Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.08.2014 18:06:14
Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 Қаулысы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы
|
Г. Марченко
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 67 қаулысымен бекітілді
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 212 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын
талаптар
Осы Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) сәйкес, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі - қаржы ұйымының ірі қатысушысы және (немесе) банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Қаржы ұйымының, банк холдингінің ірі қатысушы және қаржы ұйымының бірлескен ірі қатысушысы болып табылатын және бірлескен банк холдингі болып табылатын тұлғалар ұғымдары тиісінше, Банктер туралы заңның 2 және 17-1-баптарында, Сақтандыру туралы заңның 3 және 26-баптарында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында белгіленген.
2. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын тікелей немесе жанама иелену үлестері қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының көлеміне тиісінше және (немесе) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының санына қарай есептеледі.
2. Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге өтінішті беру және қарау тәртібi
3. Жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушы (бұдан әрі - өтініш беруші) мәртебесін иеленуге, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді, заңды мекен-жайы (тұрғылықты жері), сатып алынатын қаржы ұйымы акцияларының саны, олардың құны, сатып алу болжанып отырған қаржы ұйымы акцияларының саны банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының орналастырған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына тиісінше пайыздық арақатынасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті береді.
Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға ниет білдірген қаржы ұйымдарының атауы көрсетілген өтінішті береді.
Өтініште өтініш беруші онымен бірлесіп қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы болуды болжап отырған тұлғалардың және акцияларды (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) иеленуді қаржы ұйымының акцияларын жанама иелену арқылы (дауыс беру) жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі көрсетіледі.
4. Өтініш беруші өтінішпен бірге Комитетке Банктер туралы заңның 17-1-бабының 4, 5, 6, 7, 7-1 және 12-тармақтарында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 4,6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында тиісінше көзделген құжаттар мен мәліметтерді береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды қоспағанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала Банктер туралы заңның 17-1-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттармен және мәліметтерден басқа, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды табыс етеді.
Бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайда өтініш беруші Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Қағидалардың 8, 9, 10 және 11-тармақтарында көзделген тиісті құжаттарды бірыңғай пакетте береді.
5. Өтініш беруші жеке тұлға туралы, оның атқару органының бірінші басшысы болып табылатын өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкері туралы қысқаша деректер білім беру туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді қоса алғанда осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
Осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес мыналар қоса берілетін мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер:
құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган анықтама нысанында берген алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі;
осы Қағидаларының 2-қосымшасында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
кірістер және мүлігі туралы мәліметтер, сондай-ақ өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша бар берешегі туралы ақпарат кірістер мен мүлігі бойынша құжаттарды растайтын көшірмелерін қоса бере отырып осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі;
құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган анықтама нысанында берген алынбаған немесе жойылмаған соттылықтың жоқтығын растайтын (көрсетілген құжаттың берілген күні өтініш беру күнінен бұрын үш айдан аспауы тиіс) құжат. Шетел азаматтары олардың азаматтық алған елінің тиісті мемлекеттік органы, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты мекендейтін елі берген ұқсас мазмұнды құжатты қосымша беріледі.
Қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарында мынадай ақпарат болуы тиіс:
қаржы ұйымының ағымдағы жағдайын бағалау;
қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (шығындарды төмендету жөніндегі шаралар, қаржы ұйымының меншікті капиталын пруденциалдық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған қосымша қаржылық салымдар, қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасы;
қаржы ұйымының қаржылық жағдайын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік орындалу мерзімі;
қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжалданған экономикалық нәтижесі (пруденциалдық нормативтердің өзгеру динамикасы, қаржы ұйымының меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, қаржы ұйымының қаржылық және басқа көрсеткіштерінің өзгеруі).
Егер өтініш беруші банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі не басқа қаржы ұйымының ірі қатысушысы болған жағдайда, онда Комитетке ұсынылатын қайта капиталдандыру жоспары осы қаржы ұйымының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалады.
Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру қажеттілігі болған кезде Комитет тиісті органдардан және ұйымдардан қосымша мәліметтер сұратады.
6. Мыналармен шектелмей мынадай ақпаратты қамтитын бизнес-жоспар:
қаржы ұйымының мақсаттары мен міндеттерін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттау;
қаржы ұйымының қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);
ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға қаржы ұйымы қызметінің даму стратегиясы және масштабтары;
ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға толық жылдық қаржылық жоспары (негізгі қаржылық көрсеткіштердің есеп айырысуы, бюджет, бухгалтерлік баланс, кірістер және шығындар туралы есеп, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздері мен көлемдері);
тәуекелдерді басқару жоспары (қаржы ұйымының қызметін жүзеге асыруға байланысты тәуекелдерді сипаттау және ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға оларды басқару тәсілдері;
ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға маркетингтік жоспар (нарықтың таңдалған сегментінің қажеттілігін және тұтынушылық аудитория, баға белгілеу, өнімді (қызметтерді) өткізу және жылжыту, сатуды ынталандыратын әдістерін, маркетинг бюджетін ашумен);
ең таяу бес қаржы (операциялық) жылға еңбек ресурстарын тарту жоспары.
7. Қаржы ұйымының ірі қатысушы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа:
1) тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілер тізбесінде № 8318 тіркелген) белгілеген халықаралық рейтингілік агенттіктерінің бірінің талап етілетін барынша төмен рейтингінің берілгендігі туралы мәліметтерді қосымша береді;
2) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес-жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады.
Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниет білдірген жеке тұлғалар Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес-жоспарды ұсынады.
Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарын шегере отырып) акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иелену үлесі бар инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге ниеттенетін тұлғалар сондай-ақ Қағидалардың 6-тармағының талаптарын ескере отырып бизнес жоспарды ұсынады.
Қаржы ұйымының ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иелену үшін уәкілетті органның келісімін алғысы келетін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасында көрсетілген рейтингтің бар болуы Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда талап етілмейді.
Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 11-тармағында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 11-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ егер банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банктің акцияларын иелену (дауыс беру) салдарынан Қазақстан Республикасының резиденті емес банк қаржы ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келген жағдайда, онда осы Қазақстан Республикасының резиденті емес банкке банк холдингінің мәртебесін берумен бір уақытта тиісті қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі беріледі.
8. Өтініш беруші - жеке тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) қаржы ұйымының акцияларын сатып алуға пайдаланылатын өтініш беруші - жеке тұлғаның меншіктік құқық иелігіндегі мүліктің құнынан аспайтын мөлшердегі қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қосқанда, растайтын құжаттар қоса беріле отырып, тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіруге тапсырылған өкілге берілген сенімхат (бар болса);
3) олардың ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар тізімі және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері;
4) қаржы ұйымының қаржылық жағдайы нашарлауы мүмкін жағдайдағы өтініш беруші, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын және (немесе) болғысы келетін қаржы ұйымдарының қайта капиталдандыру жоспарына сәйкес өтініш берушінің міндеттемелері ескеріле отырып жасалған әрбір қаржы ұйымы бойынша қайта капиталдандыру жоспары;
5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;
6) осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес өтініш беруші туралы қысқаша деректер;
7) осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтер;
8) осы Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның мекендеу елінің салық органдарымен немесе өзге уәкілетті тұлғаларымен расталған кірістер және мүлік туралы мәліметтер;
9) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банктің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы Қазақстан Республикасының резиденті емес - жеке тұлғаның мекендеу елінің тиісті мемлекеттік органының жазбаша растауы, не көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіндігі туралы тиісті мемлекеттің уәкілетті органының өтініші.
9. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын өтініш беруші - заңды тұлға бір мезгілде бірнеше қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі және (немесе) сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жоғарғы органының тиісті қаржы ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесі;
2) заңды тұлғаның акцияларының жиырма бес және одан да көп пайызын иеленетін, сондай-ақ осы заңды тұлғаның шешімін шарт күшінде не өзге тәсілмен анықтауға мүмкіндігі бар немесе бақылауы бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтер және растайтын құжаттар;
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімі;
4) осы Қағидалардың 8-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттар;
5) таяу арадағы бес жылға жасалған бизнес жоспар тиісінше Банктер туралы заңның 17-1-бабының 7-1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 26-бабының 10-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда ұсынылады;
6) осы Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлер туралы қысқаша деректер;
7) құрылтайшы құжаттарының нотариатта куәландырылған көшірмелері, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректер;
8) осы Қағидаларының
Достарыңызбен бөлісу: |