Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы,биіктігі және орта сызығы



бет1/4
Дата09.01.2024
өлшемі1.35 Mb.
#488742
түріСабақ
  1   2   3   4
Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы,биіктігі және орта сызығы.


Ұзақ мерзімді жоспарлау тарауы: Үшбұрыштар Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы:
Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы,биіктігі және орта сызығы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)
    • 7.1.1.14 тең қабырғалы , тең бүйірлі , тік бұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;
    • 7.1.1.12 үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы,биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу.

Сабақ мақсаттары:
    • Барлық оқушылар: Үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктігін,орта перпендикулярын және орта сызығын салады және белгілейді.
    • Көптеген оқушылар: Үшбұрыштың элементтерін пайдаланып есептер шығаруда қолдана біледі.
    • Кейбір оқушылар: Үшбұрыштың бес сызығын өмірде кездесетін үшбұрышты фигураларда қолдана біледі.

Бағалау критерийлері
    • 1.Үшбұрыштарды түрлеріне қатысты ажырата алады
    • 2.Үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктігін, орта перпендикулярын және орта сызығын салады және белгілейді
    • 3.Үшбұрыштардың элементтерін пайдаланып есептер шығарады,өмірмен байланыстыра алады

Тілдік мақсат
Оқушылар:
- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;
- есеп мәтіні бойынша қажетті сызбаны салу жолын сипаттай алады;
- сызбада берілгендерді сипаттай алады;
Лексика мен терминология
- үшбұрыштың медианасы;
- үшбұрыштың биссектрисасы;
- үшбұрыштың биіктігі;
- үшбұрыш қабырғасына орта перпендикуляры;
- үшбұрыштың орта сызығы;
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- үшбұрыштың медианасы ....;
- үшбұрыштың биссектрисасы деп....;
- үшбұрыштартың биіктігі...... перпендикуляр болады;
- үшбұрыштың орта перпендикуляры .....;
- үшбұрыштың ....... оның табанына параллель болады;
- катеттер арасындағы бұрыш...
    • Бейнелеу
    • Үшбұрыштың түрлерін және элементтерін біледі
    • Сын тұрғысынан ойлау,окушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет