Мерзімі : Сыныбы: 2/5
Тоқсандық тақырыбы: Ақыл , Нақыл , Өсиет .
Сабақтың тақырыбы: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың міндеті: Оқушыларды ақын , жыршы - жыраулардың
терме – толғауларын тыңдай отырып,
оның мазмұнының талдау,
айырмашылығын білуге баулу.
Білімділік мәні : Оқушылардың санасына жыр дәстүрінің қазақ
топырағында даму, қалыптасу, сақталу жайлы
түсіндіру,ән айту дағдыларын қалыптастыру,
ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік мәні : Адам бойындағы құндылықтарды терең
бойлап , жаманнан қашық –жақсыға асық
болуға жыр үлгілері арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні : Дәстүрлі ән айту дағдыларын, есте сақтау ,
есту , тыңдай білу , ырғақты
сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу,
шығармашылық жұмыс жүргізу.
дауыс ашу, әндету, талдау, ойларын
ортаға салып сұхбаттау.
Сабақтың көрнекілігі: Магнитофон таспасы ,аудио ,видио
таспалары күй сандық,
әннің әуені, нотасы жазылған
плакат және буклеттер. .
Қолданылған оқу -әдістемелік әдебиеттер :
«Музыканы оқыту әдістемесі»
« Музыка» оқулығы 3 сынып
«Атамұра» бағдарламасы.
Авторлары: Ш.Құлманова, М.Оразалиева. Б.Сүлейменова.
.
№
|
Сабақ барысы
|
Уақыты
|
Жоспары
|
1
|
Ұйымдастыру
|
2 минут
|
Сәлемдесу,әнұранәндету.
|
2
|
Өткен сабақты сұрау
|
4 минут
|
Базар жырау термесі .
|
3
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
8 минут
|
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
|
4
|
Музыкалық тыңдау
|
3 минут
|
Жастарға өсиет.
|
5
|
Әндету
|
8 минут
|
«Кел , балалар , оқылық» әні
|
6
|
Шығармашылық жұмыс
|
3 минут
|
Ыбырай Алтынсарин (реферат)
|
7
|
Музыкалық сауат ашу
|
7 минут
|
Нота ұзақтығы ,жартылық , төрттік ноталар.
|
8
|
Қорытындылау
|
5 минут
|
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы.
|
9
|
Бағалау
|
3 минут
|
«5»,- «4»,- «3»-.
|
10
|
Үйге тапсырма
|
2 минут
|
54 – 55- 56 бет
|
Сабақтың барысы :
- Саламатсыңдар ма балалар ?
- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы :
« Тұрмағамбет Ізтілеуұлы»
- Қанекей балалар кім айтады? - Терме дегеніміз не екен ?
- Терме тыңдап көргендерін барма?
- Жақсы жарайсыңдар ,
- Өткен сабақта қандай термемен таныстыңдар?
- Иә, Бұқар жыраудың термесі , Махамбеттің термесі , Базар жырау термесі сендерге ұнады ма?
- Т е р м е дегеніміз ақылы мен нақылы бар өлеңді әуен.
- Терме атауы қазақтың «тер» , «теру» сөзінен шыққан екен.
- Терме 7,8 буынды жыр үлгісінде болады .
- Онда күнделікті тұрмыс – тіршілікке қатысты жайттар
айтылады.
- Термені орындайтын адамды термеші деп атайды.
- Қандай термешілермен таныстыңдар ?
- Жарайсыңдар !
Ал бүгінгі сабағымыз да біз Сыр бойының атақты ақыны, бүкіл қазаққа аты мәлім болған Тұрмағамбет Ізтілеуұлының мұрасымен танысамыз .
Терме түрінде толғаулар ғана емес , танымдық , тәрбиелік мәні бар арнау , өсиет өлеңдер , айтыстар да жырлана береді .
Бұған Тұрмағамтеттің шығармашылығы дәлел болады.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882 – 1939) Қызылорда облысы , Қармақшы ауданында туған . Ақын ертеректе жазған өлеңдерінде
(«Ұстаз ұсынысы» , «Шәкірттерге», « Балаларым» ) ел – жұртты өнер - білімге , еңбек етуге шақырады .
Сондай өлеңдерінің бірі - «Жастарға өсиет».
Музыкалық шығарманы тыңдау :
Жастарға өсиет»
Тұрмағамбет
Шырын сөз ,шырайлы жүз болсаң палдай,
Боларсың бұлт шөгетін биік жалдай .
Басыңа бақ бүркіті балапандап ,
Талпынып аңға ұмтыллар аңдай – аңдай .
Шығармашылық жұмыс : (Ізденіс жұмысы)
Ыбырай Алтынсарин
Ағартушы -
Педагог –
Ақын –
Жазба әдебиеті -
Қырғыз хрестоматиясы -
Дауыс ашу жаттығуларын орындау.
* Әннің әуенін таза , дыбыс биіктіктерін анық сезе
отырып орындау керек.
* Әнді айқайламай , мәнерлеп тұрып айт.
* Өз даусыңды тыңда.
* Даусыңның әдемі естілуін қадағала.
Ән не туралы айтылатынын ойла.
Мәнерлеп айтуға және динамикалық белгілерді
орындауға тырыс.
Әндету :
Кел, балалар , оқылық !
Ы. Алтынсарин . Л. Хамиди.
Сиса көйлек үстінде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған....
Өнер - білім бәрі де
Оқу менен табылған .
Оқысаңыз , балалар ,
Шамнан шырық жағылар ,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей – ақ табылар .
Кел , балалар оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Музыкалық сауат ашу :
Нота дыбыстарының бірыңғай ұзақ немесе қысқа болып, белгілі заңдылығы , саналу реті бар.
Бүтін нота - саналу реті О (1- ге , 2- ге, 3- ге ,4- ке.)
Жартылық нота - саналу реті о/ - (1- ге, 2- ге .)
Төрттік нота - саналу реті о/ - ( 1-ге)
Қорытындылау:
Тұрмағамбет шығармашылығының ерекшелігі.
«Жастарға өсиет» термесің талдау.
Махамбет Өтемісұлы туралы не білесің?
Мхамбеттің өзіне таныс күйін ата. (Жұмыр қылыш)
Бұқар жыраудың қандай термесің білесің?
Терме қай жанрға жатады?
Тыңдаған термелерден қандай әсер алдың?
Терме , толғау , арнау орындаушыларын қалай атайды?
Үйге тапсырма:
* Тұрмағамбет Ізтілеуұлы .
* Махамбетің термесін жаттап келу.
* «Әр нәрсенің парқы бар» термесін қайталау .
* Білетін термелерді өз мақамына салып әндету.
* Музыкалық сауат ашу ережелерін жатқа білу.
Достарыңызбен бөлісу: |