Жыраулар философиясы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата05.04.2024
өлшемі1.55 Mb.
#497752
  1   2
жыраулар поэзиясы



Философия каферасы 
аға оқытушы, PhD
Рауан Кемербай 


Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, пәлсапалық ойлары – Қазақ 
философиясының қалыптасуына өте көп әсер етті. Ақын, жыраулардың жыр 
жолдарында қоғамның өзекті деген мәселелері арқау болды. Жыраулардың 
дүниетанымы кең әрі жан-жақты болып қалыптасқан. 
Қазақ халқының тарихында XV ғасырдан бастап, XVIII ғасырға дейінгі 
аралықта жыраулық пәлсапа өте қатты қарқын алып, кең қанат жайды.
Қазақ ақын-жырауларының мұралары халықтың ауыз әдебиетімен, әдет-
ғұрпымен, тарихымен, діні, ділі, мәдениетімен, салт-санасымен өте тығыз 
байланыста өрбіді.


Қазақ философиясының қайнар көзінде поэзиялық мәтіндер жатқандығы 
тарихтан белгілі. Аңыз, мифологияда, мақал-мәтелдерде, поэзияда 
дүниетанымдық ойлар орын алған. Терең танымдық дүниелер сипатталып, 
көркем тілде айшықталды. Соның негізінде «Жыраулық философия» 
кеңінен қанат жайды. Жыраулардың дүниетанымдық шығармаларының 
негізінде өмірдің мәнін түсіну (экзистенциализм) мен табиғатпен 
(натурфилософия) бірге болу үндесіп жатты. 
Жыраулардың бір ерекшелігі турашылдығында. Дүниені, 
оқиғаны, заманды қалай көріп тұр, сол қалпында беретіндігі. 
Жаға жыртысып, дауласып жатпайды. Жырды төгіп-төгіп 
жөнімен жүре берген. Өмірдің мәнін іздеп, үнемі ізденісте. 
Оларда шекара деген болмаған. Халық ауыз әдебиетінің ерекше 
дамығандығын осындай көріністерден байқаймыз. 


Сол замандардан қалған ескерткіш, таңба десек те 
болады. Егер, осындай жыр, өлең, толғаулар болмаса біз 
сол заманның тыныс, тіршілігін біле алмас едік. 
Сондықтанда, бізге жеткен рухани жәдігерлерді 
ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде қалдырып, байыта 
түсуіміз қажет деп санаймын. Заманның сөзін сөйлеп, 
жырын жырға қосатын ойшыл, тұлғаларымыздың 
болғаны үлкен олжа.
Қазақ тарихындағы жыраулар дүниетанымындағы 
адами құндылықтардың болмысын ашып көрсету 
арқылы, олардың ойларындағы ұлттық ой-сананың мәні 
мен елді біріктірудегі рухани негіздерді танып біле 
аламыз. Қазақ тарихындағы би, шешен, жырау, 
ақындардың жыр, өлеңдері қайталанбас мұра.


Жыраулар – қазақ ауыз әдебиетінің ақылгөй даналары. Заманның 
зарын, мұңын, қуанышын жырға қосып айтуды дәстүрге 
айналдырған. Әр жыраудың өзіндік стилі, ырғағы, мотиві өзгеше. 
Жыраулар – хан сарайының белді мүшесі, ханның ақпараттық 
саясатын жасаушылар.Жыраулар адамның өмір туралы, өмірдегі 
оның орны туралы ойлануға, рухани жетілуге шақырады, өз өмірін 
анықтау, мәнді өмірге жету әр адамның өз қолында деп түсіндіреді. 
Өмірге адам болып келдің бе, адам болып өмір сүр, адамшылық 
қасиеттерді бойыңа жина, сонда мәнді өмірге жетесің деп бізді 
үйретеді.
Намысыңды қайрап, бойыңа рух беретін жыр жолдары жас ұрпақтың 
бойына елдік, ерлік сананы оятатындығы анық. Жырауларымыздың 
рухты жырлары қаншама ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бізге 
жеттіСолардың ішінде жыраулық институттың орны ерекше. «От 
ауызды, орақ тілді» жыршы, жыраулар заманның шынайы бейнесін 
суреттеп, жырға қосқан. Ұлы даланың кең байтақ даласында 
ізгіліктің дәнін сеуіп, білім, ғылым игеруді, «толық адам» болуын 
насихаттады. 


Енді осы жыраулар туралы айтқан ғалымдардың тұжырымдарына тоқталайын:
«Халықтың ұзақ замандарда бастан 
кешіргендерінің «ауызша» таралған 
көркем тарихы – дастандар, толғаулар, 
термелер ғасырлар үнін жеткізген, 
бұрынғылардың бүгінгілерге қалдырған 
аманаты, ескірмейтін ескерткіші десек, 
сол қазынаны сұлу сазға бөлеп 
орындаушы ақын, жырау, жыршы, 
термешілер еңбегі қалай көтеріліп 
қастерлеуге де лайық»
Рахманқұл Бердібай. Түбі бір түрікпіз. – 
Астана: Фолиант, 2002. – 344 б.
«Жыраулық философия – халық мәдениетінің төл 
басы ғана емес, іргетасы. Халқымыздың дәстүрлі 
мәдени өрбуінің басты ерекшелігі – рухани 
мәдениетің кейбір салаларының материалдық 
мәдениетке қарағанда біршама озық түсуі. Бұл 
айтылып жүрген белгілі жай. Ал ілкі қазақ 
өнерінің тәжі – сөз өнері, поэзия. Алайда поэзия – 
тек әдеби дәулет қана емес, философия тарихы, 
қазақы ой тарихының бастамасы. Ол – әлеуметтік, 
философиялық, тарихи, эстетикалық, адамгершілік 
ақыл-ойдың 
тоғысқан 
жері... 
Бүгінгі 
тәуелсіздігіміздің кемелденуіне поэзиямыздың 
кешегі нұсқалары әлі де үлгі тұтарлық мұра 
болуында осындай сыр жатыр»
Сәбетқазы Ақатай. Қазақ даласының ойшылдары. 
XVI-XVIII ғғ. – Алматы, Философия және 
саясаттану 
институты 
компьютерлік-баспа 
орталығы, 2001. – 160 б. 


«Жырау қазынасы – ұлттық құндылық. Оның жан 
дүниесіне жақын ұлттық рухтың үнін жеткізетін 
жырау идеясы елдің тұлғалануы үшін жаратылған 
күш. Адам баласының рухани қалыптасуының, 
әлеуметтенілуінің қозғаушы күші – бұл қажеттілік. 
Сол қажеттіліктерді жүзеге асыру бағытында адам 
өзінің тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты 
жырау ел ішінен шығып халық алдына кездейсоқ 
келетін адам емес, жырауды халыққа ұстаз қылатын 
оның рухы. Жырау заманалық білімнің иесі
Жазира Ошақбаева. Шалкиіз жырау – ұлттық рухтың 
жаршысы //Қазақстанның рухани өмірі: тарих және 
қазіргі заман: сб. междунар. науч.-теорет. конф. – 
Алматы, 2015. – Б. 319-326.


«Әйгілі абыз-жыраудың идеялары мен ой-толғаулары қазақ халқының 
тарихи жадында мәңгі сақталып, қазақтардың рәміздері мен бағыттарына із 
қалдырып, қазақ философиялық ойының бастауына айналды. Қорқыт Ата 
әуендері мен философиялық пайымдауларын ХІІІ ғасырда – Кетбұға, ХІV 
ғасырда – Сыпыра жырау, XV ғасырда – Асан қайғы, XVIII ғасырда – Бұқар 
жырау және басқа да қазақ даласының көптеген ақын, жыраулары 
жаңғыртып, әрі қарай дамытты.
//Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін). 5-том. 
А.Х. Бижанов және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: 
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты, 2017.«Тарихи 
деректерге қарағанда жыраулар ақындардың ең көне типi деп есептеуге 
болатын сияқты» - деп көрсетедi.
//Е. Ысмайылов. Ақындар. – Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет 
баспасы, 1956. – 340 б. 23 Марғұлан Ә.О. Қазақ халқының тарихы 


«Жыраулар әр заман халықты сарқылмас ойға, адамшылық 
қасиетке, игi iстерге, жаратылысты бiлуге шақырады. 
Осыған орай олардың шығармаларында халыққа арнап 
айтылатын тәрбиелiк ойлар, терең ақылдар өзiнiң келiстi, 
сұлу түрiнде Қазақ жыраулары дүниетанымын зерттеудің 35 
ғылыми негіздері төгiлiп, сай суындай ағылып, тасқындап 
отырады. Олардың түбегейлi ойы халыққа үлгi беретiн 
нақыл сөздер, әдемi ойлар»
// Әлкей Марғұлан. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: 
Жазушы, 1985. – 367 б.


Қазақ жырауларының шығармашылығын М. Жармұхамедов үш кезеңге бөледi:
• Жыраулық дәстүрдiң негiзiн қалаған алғашқы 
өкiлдерi – Қорқыт, Аталық (Кет-Бұға) және 
Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуiр ХI- ХIV 
ғасырларды қамтиды. 
Бірінші кезең 
• Жыраулықтың қалыптасу кезеңiне Асан қайғы, 
Қазтуған, Шалкиiз, Доспамбет шығармалары 
кiредi. Мұның кезеңi ХV-ХVI ғасырлар. 
Екінші кезең 
• Жыраулықтың әбден толысып, кемелденген 
кезеңiндегi өкiлдерi: Үмбетей, Жиембет, 
Тәттiқара, Ақтамбердi, Бұқар жыраулар 
құрайды. Бұған ХVІІ-ХІІІ ғасырлар жатады. 
Үшінші кезең 
Жармұхамедов М. Көненің көзі. – Алматы: Санат, 1996. –144 б 


«Қазақ ақындары мен жырауларының көзқарастарында философиялық-
әлеуметтану мәселелерімен бірге саяси, сондай-ақ, құқықтық идеялар 
арасында алшақтық жоқ, мұның бәрі біртұтас тараптар мен аспектілерін 
ұсына отырып, өзара тығыз байланысады. Бірақ, оның өзегі адам және 
оның этикалық келбеті, сезімдері мен мұраттарының әлемі, өмірінің 
мақсаты мен мәні екені сөзсіз. Ойшылдар мағынасыз соғыстар туралы. 
Еліміздің рухани жаңғыруы аясындағы қазақ халқының... ойлады, 
адамдардың бейбіт және тыныш өмірін армандады, халықтың күйреуі мен 
кедейлігі туралы терең толғаныспен жазды. Қазақ ойшылдарының 
поэтикалық түрде жазылған философиялық толғаныстары адамды 
биіктетіп, оны күнделікті өмірден жоғары қойды»
// Гүлнар Барлыбаева. Философская этика казахов / Под общ.ред. А.Х. 
Бижанова. – Алматы: Институт философии, политологии и 
религиоведения КН МОН РК, 2018. – 274 с.


Адамның дүниедегі құбылыстарды қалай 
қабылдауына байланысты оптимист немесе 
пессимист болып бөлінетіндігі анық. 
Пессимистер зар заманынан кейін ақырзаман 
болатындығына сеніп өмір сүреді. Болашақта 
заманның түзелетіндігіне күмәнмен қарап, 
өмірден баз кешіп, қайғы-мұңға батады. 
Сондықтан, болар жыраулар философиясындағы 
дүниеге көзқарас болашаққа деген 
алаңдаушылықтан туған. Олар реалистік 
бағыттағы ойшылдар. Елдің, жердің тағдырына 
сары уаймшылдыққа беріліп, болашаққа үмітпен 
қараған. Дүниені қатып қалған емес үнемі 
өзгерісте болатындығына иланған. Сол 
өзгерістерден жақсылық күткен. Бұндай астарлы 
ой антика, ортағасыр, қайта өрлеу замандарында 
кездеседі. 


Жыраулар тақырыбында қалам тербеп, зерттеулер жүргізген ғалымдардың 
еңбектеріне тоқталайын:
1. Турсынов Е., 
Жыксылыков А., 
Наурызбаева А., 
Жанабаев К., Акберді 
У. «Жырау: статус, 
функция, культура, 
мировоззрение». 
Семей, 2017.
2. Турсунов Е.Д. 
Возникновение 
баксы, акынов, сэри 
и жырау. – Астана: 
ИКФ «Фолиант», 
1999. – 268 с. 
3. Ошақбаева 
Жазира. Жыраулар 
даналығы. 


Жырау философиясының белді өкілі, ойшыл, жырауларға 
тоқталайын: Жыраулардың ішінде Шалкиіз Тіленшіұлы /1465-
1560/ жыраудың орны ерекше. Терең ақыл иесі Шалкиіз 
ойларының өміршеңдігі, өзектілігі жоғары болған.
Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: 
«Шалкиіз – новатор еді»,–дейді. «Ол қазақ 
поэзиясындағы 
философиялық 
бағыттың 
негізін салды. Бұл тұрғыдан алғанда, 
Шалкиіздің қазақтың барлық жырауының 
атасы деуге болады» - дейді.
/Мұхтар Мағауин. Қазақ хандығы дәуіріндегі 
әдебиет. 1992, 55 бетте/ 


Өзінің философиялық поэзиясында Шалкиіз 
ерлік, батырлық рухын жоғары бағалайды. Қазақ 
ақын-жыраулары тек қана шығармашылықпен 
ғана емес, өз заманындағы саяси-әлеуметтік 
мәселелермен де айналысқан. Ел басқарған 
хандармен бір деңгейде сөйлесіп, көбінесе 
өздерінің ақыл-кеңестерін үнемі айтып отырған. 
Кейбір, хандарымыз хан сарайында елге 
абыройлы ақын, жырауларды қызметке алып, 
отбасын асырап отырған.
Өмір пәлсапасымен шұғылданып өмірдің өзекті 
сұрақтарын алдын ала біліп, оның шешілуіне 
жағдай жасаған. Жыр, толғаулары негізінен, 
көшпенділер болмысы, ата-қоныс, адам, қоғам, 
сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық, 
көркемдік, адамшылық, өмір мәселелеріне 
байланысты болып келді.
Осы тұрғыдан алғанда Шалкиіз шығармашылығында бір қалыпқа түскен 
философиялық жүйе жоқ. Мұның себебі Шалкиіз шығармаларының бізге дейінгі 
ұрпаққа толық жетпеуі себепті деп ойлаймыз. Дегенмен қолда бар толғаулардың өзі 
адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терең түсініктер береді. «Дүниеде тұрақты, 
мәңгілік ештеңеде жоқ»,−дейді жырау.
Шалкиіз жырау: «Көп түкірсе−көл»,−деп елді ұйымдастық қа, бірлікке шақырады. 
Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі келеді. Ол жауға айбар, елге қорған,−дейді. 
Сондықтанда Шалкиіз жырау, «жалғыздың жағы жоғалса табылмас, рулының оғы 
қалса табылар», «Жағаға дұшпан қолы тимеске, артында туысқанның көбі игі», 
«Белуардан сөз кешсең тобығыңнан келтірмейтін сол қамалаған калың туғанның 
арқасы»,− деп ағайынның, туғанның көп болғанын қалайды.


Шалкиіз жыраудың мұралары бізге 
әлі толық жетпеген мен, оның 
рухани мұрасы өте бай.
Шалкиіз −қазақ рухани дүниесіндегі 
ең алып тұлғалардың бірі. Оның сөз 
өнері, дүниеге деген көзқарасы төл 
ойлау мәдениетіміздің 
қалыптасуына тигізген ықпалы өте 
үлкен.


Шалкиізден кейінгі алып жыраулардың бірі – 
Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768). 
Құрбанғали 
Халид 
«Тауарих 
Хамса» 
еңбегінде Ақтамберді – Ойраттармен күрес 
дәуірінде қазақ қолының басында жүрген 
аруақты ерлердің бірі деп жазып кетеді. 
Ақтамберді шығармалары да нақыл сөздерге, 
афоризмдік толғауларға толы келеді. Қазақ 
халқының 
болмысы, 
тіршілік 
тынысы, 
ерекшеліктері сол кездегі тарихи оқиғалар 
оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. 
Ақтамберді бүкіл ел мүддесін қорғап, бірлікке 
шақырады.


Дұшпаннан көрген қорлығым,
Сарысу болды жүрекке.
Он жеті де құрсанып,
Қылыш ілдім білекке,
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп Құдай тілекке!
Ақтамберді өзінен бұрын өткен Доспамбет, Шалкиіз 
дәстүрлерін әрі қарай жалғастырушы болып табылады. 
Ақтамберді жырларында көшпенді қазақтардың ой-
арманы, мақсат-мүдделері, олардың бар болмысы, 
ерекшеліктері дүниеге өзіндік көзқарасы аңғарылады. 
Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп 
басталатын ұзақ толғауы дәлел бола алады. 
Aқтaмберді жырaу тоқсaн үш жaсындa 
дүние сaлыпты. Туғaн жердің топырaғын 
жaстaнaр aлдындa aйтқaн толғaуындa жырaу 
өзінің өмірлік мaқсaты орындaлғaндығынa 
ризaшылығын білдіре келіп, «бaтырлaршa 
оққa ұшпaй, төсекте жaтып тек өлгендігіне» 
өкінеді.
Оның мына жырлары соның айғақ дәлелі болса керек:


Қaзaқ тaрихындaғы келесі aлып тұлғaлaрдың бірі 
– Бұқaр жырaу. Бұқaр жырaу Қaлқaмaнұлы 
шaмaмен 1668 жылы дүниеге келді.
Бұқар өмірін тұңғыш зерттеуші Мәшһүр Жүсіптің айтуына 
қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, 
Бұқардың тіпті сауып ішер малы, мініп-түсер атыда 
болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал 
халде күн кешеді. Алайда өмірінің соңғы кезегінде Бұқар 
жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет 
істеріне елеулі ықпал етіп қабырғалы биге, өз заманының 
ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 
1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, 
Далба тауының етегінде.


Бұқар жырау өз өмір сүрген замандағы келеңсіздіктер мен 
адами-рухани құндылықтардың құлдырауын былайша 
сипаттайды:
«Ай, заман-ай, заман-ай,
Түсті мынау тұман-ай,
Істің бәрі күмән-ай.
Баспақ, тана жиылып,
Пана болған заман-ай.
Құл-құтандар жиылып,
Құда болған заман-ай.
Арғымағын жоғалтып,
Тай жүгірткен заман-ай.
Азаматың құлапты,
Жұрт талық болған заман-ай.
Арғымақтың жалы жоқ – Жабылар жалыменен теңелер,
Жақсылардың малы жоқ – Жамандар малыменен теңелер.
Арғымақ жалсыз, ер малсыз,
Алланың аманат қойған жаны,
Қай күні алары болжалсыз!». 


Асан Қайғы мен Бұқар жырау арасында 
рухани 
байланыс 
бар 
болғандығын 
аңғаруға болады. Екі жырауға да ортақ 
ұғым – заман. Олардың ғұмыр кешкен 
заманы – қилы заман. Қилы заманның не 
екені туралы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 
мынандай тарихи түсініктеме берген. 
Абылай хан бірде ат үстінде тұрып Бұқар 
жыраудан сұрапты: «Асан қайғының 
«Қилы-қилы заман болар, қарағай басын 
шортан шалар» дегені не тантық? Суда 
жүрген шортан тауға біткен қарағайдың 
басына 
қайдан 
шығады? 
Миға 
қонбайтұғын сөз ғой», - депті.


Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне 
жас алып:
«Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек еді» - деп, толғанып тұрып айтқаны:
Күнбатыстан бір дұшпан, 
Ақырында шығар сол тұстан. 
Өзі сары, көзі көк, 
Діндарының аты боп, 
Күншығысқа қарайды. 
Шашын алмай, тарайды, 
Құдайды білмес, діні жоқ, 
Жамандықта міні жоқ,
Затсыз, тексіз бір кәпір – 
Аузы-басы жүн кәпір 
Жаяулап келер жұртыңа. 
Жағалы шекпен кигізіп, 
Балды май жағар мұртыңа 
Жемқорларға жем беріп, 
Азды көпке теңгеріп, 
Ел қамын айтқан жақсыны 
Сөйлетпей ұрар ұртына. 
Бауыздамай ішер қаныңды, 
Өлтірмей алар жаныңды, 
Қағазға жазар малыңды, 
Есеп алар пұлыңнан, 
Солдат алар ұлыңнан. 
Күндердің күні Абылай, 
Есе тимес өзіңе,
Есіктегі құлыңнан,-деген екен.
(Серік Негимов шығармалары. І том. – Астана: 
Фолиант, 2015. 278 б.) 


Қадірменді, оқырман, замандастар! 
Қазақ жырауларының дүниетанымдық ерекшеліктерінің астарында әлемді 
түсіну, рухани кемелдену негізіндегі философиялық ұстанымдарды көреміз. 
Қазақ халқының философиялық ойлау жүйесінің нағыз жарқын көріністерін 
айшықтай түсетін Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Марқасқа, 
Жиембет, Бұхар сияқты жыраулардың елді ерлікке, бірлікке шақырған 
мазмұнды жырлары, отты толғаулары бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне, ұлтты рухани 
қалыптастыру ісіне ықпал ететіндігі анық.
Жыраулар шығармашылығындағы жақсыны жаманнан, досты қастан ажырата 
білу, ар, ұят, адамшылық, әділеттілік сияқты руханияттың іргелі 
категорияларына талдау жасалады. Олардың сөз өнері бағасы жоқ қазына, 
өлмес мұра екендігі белгілі, сондықтан осы мұрамызға рухани, 
философиялық мән беріледі.


Заман, заман-ай дейтін жыраулар бүгінде олар жоқ. Бұл сөздер ел-жұрт қиын жағдайға тап болғанда 
айтылатын сөздер. Алайда осылай деп күңіренетін бүгінде жыраулар көрдіңіз бе? Тіптен, жыр айтатын 
жыршының өзі жойылып барады.
Қазақ хандарының басқару жүйесінде жыраулардың алатын орны зор. Жыраулардың отбасылық 
шығындарын, жүріс-тұрысындағы барлық іс-әрекеттерін қаржыландырып, материалдық тұрғыдан 
қамтамасыз етуді өздерінің мойнына алған. Жырау, жыршылар Хан сарайына емін-еркін кіріп, шығу 
мандатына ие болып, ханның жарлықтарын таратып, насихаттауды өзінің қызметі санаған.


Аты аталған жыраулардан бастап хакім 
Абай да жұртына ой салатын сөздер 
айтты. Сөзі өлмейтін жұрт өлмейді, ол 
мәңгілік ел. Бұл – идея. Асыл – идея. 
Ақарман! 
Жыраулар сөзді өлтірмей, келешекке 
ұсыныс жасады. Тыңдайтындар бар 
деген үмітпен зар сарынын мейілінше 
айшықты етіп, көркем тілмен баяндап 
өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет