1-тапсырма. «Түсінгеніңді тексер» Төмендегі тұжырымдардың ақиқат немесе жалған екенін анықтаңыз (әр топқа 2 тұжырым беріледі):
Қорытындылау. «Себетті жеміспен толтыру». Жеміс ағашындағы жемістерді әр топ таңдайды және сол жемістің тапсырмасын орындайды. Егер тапсырма дұрыс орындалса, жемісті себет ішіне, ал егер тапсырма дұрыс орындалмаса жемісті себеттің сыртына жапсырады.
Үш әртүрлі үшбұрыш салыңыз:
А)тең қабырғалы
Б)тең бүйірлі
С)тік бұрышты (АВС, тік бұрышын С әрпімен белгілеңіз)
Тік бұрышты үшбұрышта:
А)катеті мен гипотенузасын атап көрсетіңіз;
Б)тік бұрышынан үшбұрышқа биіктік жүргізіңіз;
С)А бұрышына іргелес катетке орта перпендикуляр сызыңыз.
Тең бүйірлі үшбұрышта:
А)бүйір қабырғалары мен табанын көрсетіңіз;
Б)үшбұрыш төбесінен бүйір қабырғасына биссектриса жүргізіңіз;
Тең қабырғалы үшбұрышта:
А)үшбұрыш төбесіне медиана жүргізіңіз;
Б)орта сызығын салыңыз;