Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанына пікір
Бөлім:
|
2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Айназарова Г
|
Күні:
|
9.12.2021ж
|
Сыныбы:8 «Ә»
|
Қатысушылар саны:21 Қатыспағандар саны:1
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанына пікір
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
8.3.4.1.шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, шығарманы талдайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Кейбір оқушылар үшін:
өзіндік сыни пікір жазады, ой қорытып, тұжырым жасайды.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
2 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар «Шаттық шеңбері» әдісі бойынша бір-біріне тілектерін айтады. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
7 мин
|
«Сұрақ-менен, жауап-сенен» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1.Поэма оқиғасы қай уақытта, қай жерде болды?
2.Поэманың басты тақырыбы мен идеясы қандай?
3.Поэма кімнің ақыл-кеңесімен жазылған?
4.Еңлік атастырып қойған күйеуін неге өзіне тең көрмеді, менсінбеді?
5.Еңліктің іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар?
6.Кебек қыз сөзіне неге бірден келісім бермеді, өзінің сезімін білдірмеді?
7.Еңлік пен Кебектің қашып кетуіне не түрткі болды?
8.Дастандағы алғашқы талас-тартыстың шығу төркіні неде?
9.Поэманы сендер қалай аяқтар едіңдер?
10.Пролог және эпилог деген не?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |