмен салыстырғанда 3 000 субъектіге артық. Осыған сәйкес 1 800 жаңа жұмыс орны пайда болды.
Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің мәселесін шешу мақсатында, аудандағы келелі мәселелі «Байқоңыр» ТК, «Независимость» ТК, «Эгалите» ТК, «Әл -Фараби» ТК, «Алтын Ғасыр» ТК сияқты 5 құрылыс объектісінің жұмыстарын жалғастыруға бағытталған сома бөлінді.
Астана қаласының 274 км. жолының «Алматы» ауданы бойынша 111,25 км. жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 16,8 км. жол күрделі жөндеуден, 90,0 км. жол орта және ағымды жөндеуден және 3,58 км. қосымша көлемдегі жол орта және ағымды жөндеуден өтіп, тек Промышленный кентінде ұзындығы 5,2 км. құрайтын 9 көшеге асфальт төселіп, 3 көше жарықтандырылды, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында (оң және сол жағы) жалпы ұзындығы 6 км. құрайтын 10 көше жолына асфальт салынды.
Өткен жылы № 8,28,55,59,63,67,69 балабақшаларда шатыр, ғимарат сыртқы келбетін, кіре беріс, жылу жүйесін, инженерлік жүйе және терезе блоктарын ауыстыру сияқты жұмыс түрлері бойынша күрделі жөндеу жүргізілді.
Тұрғын үй -коммуналдық сала мен инфрақұрылымның дамуы
2008-2009 жылдардың жылу кезеңіне тұрғын үй қорын дайындау бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, аудан тұрғындарымен 236 жиналыс өткізілді. Жиналған мақсатты қаржы есебіне 383 кіре беріс есіктері, 25 үйдің электрқұрылғысы ауыстырылды, 52670 шаршы метр көлемді құрайтын жұмсақ төбе жабындысына, 452 кіре беріске жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 180 тұрғын үй кіре берісінің терезелері шыныланды, Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын тұрғын үйлердің 43 кіре берісіне «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бюджеттен тыс бөлінген қаржы есебінен 54 жертөленің инженерлік жүйесін, 37 лифт құрылғысын ауыстыру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 47 үйдің сырт келбетіне жөндеу және Кенесары көшесі бойында орналасқан 20 ескі үйге қалпына келтіру жұмыстары жасалды.
«Астана Су Арнасы» МКК «Алматы» ауданында 454 км. құрайтын су құбыры жүйесіне, үшінші көтерімді 6 насос станциясына, биік тұрғын үйлер су құбырын тарту 44 станциясына қызмет көрсетеді.Су құбыры жүйелерінде 436 өрт гидранты қойылған, ал жеке тұрғын үй секторын сумен қамтамасыз ету үшін 203 су бағанасы орнатылды. Кәсіпорын қызмет көрсететін кәріз бен коллекторлар жүйесі 131 км. құрайды. Жазғы маусымда су құбыры жүйесінің 6 км. ауыстырылды, соның ішінде 2,5 км. су құбырын енгізуді құрайды (76 енгізу). Су құбырларының 41 км. мен 62 су бағанасы хлорланып, су құбырының 570 м. жылумен оқшауланды, 71 өрт гидранты мен 296 су бағанасы ауыстырылып, жөндеуден өтті. Кәріз жүйесінің 144 км. гидродинамикалық шаю жұмысы жүргізіліп, 5 152 құдық тазаланды, кәріз жүйесінің 1,3 км. ауыстырылып, 418 дана құдық пен люктер жабылып, орнатылды.
2008 жылы 28 объектіде 11 429 номер енгізілген қол жетерлік абоненттік жәшіктер орнатылды. Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында 1600 нөмір енгізілген мультисервисті абоненттік қол жетерлік құрылғы орнатылды, Мичурино кентінде 544 нөмірлі АТС, Промышленный кентінде 608 нөмір енгізілген қазіргі заманғы жаңа құрылғыға ауыстырылды, аудан бойынша радио қолжетім жүйесі 1500 нөмірге кеңейтілді. Жұмыс істеп тұрған таксофондардың аудан бойынша жалпы саны 256 бірлікке жетті.
Ауданды абаттандыру және көгалдандыру
Ауданның 90 ауласы абаттандырылып, 75 кіші сәулет форма объектілері, оның ішінде 6 спорт алаңы орнатылды; 120 жаңа контейнер алаңдары орнатылып, 1 100 контейнерлер ауыстырылды, 15 аулада ішкіорамдық жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді, сонымен қатар Интернациональный т/а және Железнодрожный т/а 3 көшесінде 15 жарық шамдары орнатылды. Жалпы көлемі 89,3 мың ш.м. құрайтын өтпе жолдары мен жаяу жолдарға асфальт-бетонды төсем құйылып, аулалар абаттандырылды, аулаларда 29 жарық тіреулері орнатылды, сонымен қатар , 1685 кесекпен ағаш және 6 747 қ.м. бұта-теректер өсіріп қоршаған шарбақтар, 412 325 ш.м алаңда гүлзарлар жөнделіп, отырғызылды.
Жалпы өткен жылы 23 мың текше метр ірі көлемді қоқыс шығарылды, 134 заңсыз қоқыс орындары жойылып, ауданның шет аймақтарынан 60 мың текше метр қоқыс жиналып шығарылды.
18 шағын бақтарда жалпы көлемі 641 099 ш.м. алаңда қолмен жинау жұмыстары жүргізілді.
Астананың сәулет келбетін келтіру мақсатында,21 ғимаратты декорациялық көмескі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Молодежный, 2а, 3 ықшам аудандарында, Бараев көшесінде және Республика даңғылында ішкі орамдық жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ақбұлақ өзені мен «Жерұйық» саябағында декорациялық көмескі жарықтандырылған 15 мұз мүсін жасалынып, 7 конькиді жалға беру және 2 тамақтану пункттері орнатылды.
Салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлерін дамыту және көпшілікке тарату, жасөспірімдерді спортқа баулу мен тәрбиелеу мақсатында, «Алматы» ауданы мектептерінің аумағында 9 мұз айдыны құйылып, мектеп оқушылары мен шағын аудан тұрғындарының бос уақытын ұйымдастыру үшін конькилерді жалға беру пунктілері орнатылды.
Ауданның әлеуметтік дамуы
Әр мемлекеттің міндетті түрде өз рәміздері, өз нышаны болады, оларды еске алған кезде әр азаматтың жүрек соғысы үдеп, жаны мақтаныш пен абыройға толады. Астана- барлық қазақстандықтар үшін сондай мақтаныш болып табылады. Биылғы жылы еліміз астанамыздың 10 жылдық мерейтойын атап өтті. 10 жылдықты атап өту күндерінде Астана барлық әлем жаңалықтарының орталығында болып, тез қарқынмен дамып келе жатқан қазақ мемлекетінің елордасы атағына ие болды. Астана - ұлттық идеяларды жүзеге асырған, Қазақстанның бетке ұстар мақтанышына айналды. Мерейлі апталықта жаңа монументтер бой көтеріп, саябақтар мен шағын бақтар ашылып, барлық қала алаңдарында концерттер мен жарыстар өтіп, кездесулер мен конференциялар ұйымдастырылды. «Қазақ елі» монументінің ашылуы мерейтойдың басты салтанаттарының біріне айналды.
Астана мерейтойына Қазақстанның барлық облыстары жаңа ескерткіштер мен шағын бақтарды сыйға тартты, солардың 7-еуі біздің ауданда орналасқан. Мерейтойды атап өту барысында, елордамыздың дамуына сүбелі үлес қосқан ауданның 107 тұрғыны мерейлі «10 жыл Астана» медалімен марапатталды.
Ауданда V аудандық спартакиада өтіп, оған «Астана Су Арнасы» МКК, «Астанаэнергосервис» ААҚ, «Астанателеком» ҚТО, «Астана-Теплотранзит»АҚ ұжымдары белсене қатысты. Жарыстар шаңғы, коньки, суда жүзу, дойбы, шахмат, шағын футбол және волейболдан өтті.
Өткен жылы Железнодорожный кентінде өткен есеп кездесулерінде келіп түскен ұсыныстар негізінде биылғы жылы кентте «Алыпсоқ» қазақ шайқас өнері федерациясының бөлімшесі ашылды. «Динамо» спорт кешенінің қолдауымен «Абылай хан» даңғылы 3/2 мекен-жайы бойынша «Арлан» аула клубының ашылуымен аудандағы аула клубтарының саны 8-ге жетті. 2009 жылы тағы да 5 аула клубының ашылуы жоспарланып отыр.
Республика күні қарсаңында ауданда 4 000 орындық Тәуелсіздік сарайы ашылды.
2008 жыл басынан ауданның жалпы білім беретін оқу орындарында 158 интерактивті тақта орнатылды.
Жаңа жыл қарсаңында ауданның қоғамдық мәні бар орындарында 8 шырша орнатылып, концерттік бағдарламалар мен жәрмеңке және баға төмендеуі бойынша акциялар ұйымдастырылды.
Ауданымыздағы көп балалы, жетім және мүмкіндігі шектеулі 300 балаға Бейбітшілік пен келісім сарайында Жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды.
Биылғы жылы алғашқы рет аудан тұрғындары, спорт ұйымдары мен федерациялары, жоғары және арнайы орта білім беру орындарының студенттері мен ҰОС және спорт ардагерлерінің қатысуымен қалалық жаңа жылдық «Жаңа жылға-жаңа табыстармен» эстафетасы ұйымдастырылды.
«Алматы» ауданында жаңа жылда алғашқы болып дүниеге келген нәресте мен анасына құрмет көрсету дәстүрге айналды. 2009 жылдың алғашқы күні ауданда 5 қыз бен 4 ұл дүниеге келді. Алғашқы болып сағат 00:05-те Тойчибековтер отбасында Нұрай атты қыз туды. 3 қаңтар күні Нұрай мен оның анасын Перинаталдық орталықтан шығарып, сәбиге арналған жиынтық пен бесік арба сыйға тартылды
Халықаралық әйелдер күніне орай 1400 көпбалалы аналарға азық-түлік пакеттері сыйға тартылды. Жазғы маусымда «Қазмұнайгазсервис» еншілік кәсіпорнының қолдауымен 60 аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім балаларға Ақмола облысындағы «Сұңқар» лагерінде демалыс ұйымдастырылды, 30 бала Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Орленок» лагерінде демалды.
Халықаралық Қарттар күніне орай Жастар сарайында Астана қаласының мемлекеттік филармония әртістерінің және белгілі қазақстандық орындаушылардың қатысуымен ауданның ардагерлеріне арнап үлкен концерт ұйымдастырылды. 10 қазан – Халықаралық Мүгедектер күніне орай қайырылымдық астары ұйымдастырылып, 500 мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пакеттері сыйға тартылды.
Ауданымызда 2002 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек бойынша учаскелік комиссия жұмыс атқаруда. Жыл басынан бастап 275 отбасы, оның ішінде 852 адам жалпы сомасы 22 млн. 254 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек алуда. 1 151 отбасыға 10 млн.217 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Аудандық Ардагерлер кеңесінің жанынан 24 және тұрғылықты жер бойынша 46 алғашқы ардагерлер ұйымдары құрылған. Ұйым белсенділері халық арасында әлеуметтік қолдау формалары бойынша ақпараттық жұмыстарын жүргізеді.
ҚР Үкіметінің «Тұтынушы нарығында бағаны қалыптандыру шараларының біренеше түрлері туралы» Қаулысына сәйкес ауданда базарлармен бірлесіп, ауылшаруашылық өнімдерінің, қол жетімді бағалармен, жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. «Сарыарқа» ӘКК, «Астана-Ырыс» ЖШС жеміс-жидек өнімдерін сату үшін қазіргі заманға сай сауда павильондарына әрқайсысына 10 орын бөлінді.
Өткен жылы аудан әкімінің аппаратында 231 азамат жеке қабылдауда болған, сондай-ақ 2018 хат пен жүгінулер және заңды тұлғалардан 1231 арыз келіп түсті, олар бойынша уақытылы шаралар қолданды.
Үнемі Астана қаласы мәслихат депутаттарының сайлаушыларымен кездесу ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған кездесулерге қалалық ведомствалар мен қызметтердің, ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының жетекшілері қатысады.
«Алматы» ауданы әкімі С.Ахметов
Достарыңызбен бөлісу: |