Мектеп:
|
Д.Снегин атындағы №30 мектеп-гимназия
|
Сынып:
|
9А
|
Күні:
|
14.12.2022
|
Мұғалімнің аты жөні:
|
Абдра Абдраман Ақниет
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Тәуелсіздік -деп соғады жүрегіміз»
|
Сабақтың мақсаты:
|
1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту;
2. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру;
3. Туған жерін,елін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Басы
|
Оқушылармен амандасу
Психологиялық ахуал туғызу.
Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мерекелі жыл.
Биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз 30 жыл күллі қазақтың арман – тілегін аспандатқан, бабаларымыз бен әкелеріміздің аңсаған арманы орындалған жыл, ұлы мерекеміз құтты болсын!
Балалар, тәрбие сағатымызды жалғастыру үшін жүргізушілер Али мен Адемаға сөз кезегін берейін.
1-жүргізуші: Ал енді бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың мақсатына тоқталсақ.
2 жүргізуші: Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту;
2. Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру;
3. Туған жерін,елін, әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу
1-жүргізуші: ҚР ның «Мемлекеттік әнұраны» орындалады.
|
Презентация
Суреттер
ҚР Мемлекет
тік Әнұраны
|
Ортасы:
Тыңдалым
|
2. Желтоқсан - тәуелсіздікшежіресі.
1 оқушы: XXI ғасыр –білім ғасыры.Біздің сыныптың ұраны: Тәуелсіздіктің тура жолы -білімде.Біздің алға қойған мақсатымыз: өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
1 жүргізуші: Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.1991жылы 16желтоқсан-тарихтағы ұлы күн.Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді.Азаттық үшін күресте талай қиындықты бастан кешірді.
2-жүргізуші: Енді ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының шежіресіне ой жіберелік.
2 оқушы: 1986жылы16-желтоқсан ызғары қазағымның басына ауыр соққы болғаны барлығымызға мәлім.
Талай жалындаған жастар сол жолда жанын қиды. Өз елі, жері үшін күресті. Тәуелсіздік туын аспанға көтеру үшін шеруге шықты.
3 оқушы:Желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шахановтың мәліметі бойынша 8500 адам ұсталып,1720 адам жарақат алған, 1200 адам жұмыстан қуылған, 246 студент оқудан шығарылып, 99 адам сотталып,оны 2-і өлім жазасына кесілді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |