Сабақтың тақырыбы: Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары 2-сабақ



Дата15.01.2024
өлшемі31.21 Kb.
#489104
түріСабақ
2-сабақ Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары


Мұғалім: Томанбаева Алия Габитовна

Сабақтың тақырыбы: Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары 2-сабақ

Сабақтың реті: Қазақстан тарихы 5-сынып, 3-тоқсан 2-сабақ

Уақыт

Спикер мәтіні

Слайд

00:00
00:00

Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Бүгін Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары тақырыбын жалғастырамыз.
Бүгінгі сабақта:
Шілікті қорғанын сипаттайсыз;
Шілікті, Бесшатыр патша қорғандары екендігін дәлел келтіресіз.

1-слайд

2-слайд




01:00-01:00

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ұзындығы 80 ені 30 шақырым кеңістікті алып жатқан Тарбағатай жазықтығының тамаша табиғатында Шілікті қорғаны орналасқан. Ондағы 300 ден астам обаның 51-і үлкен патша қорғандары деп аталды. Шілікті қорымдарын зерттеген Ә.Төлеубаев бастаған қазақстандық ғалымдар 2003 жылдан бері зерттеуде.

3-слайд



01:00-02:00

Шілікті қорғандарының ішіндегі ең ірісі Бәйгетөбеден қызықты археологиялық жәдігерлер табылған. Ол б.з.д 8 ғасырға жатады. Оның биіктігі - 7,9 м, диаметрі – 99 м. Ол 3-4 қабатты үйдің биіктігіндей.
Бәйгетөбе құрылысы күрделі, 3 қабатты үйіндіден тұрады. Ағаш бөренелерден лақат және жерасты дромос жолы жасалған.

4-слайд



02:00-03:00

Археологтар Бәйгетөбеден 4303 алтын жәдігерлер тапты. Оның көпшілігі аң стилінде жасалған.
Обадан маска, самрұқ, бұғы бейнесіндегі алтындар, қасқыр және арқар бейнелі қаптырма табылды. Бұдан басқа қоңырауша сияқты, кеңірдекше тәріздес алтын, алтын тілікше, алтын сым, жарты шарға ұқсаған салпыншақ, ұсақ кеңірдекке тәрізді алтын тізбе, шығыршық тізбе және кішкене қапсырма шеге табылды.

5-слайд



03:00-04:00

Сондай-ақ Бәйгетөбеден табылған «Шілікті алтын адамы» құнды археологиялық жәдігер ретінде танылған. Обадағы мәйіт қарағайдан соғылған табыттың ішіне қойылған. Адамның қаңқасы толығымен сақталған. Қазақстан жерінде табылған «Алтын адамдардың» ең көнесі.
Адамды сом алтыннан құйылған қаптырма, әшекей түймешектермен безендірілген киімімен жерленген.
Киімінің алтын қаптырма – түймешектерінің барлық саны 4303 данадан тұрады. Олар аңдық стильде құрылған.



6-слайд



04:00-05:00

Табылған жәдігерлердің арасында 5 жұлдыз бейнесіндегі түйме қапсырма ғалымдардың ерекше қызығушылығын туғызған. Ғалымдар бесжұлдыз патша билігінің белгісі деп есептейді.



7-слайд



05:00-06:00

Арқар бейнесі сомдалған әшекей.
Құйма сом алтыннан жасалған. Бәйгетөбе жәдігерлерінің ішіндегі ірісі, салмақтысы. Оны киімге тағылатын қапсырма-әшекей ретінде қолданған, артқы жағында екі ілгегі бар.
Арқардың көзі, құлағы, тұмсығы, аузы, тұяқтарына көгілдір ақық тас орнатылған.



8-слайд

06:00-07:00

Сонымен Бесшатыр мен Шілікті қорғандары – патша қорғандар болып табылады. Құрылыстары үлкен және күрделі. Бесшатыр қорымдары меңгір тастармен қоршалған. Ол тастар сол замандағы сақтардың мәртебесіне қарай қойылған. Ал Шілікті қорғанынан табылған бесжұлдыз патша билгінің белгісі саланған.
Қорғандардан мәйіттермен бірге көптеген алтын бұйымдар табылған.



9-слайд



07:00-07:00

1-тапсырма

10-слайд



08:00-09:00

Жауабы

11-слайд



09:00-09:00

2-тапсырма

12-слайд

09:00-10:00

Жауабы

13-слайд



10:00-10:00

3-тапсырма

14-слайд



10:00-10:00

Жауабы

15-слайд



10:00-11:00

Қорытынды
Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта Шілікті қорғанын сипаттадыңыздар. Қорғаннан табылған археологиялық жәдігерлерге тоқталдық.
Бесшатыр, Шілікті археологиялық ескерткіштерін салыстыра алдыңыздар.
Шілікті, Бесшатыр патша қорғандар екендігін дәлел келтірдіңіздер.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

21-слайд

11:00-11:00

Үйге тапсырма





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет