Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет55/56
Дата05.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462052
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
2 5226507378509221292

АТА-АНАМЕН ҚАЛАЙ ЖӘНЕ
ҚАШАН ТАНЫСТЫРУ КЕРЕК?
ЖІГІТТІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕМІЗ?


Енді не істеу керек? 6 ай өтті делік. Оны тексеретін тестіңіз
болу керек. 
Мен әдетте жатақханада тұрғанда құрбыларымның сөйлесіп
жүрген ер азаматтарымен танысып, оларды тексеретінмін. 90%
жігіттер менімен танысып, кездесуге шақырып, номерімді
сұрайтын. Бұл өте жаман болды. Бір жағынан алдын-ала біліп
қойғаны да жақсы болды. Қазір менің ол құрбыларым күйеуге
шығып кеткен, күйеулері бар, біреуінің баласы бар. Сондықтан
ең дұрыс нәрсе ол жақсы, сенімді құрбыңыз болса сол
құрбыңыз арқылы жігітті тексеріп алу керек.
Келесі ережелер ол өзіңіз сол адаммен танысып сөйлеспеу
керексіз. Не үшін? Себебі, ер адамдар ақымақ емес, олар сіздің
мотивіңізді түсініп қояды. Не арқылы? Сіздің сөйлеу мәнеріңіз
арқылы, қалжың арқылы немесе номерді сұраса дәл сол сәтте
сіз телефонмен сөйлесе алмай қаласыз. Не үшін? Себебі
дауысыңыздан танып қояды. Не істеу керек? Құрбыңызға
айтасыз.
Келесі екінші ереже- бір апта немесе екі апта шыдау. Жарты
сағаттық тексеріс деген ол өтірік нәрсе. Не үшін? Себебі, ер
адам өтірік кейіп танытады. Ондай біздің практикамызда
болды. 
Жігітті тексеріп жатқан кезде ол бірден номерімді сұрап,
кездескісі келіп, комплименттер айтып, қызым жоқ деген
әңгімені айта бастады. Сосын менің құрбым шыдамай кетті. Ол
өзінің көңілсіз сөйлесуі бойынша білдіріп қойды. Себебі біліп
тұрасың ғой сенің жігітің қазір басқа біреумен, басқа қызбен
танысып жатыр. Ал сіз телефонмен: -жаным, күнім, сағынып
кеттім,- деп қалай айтасыз, иә? Ол үшін сіз актриса болу
керексіз. Сөйтіп ол шыдамай жігітіне айтып қойды. Мен
білемін, сен басқа қызбен танысайын деп жатсың, сен оны
кездесуге шақырдың,- дейді. Бірақ жігіт бәрібір өтірік кейіп
танытады. Ол айта салады: мен білгенмін, сен мені тексеріп
жатқаныңды. Болды. Сіз ештеңе істей алмайсыз. Дәлелдей
Некеге дейін... 
179


алмайсыз. Сіз одан не жай ғана бас тартасыз, не күмәнға түсіп
кетесіз "ол расымен білді ма екен, әйтпесе олай тез танысып,
тез номер сұрамас еді ғой",- деп күдіктене бастайсыз.
Сол үшін менің ең басты екінші ережем ол-кемінде бір апта
шыдау. Бір аптаның уақытында сіз білдірмейсіз. 
Келесі үшінші ереже- сіздің құрбыңыздың онымен қалай
сөйлесу керегі және қандай сұрақтар қою керегі. Бірінші
танысқан кезде ол WhatsApp-тан таныспау керек. Яғни
номеріңізді біреуден алдым деген әңгіме болмайды.
Менің күйеуім мені солай тексергісі келген. Номеріме
хабарласты, бір жас жігіт болып, өзінше күшті комплименттер
айтып, 
ал 
мен 
негізінде 
телефонмен 
ешқашан
таныспайтынмын. WhatsApp-пен де таныспайтынмын.
Мен оған сұрақтар қоя бастадым: 
Қайдан көрдің? 
Қайдан номер алдың? 
Нақты қандай киімде болдым? 
Сағат қаншада? 
Қай көшеде?
Ал ол танысып жатқан жігіт жауап бере алмай қалды. Түк те
айта алмай қалды. Мені тексеріп жатқанын түсіндім. Мен оған
әдейі "Кел, кешке кездесейік",- дедім. Күйеуіммен бірге
келетін шығар деп ойлағанмын ғой. Ал күйеуім менің екінші
ережемді ұстанған жоқ. Ол шыдамады. Кездесуге дейін келген
жоқ. Маған хабарласып бірден айтып қойды. Мен сені тексеріп
жаттым,- деп айтып қойды.
Енді әрі қарай жалғастырайық. 
Сіздің құрбыңыз оған не деп айту керек? Біріншіден
WhatsApp-та таныспайсыз. Ең жақсы нәрсе- Вконтакте немесе
Instagram. Ең бастысы, сіздің және құрбыңыздың ортақ
достарыңыз, ортақ
Некеге дейін... 
180


лайктарыңыз, бір универде оқуыңыз, мүлдем екеуіңіздің
байланысыңыз болмау керек. Себебі, ол қызға сұрақтар қояды.
“Қайда оқисың? Қайда істейсің? Қайда тұрасың? Мені қайдан
таптың?”- деген сияқты. Ол міндетті түрде қыздың достарына
кіреді, сізбен ортақ не бар екенін іздейді. Сондықтан соның
барлығын бірінші тазалау керек. Ұқсастықтар бар жерді айтпау
керек. Кішкене өтірік айтуға тура келеді. Бір университетте
оқысаңыз, басқа университетті айту керек. Кездесейік десе сол
университеттің айналасындағы бір орында кездесу деген
сияқты нәрселерді айту керек. Бұл менің үшінші ережем.
Төртінші ереже- қандай сұрақтар қою керек? 
Құрбыңыз алғашқы 2-3 күнде: "Қызың бар ма? Біреумен
сөйлесіп жүрсің ба? Қызың болды ма?"- деген сияқты
сұрақтарды қоймау керек. Яғни тез қойылған сондай сұрақ
күдікке әкеледі. Жігітіңіз бірден күдіктене бастайды. "Не үшін
менімен танысып жатырсың? Таныстың демек қызың жоқ қой?
- деген сұрақтар қойылмауы керек.
Алғашқы 2-3 күн сіздің құрбыңыз онымен не туралы сөйлесу
керек? Хобби туралы, қызығушылық туралы, қалжыңдар,
анекдоттар сондай нәрселер болуы керек. Аудиозаписьтерді
міндетті түрде жіберіп тұру керек. Яғни өзінің шынайы адам
екенін көрсету үшін. Бұл менің төртінші ережем. 
Бесінші ереже- егер жігітіңіз құрбыңызбен танысса, сөйлесіп
кетсе онда екі апта уақыт өткеннен кейін кездесуге шақыру
керек. Егер жігіт бірінші кездесуге шақырса, онда құрбыңыз
"жарайды" деп екінші шақырғанда шығуға болады. Құрбыңыз
шығады. Бұл уақытта сіз өзіңізді ұстайсыз. Сізде таңдау
болады. Не құрбыңыз екеуі кездескенде сол сәтте сол жерге
келіп екеуін ұстау немесе оны жай ғана тастау. Өзіңіз үшін
шешесіз. 
Некеге дейін... 
181


Өтінемін қыздар, егер жігітіңіз тексерістен өтпесе: "Махаббат
қой, жақсы көріп қалдым ғой, бауыр басып қалдым ғой,
сүйемін",- деген сияқты сөздер арқылы өзіңізді алдамаңызшы.
Жігітті тастаңыз да кете беріңіз. Өміріңіз әлі алда. Бес бала
туып тастап, сосын барып түсінбегеніңізге қуаныңыз. Бұл
тексеріс міндетті түрде керек деп ойлаймын. Егер сіз оны
күштілеп тексере алмасаңыз, жігітіңіз сізге ренжиді. Бірақ
жақсы көрсе, ол сізді кешіреді. Бір күн, екі күн ренжиді да,
кешіре салады. 
Сондықтан не істеу керек? Менің ең алғашқы ережем ол -
артыңыз ашылып қалмау керек. Өтінемін тексерістен өтпеді
ме, оны тастаңыз. Ештеңені оған дәлелдеудің де керегі жоқ.
Себебі, кез-келген еркек өзінің кінәсін ақтап алады. Оның
барлығы өтірік әңгіме. 
Мен күйеуімді талай рет тексергім келді. Ол жай ғана қара
тізімге салып тастайтын, таныспайтын болды. Ешқандай жолын
таппайсың. Ол танысқысы келмейді немесе мен оны тексерейін
десем, ол бірден маған көрсетеді: -Маған осындай қыз жазып
жатыр,- дейді. Маған бірден көрсететін және жасыру
болмайтын. Еркек жақтан сондай нәрсе болу керек.

Болды тексерістен өтті. Ол қызбен танысқан жоқ. "Менің
қызым бар ренжіме",- деп ол қыздың бетін қайтарып тастады.
Сіз қуандыңыз. Бәрі керемет. 
Енді не істеу керек? Мынадай сұрақтарыңыз туындайды.
Бірінші жігіт жақпен танысу керек па? Әлде жігітті бірінші өз
жағыңмен таныстыру керек па?
Ең бірінші өзіңізге сұрақ қойыңыз. Қашан тұрмысқа шығуға
дайынсыз? Егер оқуыңыз бар болатын болса, 2-3 жылдан кейін
болатын болса онда дәл қазір танысудың керегі жоқ. Себебі,
танысу бұл тойға қадам. Тойға қадам деген соң, сіз: "Менің
сабағым бар, анам жұмыс істе деп айтқан",- деп айта алмайсыз.
Онда не үшін ата-анасымен таныстыңыз? Туысқандарымен,
Некеге дейін... 
182


ата-анасымен таныстыңыз ба, тойға қадам бастыңыз деген сөз.
Жақын арада, бір жылдың ішінде той болады деген әңгіме.
Өзіңізге шешім қабылдаңыз. 
Жақын арада, бір жылдың ішінде той болатынына келістіңіз
делік. Ең бірінші жігіт сіз жақпен емес, сіз жігіт жақпен
танысуыңыз керексіз. Не үшін? Себебі, сіз оның анасы қандай
екенін, әкесі қандай екенін, отбасының бір-бірімен қарым-
қатынасы қандай екенін, сізге деген көзқарасы қандай екенін,
соның бәріне анализ жасап алуыңыз керек. Бұл өте маңызды
нәрсе. Мен алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім, бұған дейін
менде қарым-қатынас болған. Мен тұрмысқа шығып кете
жаздадым. Бірақ ол мамасының баласы болды. Мен оны қалай
білдім? 
Мен бірінші жігіт жақпен таныстым. Жігіт жақсы болды. Бірақ
анасымен, 
әкесімен, 
әжесімен, 
қарындасы, 
інісімен
танысқаннан кейін мен түсіне бастадым, олардың үйінде
бастық - анасы және әжесі. Бастықты бәрі тыңдайды, үй сатып
алған анасы, жұмыс істейтін анасы. Әкесі үйінде отырады екен,
жұмыс істемейді. Менің сол бұрынғы жігітімнің анасына қатты
тәуелді екенін түсіндім. Содан кейін нүкте қойдым. Себебі,
анасы маған өзінің үйіндегі ережелерін түсіндірді. Мені
қызықтыратын сұрақтарды анасына қойдым. Жігіт біз бөлек
шығамыз, қалада тұрамыз, сен оқуыңды бітіресің деген сияқты
неше түрлі әңгімелерді айтуы мүмкін. Ал маған жігіттің анасы
не деп айтты? Алғашқы бір-екі бала туғанша менімен
тұрасыңдар, менің келінім алғашқы екі баланы туғанша жұмыс
істемейді, келінімді қаржыландыратын мен, төсемесіне дейін
мен алып беретін боламын, себебі мен келін болғанда маған
ешкім алып берген жоқ, мен қаржылай қиналдым, сол үшін
келінімді ақша жағынан қыспаймын, керек нәрселеріне беріп
тұрамын,- деді. Бірақ ол әрі қарай: мына нәрсе маған
байланысты, асхана ісіне араласпаймын, әжеңмен бірге тамақ
жасайсың,- деген сияқты нәрселерді айтып бастады. Мен
олардың үйінде үнемі көп адамдар, көп қонақтар болатынын
түсіндім. Маған ол нәрсе ұнамайды.Танысқаннан кейін 1-2 ай
сөйлесіп жүрдік. Мен артықшылықтары мен кемшіліктерін
салыстыра бастадым.
Некеге дейін... 
183


ата-анасымен таныстыңыз ба, тойға қадам бастыңыз деген сөз.
Жақын арада, бір жылдың ішінде той болады деген әңгіме.
Өзіңізге шешім қабылдаңыз. 
Жақын арада, бір жылдың ішінде той болатынына келістіңіз
делік. Ең бірінші жігіт сіз жақпен емес, сіз жігіт жақпен
танысуыңыз керексіз. Не үшін? Себебі, сіз оның анасы қандай
екенін, әкесі қандай екенін, отбасының бір-бірімен қарым-
қатынасы қандай екенін, сізге деген көзқарасы қандай екенін,
соның бәріне анализ жасап алуыңыз керек. Бұл өте маңызды
нәрсе. Мен алдыңғы тақырыптарда айтып кеттім, бұған дейін
менде қарым-қатынас болған. Мен тұрмысқа шығып кете
жаздадым. Бірақ ол мамасының баласы болды. Мен оны қалай
білдім? 
Мен бірінші жігіт жақпен таныстым. Жігіт жақсы болды. Бірақ
анасымен, 
әкесімен, 
әжесімен, 
қарындасы, 
інісімен
танысқаннан кейін мен түсіне бастадым, олардың үйінде
бастық - анасы және әжесі. Бастықты бәрі тыңдайды, үй сатып
алған анасы, жұмыс істейтін анасы. Әкесі үйінде отырады екен,
жұмыс істемейді. Менің сол бұрынғы жігітімнің анасына қатты
тәуелді екенін түсіндім. Содан кейін нүкте қойдым. Себебі,
анасы маған өзінің үйіндегі ережелерін түсіндірді. Мені
қызықтыратын сұрақтарды анасына қойдым. Жігіт біз бөлек
шығамыз, қалада тұрамыз, сен оқуыңды бітіресің деген сияқты
неше түрлі әңгімелерді айтуы мүмкін. Ал маған жігіттің анасы
не деп айтты? Алғашқы бір-екі бала туғанша менімен
тұрасыңдар, менің келінім алғашқы екі баланы туғанша жұмыс
істемейді, келінімді қаржыландыратын мен, төсемесіне дейін
мен алып беретін боламын, себебі мен келін болғанда маған
ешкім алып берген жоқ, мен қаржылай қиналдым, сол үшін
келінімді ақша жағынан қыспаймын, керек нәрселеріне беріп
тұрамын,- деді. Бірақ ол әрі қарай: мына нәрсе маған
байланысты, асхана ісіне араласпаймын, әжеңмен бірге тамақ
жасайсың,- деген сияқты нәрселерді айтып бастады. Мен
олардың үйінде үнемі көп адамдар, көп қонақтар болатынын
түсіндім. Маған ол нәрсе ұнамайды.Танысқаннан кейін 1-2 ай
сөйлесіп жүрдік. Мен артықшылықтары мен кемшіліктерін
салыстыра бастадым.
Некеге дейін... 
184


Анасы мені жиі қонаққа шақыра бастады және анасы мен
туралы көп ақпараттар жинады. Менің ата-анам кім? Менің
туыстарым қандай? Қай жақта тұрамын? Қай жақта оқыдым?
Руым қандай? Мен жақта тұратын болғаннан кейін ол бүкіл
ақпаратты жинап, бәрін біліп, тіпті менің нағашыларыма дейін
"сол қызды аламыз, сендердің қыздарыңмен сөйлесіп жүр", -
деп айтып қойған. Одан айырылысып кеткеннен кейін, менің
нағашыларыммен (Мирас пен Құралай) олар кездесіп қалған
ғой, сол жерде: "Сіздердің қыздарыңыз менің баламды тастап
кетті, менің баламнан да әдемірек, ақшасы көп біреуді тауып
алған шығар",- деп, неше түрлі сөздерді айтып тастаған. 
Мен мұның барлығы уақытша мәселе екенін білдім. Ұят деген
нәрсе әрқашан ұмытылады. Ұятқа байланысты тақырып ары
кетсе максимум 2-3 ай ғана, одан кейін бүкіл ел тынышталады.
Мен соны түсініп, көзді жұма салдым. Ол былай тұрсын
нағашыларым оны анама айтып берді. "Сенің қызың жігітпен
жүріп, оны тастап кетіпті, анасымен танысыпты",- деп айтыпты.
Анам оны маған айтады. Қазір ол тақырыпты ешкім
қозғамайды, көтермейді. Ол жігітті мен әкеммен таныстырып
қойғанмын. Міне, бұл менің үлкен қателігім. Сіздерге сол
қателіктерді қайталамас үшін айтып жатырмын.
Бірінші жігіт жақпен танысасыз. 1-2 ай сөйлесіп жүресіз.
Артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырасыз. Егер
туысқандары ұнайтынына сенімді болсаңыз, кейін өз
жағыңызбен таныстыруға болады. 
Мен ақымақ болып әкеммен таныстырып қойғанмын. "Менің
досым",- дедім. Әкемді жұмыстан алып кетіп, үйге дейін
апарып тастадық. Бірақ екеуі отырып танысқан жоқ. Тек менің
досым дедім. Соның өзі әлі күнге дейін мен үшін ұят. Қатты
ұяламын. Барлық ережелер осындай. 
Некеге дейін... 
185


Өз ата-анаңызбен таныстырған кезде алдын-ала не істеу керек?
Ата-анаңызды дайындау керек. Кемшіліктерін айтпаңыздар.
Ата-анасы ажырасқан немесе қайтыс болып кеткен, тағы да
басқа кемшіліктерін айтпайсыз. Тек қана жақсы жақтарын
айтасыз. "Ал қалғанын жігіттің өзінен сұраңыздар",- деп
айтасыз. Бұл не үшін керек? Себебі алдын-ала кемшіліктерін
айтатын болсақ, ол жігітті танысуға шақырғанда тек қана
жаман жақтарын байқайтын болады. Менің күйеуімнің ұлты
басқа екенін білді. Соның өзінде қарсылықтар болды. Менің
ата-анам қатты қарсы болды. Күйеуім келіп, ата-анаммен
танысқаннан кейін екеуінің де беті бері қарады. Жігіттің жақсы
екенін білгеннен кейін ғана оның ата-анасы ажырасқан екеніне
көнді, анасымен тұрмайтынына көнді, ұлты басқа екеніне
көнді, мамандықсыз жұмыс істеп жатқанына көнді. Көп
нәрсеге көнді. Себебі, ең алғашқы танысқанда жігіт оларға
қатты ұнап қалды.
Ең басты ереже: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛСАҢЫЗ,
ЖҮРЕГІҢІЗ ЕМЕС, МИЫҢЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАСЫН! 
ЖІГІТТІҢ ҚАЛАУЫ, ЖІГІТТІҢ ӨМІРІ ЕМЕС, СІЗДІҢ
ҚАЛАУЫҢЫЗ, СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗ СІЗ ҮШІН БІРІНШІ
ОРЫНДА БОЛСЫН!!!
Некеге дейін... 
186


Жігіт сізге қазіргі кезде мазалайтын нәрсе туралы айтып
жатқан кезде оны бөлмей, мұқият, белсенді түрде
тыңдаңыз. Тыңдау дегеніміз - бұл кедергі жасамау,
назарыңызды басқа жаққа бұрмау, кейде кейбір жайттарды
сұраңыз немесе қысқаша түсініктеме беріңіз, бірақ
ешқандай жағдайда
Мен кітабымда да, блогымда да жігіт- аңшы, қыз баланы
жаулау керек деп үнемі айтамын. Тек мен емес, кез-келген
психолог осылай айтады, бұл шындық. Инициативаны әрдайым
ер адам білдіруі керек. Сіздің жаулап алудағы рөліңіз -
аңшыңызға жүзіңізді көрсетіп, оны осы орманда сізден артық,
бағалы, қымбат жануар жоқ екеніне сендіру. Содан кейін ер
адамды өзімен бірге бақытты өмірге бірге апару ғана қалады.
Сонымен, ер адамды қалай жаулап алып, өзіңізге ғашық етуді
білмес бұрын нені есте сақтау керек?
1. Менің осы тарауда ұсынатын кеңестерімнің барлығын тек
басы бос, бойдақ ер адаммен тексеріңіз! Бұл менің маман
ретінде және біреудің жары ретіндегі өтінішім.
2. Егер сіз тым алысқа кетіп, еркектің орнына тым
белсенділікті көрсете бастасаңыз (сіз ер адамға ЕРКЕКТЕРДІҢ
әдіс-тәсілімен жете бастасаңыз, қоңырау шалып, кездесулерге
шақырып, сыйлықтар беріп немесе оған кафеде ақша төлеп),
сіз бәрін бүлдіресіз. Содан кейін мен сізге ескертпедім деп
шағымданбаңыз.
3. Нақты 12 кеңес болады. Бұл амалдарды жиі емес, бірақ
үнемі жасап тұру керек. Ең дұрысы аптасына 1 амал. 
СОНЫМЕН НАҚТЫ АМАЛДАР:
1.
Некеге дейін... 
187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет