Сабақ барысы: Сабақ кезеңдері



бет1/2
Дата23.02.2022
өлшемі25.53 Kb.
#455684
түріСабақ
  1   2

Сыныбы:7а-9а







Сынып сағаты

«Қарттарым -асыл қазынам»

Мақсаты

Оқушылардың бойына үлкенді сыйлап,құрметтей білуге, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Оқушы бойына қайырымдылық қасиеттерді сіңіру.

Күтілетін нәтижелер

Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;
Қайырымдылық тақырыбын меңгереді.
Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар



Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)

Тұсаукесер
(5 мин.)



1.Оқушылармен амандасу.
- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
2. Тренинг арқылы 2 топқа бөліп алу. Ол үшін оқушылар стикерге жазылған қайырымдылық,қамқорлық тақырыптарын таңдап алады.
І топ. «Қайырымдылық»
ІІ топ. «Қамқорлық»
3.Ынтымақтастық атмосферасы.
Үлкенге де “сіз”
Кішіге де “сіз”
Бар адамға құрметпен
Бас иеміз біз

Сабақтағы жақсы көңіл күй. Әдемі тілектер айту. 2 топқа парақтар таратылады, олар бір-біріне арнап тілектер айтады..




Ой қозғау.
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1) – Қазына деген не?
2) Отбасымыздағы үлкен,қадірлі адамдар кімдер?
3)Ал,сіздердің үйлеріңізде ата-әжелеріңіз бар ма?
4)«Қарты бар үйдің,қазынасы бар»дегенді қалай түсінесіңдер?
-Жақсы балалар, міне біздің асыл қазыналарымыз,байлығымыз - үйдегі бізге ақыл,кеңес беріп отыратын үлкен ата-әже,ата-аналарымыз. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, Адамға жақсылық жасау,қайырымдылық ,құрмет көрсету, олардан өнеге алу біздің ата бабамыздан келе жатқан тәрбиеміз,салт-дәстүріміз. «Қарты бар үйдің,қазынасы бар» деген керемет қанатты сөз бар халқымызда. Ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қарттарым – асыл қазынам» деп аталады.Бәріміз білеміз 1 қазан қариялар күні.Қазан айы - қайырымдылық айы.
Сабағымыздың мақсаты: Үлкенді сыйлап,құрметтеу,қайырымды болу деген жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру.
Сабақ барысы айтылады.
- Балалар, қазір назарларыңа шағын слайд ұсынамыз.
Міне,өздеріңіз көргендей сәби кезімізден бағып-қағып өсірген ата-анамызды үлкейіп,қартайған кезде бізде оларды бағып,киіндіріп, ренжітпей, еркелетіп,бар мүмкіндігін жасау керек екенбіз.

Мұғаліммен амандасады.

Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.


Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.

Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.


Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.
Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.



Негізгі бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет