Сабақтың тақырыбы Су мен балық Шона Смаханұлы Smart-мақсат



Дата05.07.2016
өлшемі71.15 Kb.
#180206
түріСабақ
Әдебиеттік оқу


Мұғалімнің аты-жөні

Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы

Қызылорда қаласы №7 орта мектеп 4 «Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы

Су мен балық Шона Смаханұлы


Smart-мақсат:

осы сабақ барысында оқушылар өлеңді оқып, мысалдың сюжетін адамның мінез-құлқымен байланыстыру. Ойқорыта білу дағдыларын, елестету қабілеттерін жетілдіру

Күтілетін нәтижелер

а) тапсырмалар орындау арқылы оқушыларды ізденіске дағдыланады

ә) оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындау үшін ізденеді

б) өлеңді өз бетімен оқып, өзара талдап қорытынды жасайды


Стратегиялық іс әрекет

«Миға шабуыл», «Ой қозғау», «ДЖИГСО» әдісі. «Жұптас – ойлан - бөліс», «топтық бағалау»

Ресурстар

Шона Смаханұлының суреті, мысал бойынша салынған сурет, күйтабақ., постер, маркер, смайликтер, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар

Сабақтың барысы

Уақыт өлшемі

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс - әрекеті

2 мин

4 мин


2 мин

29 мин


2 мин

2 мин


2 мин

2 мин



Қызығушылығын ояту
Үй жұмысын тексеру

Ой қозғау

Мағына-ны тану

Сергіту сәті


Рефлексия
Үйге тапсырма

Бағалау

Үстел үстіндегі түсті қағаздағы сандар бойынша сынып оқушыларын төрт топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, сабақтың әр кезеңінде олар бағалап отырады.

1-топ. Сары түс - бірліктер

2-топ. Қызыл түс - ондықтар

3-топ. Жасыл түс - жүздіктер

4-топ. Көк түс – мыңдықтар.

-Үйге берілген тапсырманы мәтін желісі бойынша құрап келген диафильмдеріңнен байқайық. Үш топ басшылары өз тобынан бір спикерден шығарып, топтың атынан бір диафильмдерін бізге баяндап берсін. «Бас бармақ»әдісімен бағалау. –Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз не жайында екендігін білу үшін тапсырмалар орындайық. Құпия шарды жарайық, Таң тамаша болайық. Ішіндегі жұмбақтың Шешуін тез табайық.

1-топ. Жұмбақ шешу.

1.Бет көретін айнам,

Тауып алдым сайдан. Жауабы: су

2-топ. Қима қағаздардағы өлең жолдарын ұйқастырып, ондағы жұмбақты құрап, шешу. Шаңқ-шұңқ еткен үні жоқ, Сусыз оның күні жоқ Жүріп кетсе соңында, Қалып жатқан ізі жоқ.

Бұл не? Жауабы: балық

3-топ


Ребус шешу. 4-топ. Шатасқан әріптер арасынан адасқан сөздерді тап. \аблруаторлсулогшдменкрошщзбалықэзяю\ -Сонымен, бүгін біз Ш.Смаханұлының «Су мен балық» мысалын оқып танысамыз. Шона Смаханұлы Тараз облысында туған. (1924-1988) Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі қазақ ақыны, сатирик (сыншы)
Мысал дегеніміз не? Мысал – қызықты қысқа шығарма. Мысал өлеңмен  де, қара сөзбен де жазылады. Бүгінгі танысатын мысал  мақтаншақ балық туралы . Бұл мысал өлеңді жазған белгілі сықақшы – Шона Смаханұлы .  Мысал көбіне жағымсыз әрекетті сынауға, шенеуге құрылады, мысалда нақыл сөз болады.

Мысалды әр топтан 1 оқушыдан «Ыстық орындыққа» отырып, дауыстатып мәнерлеп оқыту. Топтарға тапсырма. - Бөліктерге бөліп оқыту 1. Жеке. 2. Жұпта. 3. Топта. 4. Ортаға салу. ( Жауапты тыңдау)

Сөздік жұмысы * Тәкаппар – мақтаншақтық * Құрлық – сусыз жер * Даттапты – жамандады * Өңеш – қорек өтетін жол * Желбезек –  тынысалу мүшесі Жүзбеқанат – балықтың  қозғалу мүшесі. п. «Саяжайдағы орнытоп. Түсінік беру. Мысалды дауыстап оқып бере тұрып, түсінік беру. Бірнеше оқушыға дауыстап тізбектеп оқыту. Мысалдың мазмұнына тиісті ең негізгі тірек сөзді айтамыз. Балық. Балықтың басынан өткен жағдайды, слайд бойынша мазмұнын айтқызу.
Мысалды оқиға желісіне қарай бөліктерге бөлеміз.
Әр шумаққа ат қою. Мысалы:
1.Мақтаншақ 2.Тулаған теңіз
3.Балықтың қиналуы. 4.Балықтың зары мен өкініші
- Қателігін кеш түсінген балыққа қалай көмектесе аламыз? Оны жарнама жасау арқылы өз теңізімізге шақырып, құтқарайық.
1-топ. Каспий теңізі 2-топ. Арал теңізі 3-топ. Балқаш көлі 4-топ. Сырдария өзені

«Лото» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу. Ақын балықтың мінезін сынау арқылы не айтпақ болды деп ойлайсың? Мысалдың басқа шығармалардан қандай айырмашылығы бар? Мысал өлең сені қандай ойға қалдырды? Балық қалай мақтанды? Балықтың мақтанғанына теңіз қалай жауап берді? Қол шапалақтау ақылы бағалау



Сергіту сәті. Көңілді би арқылы балықтың көңілін көтерейік.

Топтарға тапсырма. 1-топ. Су жайлы мақал-мәтел жазыңдар. 2-топ. Балық құрылысын сызбаға жазып көрсетіңдер. 3-топ. «Сыр сандық» әдісі 4-топ. Балықтың өкінішін білдірген шумақты тауып, мәнерлеп оқыңдар.



Қол шапалақтау арқылы бағалау

Пысықтау сұрақтары. Топпен жұмыс.



1-топ. Балықтың пайдасы жайлы әңгімелеңдер.

2-топ. Балықтың көзі туралы не айта аласыңдар?

3-топ. Балықтың тыныс алуы үшін не қажет?

4-топ. Не себепті адам балық сияқты суда тіршілік ете алмайды?

- Сендерге өлеңдегі балық ұнады ма? -Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер? -Қай жері түсінуге қиындық келтірді? Мақалмен аяқтау: «Балық сүйексіз болмас, Адам қателіксіз болмас». Яғни, әр адам баласы қателеседі, бірақ сол жіберген қатені дер кезінде біліп, жоюға тырысу керек. 1. Мысал өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. 2. «Балықтың жалынышты үнін естіген Теңіз ...» деп, Балықты қиындықтан құтқарып, мысалды ойша жалғастырып аяқта. Топ басшыларының өзара бағалау парағы бойынша бағалау


Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады

Диафильм желісі арқылы үй тапсырмасы пысықталады


Топтар шығармашылық тапсырмалар орындайды
Жұмбақтар шешеді

Ребус шешеді


Әріптер арасынан мағыналы сөздерді табады

Автор жайлы кіріспе сөз болады, мысал туралы мағлұмат беріледі.

Мәнерлеп жақсы оқитын оқушылар оқиды

Мысал төңірегінде жұмыс жүргізіледі

Бөліктерге бөлініп, әр шумаққа ат қояды

Әр топ өздері теңіздің атын жазып жарнамалайды

Ұтыс шыққан нөмірлер ойынға қатысып, сұрақтарға жауап береді

Топтар сұраққа жауап бере отырып, аквариумға балықтарын жапсырмалайды



Өзара бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет