Microsoft Hyper -V
Microsoft Hyper-V (кодталған Viridian) - гипервизорға негізделген x64 жүйелеріне арналған аппараттық виртуалдандыру жүйесі. Hyper-V бет-нұсқасы Windows Server 2008-дің x64 нұсқасына енгізілді, ал дайын нұсқасы 2008 жылы 26 маусымда шығарылды. Бұрын Windows Server виртуализациясы деп аталған.
Әзірлеуші
|
Microsoft
|
Құны
|
Тегін
|
Қонақтық ОЖ
|
Microsoft, Linux, Red Hat, Suse, Debian, openSUSE, CentOS, FreeBSD, т.б.
|
Тілдері
|
Ағылшын, орыс, неміс, т.б.
|
Сайты
|
microsoft.com/hyper-v
|
Жаңа тақырыпты бекіту:
№1 тапсырма
«Блум түймедағы» әдісі бойынша студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою:
1 «Виртуалды машина» терминіне анықтама бер
2 Виртуалды машиналардың мақсаттары мен міндеттері қандай?
3 Виртуалды машина неше түрге және қандай болып бөлінеді?
4 Гипервизор дегеніміз не?
5 Кенфункционалды, меншікті интерфейсі бар, ақысыз орнатылатын виртуалды машина түрі?
6 Жеке қолданушылар арасында танымалдылығы төмен, ірі компаниялар, корпорациялар қолданатын виртуалды машина түрі?
7 VM Ware виртуалды машинасы қолданушыларға қандай 2 түрді ұсынады?
8 Бұрын Windows Server виртуализациясы деп аталған виртуалды машина?
9 Виртуалды машиналардың артықшылықтары қандай?
Тапсырма №2
«Ақпараттық онлайн диктант»
Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу.
1. . . . - арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер; (Виртуалды машина)
2. . . . - виртуалды машинаға орнатылған операциялық жүйе; (Виртуалды операциялық жүйе)
3. Виртуалды операциялық жүйелер «қонақтық» деп, ал нағыз серверде орнатылған операциялық жүйе . . . деп аталады; (Хостық)
4. Виртуалдау платформасы - . . . деп аталады; (Гипервизор)
5. . . . - ең танымал операциялық жүйелерді орнатуға болатын тегін виртуалды машина. (VirtualBox)
Moodle платформасында, 20-ЭПС-1 тобының Информатика курсында орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |