Сабақтың тақырыбы



Дата01.07.2016
өлшемі42.55 Kb.
#169180
«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры


  1. Сабақтың тақырыбы: Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдарын жіктеу (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар).

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаппай жою қаруынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралармен және жеке қорғану құралдарымен (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар) таныстыру.

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

  • Биологиялық қаруға анықтама беріңіздер.

  • Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті неге негізделген?

  • Биологиялық қарудың тарихы туралы не білесіңдер? Биологиялық құралдарды қару ретінде қолдану қашан басталған?

  • Биологиялық құралдардың түрлері мен негізгі қасиеттері туралы не білесіңдер?

  • Жануарларды, ауылшаруашылық дақылдарын зақымдау үшін қандай қоздырушылар қолданылады?

б) Негізгі бөлім24 мин.

Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар. Жеке қорғану құралдарын жіктеу (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар).

Зақымдану, қирату, өрт және су басу аймағындағы әрекеттер кезінде әскери қызметшілерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету келесі шараларды орындаумен жетілдіріледі:



  • үзіліссіз радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізу;

  • уақытымен және ебін тауып жеке, ұжымдық қорғану құралдарын, қару-жарақ, әскери техника мен жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін, радиацияға қарсы препараттарды, антидоттарды, жедел медициналық жәрдем көрсету құралдарын, инженерлік құрылыстарды пайдалану;

  • зақымдану, қирату, өрт және су басу аймақтарын мейлінше орынды жеңу тәсілдерін таңдау;

  • зақымданған жерде әскери қызметшілермен бекітілген тәртіп ережесін қатаң сақтау.

Көрсетілген шаралар мазмұны мен тізімі әрбір нақты оқиға, жағдай шарттарымен айқындалады.

Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда немесе бөлімше қарсыластан қорғануға жеткілікті түрде дайын болмағанда, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші кезекте зақымданған аймақты барлауды және әскери қызметшілерді зақымданбаған ауданға қысқа мерзімде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.



Сүзгіш газтұмылдырықтары дем алу органдарын, көзді, бетті УЗ, РЗ БҚ аэрозольдерінен қорғауға арналған.Тұмылдырықтың қажетті өлшемі беттің биіктігі Һ бойынша таңдалады ( иектің төменгі нүктесі мен кеңсірік арасындағы қашықтық).

Аталуы

Маркасы

Алдыңғы

Салмағы, кг

Сүзгіш газтұмылдырықтар

РШ - 4

ШМ – 41 МУ

ШМС


1,8

ПМГ

ШМГ




ПМГ – 2


ШМ – 66 МУ

1,1

ШМ - 62

0,9

ПМК

М - 80




Жекеленген дем алу аппараты

ИП - 46

ШВС

4,6

ИП – 46; МИП - 4

ШВС

5,5

ИП - 5

ШИП - 26

3,4

Тұмылдырық Гопкалит патроны

Р - 2

ШИП - М

5,2

ДП - 1

Жартылай маска

0,06

в) Қорытынды бөлім – 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?

  • Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не істеу керек.

  • Сүзгіш газтұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.

  • Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет