Тапсырма №1.
Сайлау және референдумның ара-жігін ажырату және мемлекеттегі маңызды құжат ретінде құқықтық саралау.
1. Сайлау бостандығы-Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
2. Жалпыға бірдей сайлау құқығы— Республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді.
3. Тең сайлау құқығы-сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Әрі олардың әркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.
4. Тікелей сайлау құқығы-Президент, Парламент, Мәслихат депутаттарын сайлауы.
5. Жанама сайлау құқығы-Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді.
6. Жасырын сайлау құқығы-сайлаушының еркінен тыс оған бағалаушы қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |