Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы,биіктігі және орта сызығы



бет3/4
Дата09.01.2024
өлшемі1.35 Mb.
#488742
түріСабақ
1   2   3   4
Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы,биіктігі және орта сызығы.

Деңгейлік тапсырма:
Кызыл (оңай)
1.Үшбұрыштың төбелерін белгілеп, оның қабырғаларына медианалар жүргізіп әріптермен белгілеп көрсетіңіз.
2.Үшбұрыштың төбелерін белгілеп, оның қабырғасына биссектрисалар жүргізіп әріптермен белгілеп көрсетіңіз.
3.Үшбұрыштың төбелерін белгілеп, оның қабырғасына биіктіктер жүргізіп, әріптермен белгілеп көрсетіңіз

Сары (Орташа) 
DBC тең бүйірлі үшбұрышы берілген. Оның бүйір қабырғалары DB мен BC. BC қабырғасының ортасы- E нүктесі және =2см. Үшбұрыштың табаны бүйір қабырғасынан 1 см кіші. DBC үшбұрышының периметрін табыңдар.

Көк (Қиын) 

 Табаны ВС болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының медианасы АК . Егер АВС үшбұрышының периметрі 32 см, ал АВК үшбұрышының периметрі 24 см болса, онда АК –ны табыңдар

Сергіту сәті:
«Жақсы сөз жарым ырыс»
Оқушылар үшбұрыш болып тұрады. «Үшбұрыштың орта сызығы» терминінің әрбір әрпінен жақсы сөздер айтады.

Жақсы сөз жарым ырыс

Тұжырым

Ақиқат

Жалған

1.Барлық элементтері өзара тең болатын үшбұрыш теңбүйірлі үшбұрыш болады.

2.Үшбұрыш бір мезетте тең бүйірлі және тік бұрышты үшбұрыш болса, онда оның бүйір қабырғасын катет деп атаймыз.

3.Медиана мен биіктіктің ұзындығы кез келген үшбұрышта тең болады.

4.Гипотенузаға қарсы жатқан бұрыштың шамасы 90º-қа тең.

5.Екі бұрышының шамасы 60º-қа тең болса, онда ол тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.

6.Тең қабырғалы үшбұрыштың биіктігі оның биссектрисасы әрі медианасы болады.

7.Үшбұрыш тең бүйірлі және тік бұрышты болса, онда оның кіші бұрышы 30º болады.

8.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 10 см, ал табаны 4см-ге тең. Үшбүрыштың бүйір қабырғасы 6 см болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет