Бұлашев А. Мәслихат депутаты Сананы сенім сауықтырады



Дата09.06.2016
өлшемі42 Kb.
#124831
Астана ақшамы. – 2011. - №109. – 24 қыркүйек

Бұлашев А. Мәслихат депутаты
Сананы сенім сауықтырады

Астананың қарқынды дамуына келімді-кетімді қонақтар тұрмақ, саналы ғұмыры осы жерде өткен, жергілікті халықтың өзі таң қалатын болдық. Жас қала аяғынан тік тұрып, бұрынғы Кеңесті айтпағанда, күллі Еуразия кеңістігіне танылды. Географиялық жағынан континенттің қақ ортасында орналасқан Астана - әлемнің саяси өмірінде сұхбат алаңына айналып үлгерді. Бұл ретте жергілікті өкілетті органның атқарып отырған жұмысы ұшан-теңіз. Бас қаланың мәслихатының депутаты болу әрқайсымыз үшін зор мақтанышпен қоса, үлкен жаупкершілікті жүктейді. Осыған орай өзімнің әріптестерім, елордалық мәслихаттың жұмысы туралы аз-кем әңгімелей кетсем…

Біздін жұмысымыздың кәделі көрсеткіші — төртінші шақырылымның алғашқы күнінен бастап осы күнге дейін еткізген сессияларымыз. Атап айтсам, төрт жылдың ішінде 60-тан астам сессия өтіп, онда 450-ден астам мәселе қаралды. Сессия жұмысы мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ екілдерінің қатысуымен ашық өтеді. БАҚ өкілдері қатысқан соң мәслихаттың жұмысы халық назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Халық қалаулысының алдындағы міндеттерге қысқаша тоқталып өтсем, ол — Президент Н.Назарбаевтың бүгінгі билікке жүктеп отырған тапсырмасы — елорданы ірі мегаполиске айналдыру, заманауи сәулетін қалыптастырып, тұрғындарға жайлы әрі ынғайлы болуын, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен экологияны дәуір талабына сәйкестендіру. Бұл айтылғандардың қай-қайсысы да қарымды күш-қуат пен біліктілікті талап етеді. Оны алысқа бармай-ақ, өзімнің округімнің тыныс-тіршілігімен байланыстыра баяндасам. Менің округім — С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті орналасқан аумақ. Өзім осы елорданың ең ескі оқу орнының ректорымын. Аудандағы құрылыс нысандарының дені өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған. Сәйкесінше, түйткілді проблемалар шаш етектен. Бұл аудан тұрғындарының басым бөлігі — студенттер. Жыл сайын бірін-бірі алмастырып отыратын олар округтегі сайлаушылардың негізін құрап отыр. Депутат жұмысының сессияға : қатысудан бөлек негізгі жұмысы өз сайлаушыларымен кездесуі. Әр сейсенбі сайын жұмыс кабинетім мәслихат депутатының қоғамдық қабылдауына айналады. Ауданымдағы тұрғындарды мыңдап санауға болады. Әрқайсысының өз ойы, өз пролемасы бап. Олардың ауызша, я болмаса жазбаша түрде жеткізген өтініш-шағымдары жауапсыз қалмайды. Шама-шарқымша мәселені сол жерде шешуге, кейде тиісті органдарға депутаттық сауал жолдап, жауап беруге тырысамын. Әрине, барлық мәселе бір күнде шешімін тауып кетпейді. Әсіресе, апатты жағдайдағы үйлерді ысыру, тұрғын-жай жағдайын жақсарту, қоғамдык, көліктерде жеңілдікпен жүру сынды проблемалар бар. Тұрғындардың бір мәселесінің шешілуіне септігің тисе, өзің үлкен жетістікке ие болғандай қуанасың. Осы ретте бірер мысал келтіре кетсем. Мәселен, Елбасы айтқан елорданың сәулеттік композициясы бір күндік проблема емес. Каланың ескі бөлігін жөндеу бағдарламасына өз округімнің мысалында көз жүгірттім. Әсіресе, аула ішіндегі кеңістік пен тарихи маңызды нысандарға да қатысы барына көңілім толды. «Арсенал» кинотеатрының маңыңдағы аула мен университеттің дене шынықтыру-спорт кешеніне абаттандыру жұмысын жүргізу туралы ұсынысым қолдау тапқаны қуантты. Себебі, соңғысы округгегі бұкаралық спортты дамытуға септігін тигізіп отыр. Айта кету керек, бұқаралық спорттың арқасында спорттық клубтар дамып, мықты спортшылар шығады. Бұл ретте Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары, әйелдер мен ерлердің «Астана барысы» атты баскетбол командаларын атап өткен жөн. Бұл командалардың құрамында университет студенттері бар. Аталған мәселені тілге тиек етіп, елорданың спорт саласын алға бастыру туралы мәселе көтердім. Ұсынысым жерде қалмады. Жақында Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан депутаттық сауалыма баскетболшылар клубынаа жылжымалы еден сатып алынғаны туралы жауап келді. Сондай-ақ жаттығулар мен ойындарын өткізетін залды жалға алу мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етгі.

Студенттердің қоғамдық, көлікте жеңілдікпен жүруі — шешімін таппай жүрген мәселенің бірі. Обьективтілік үшін айту керек, қалалық бюджеттен қоғамдық көлік саласын жаңартуға қомақты қаржы бөлініп жатыр. Дегенмен де «ҚР Жастар саясаты туралы» заңында студентгердің тасымалдаушьшар көрсеткен қоғамдық көлікте жүру ақысының 50 пайызын төлеп, жеңіддікпен жүруі туралы айтылған. Мыңдаған студентке жеңілдік жасау, тіршілігі қайнап жатқан қаланың қазынасына салмақ болары сөзсіз. Дегенмен де үміт жоқ емес.

Бұдан бөлек мекеме басшысы ретінде маған мемлекеттік тіл, тұрғын үй проблемасы, жұмыспен қамту сынды түйткілді мәселелер етене таныс. Әсіресе, баспанамен қамтамасыз ету өткір мәселе. Депуттатық мандатымды алға тартып тұрғын үйді бөлу, жалпы бағдарламаның ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс білдірдім. Елорданың екі ірі жоғарғы оқу орны — Медициналық және Агротехникалық университеттерінін 100 пайыз акциясы мемлекетке тиесілі. Дейтұрғанмен меншік нысанының ауысып, акционерлік қоғамға айналуы салдарынан аталмыш тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, сәйкесінше қолжетімді бағамен баспаналы болу құқығынан айырылды. Бұл мәселеге ҚР Құрылыс және коммуналдық шаруашылық агентгігінен аталған ЖОО-ның Мембағдарлама шеңберінде салынған үйді «ҚР Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы» заңына толықтыру еңгізген сон қатыса алатыны айтылған. Ол заңды әзірлейтін — ҚР Қаржы министрлігі. Сондай-ақ, агенттік «Самұрық-қазына» ӘАҚ-ның «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-на баспананы бірінші кезекте жарғылық капиталы 100 пайыз мемлекеттікі болатын акционерлік қоғамдар мен ходдинггердің қызметкерлеріне үлестіру туралы үсыныс жіберді.

Бұдан бөлек, өз тарапымнан қала тіршілігі зәру болып отырған кәсіби-техникалық мамандарды даярлау қажетгілігін үнемі айтып келемін. Кәсіби-техникалық мектептер, колледждер мен ЖОО жанынан маркетингтік қызметті қалыптастыру, мамандарға қажетті шағын отбасылық жатақханалар тұрғызу, оқу орындары мен өндіріс ошақтары арасында байланыс орнату қажет. Округімнің жетістігі деп ондағы тұрғындардың «Жұмыспен қамтудың-2020» бағдарламасына жұмьша қатысып жатқанын айтуға болады.



Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, алда атқарылатын жұмыстардың ауқымдылығы мен оны жүзеге асырудың онай еместігін түсінесін. Әлемдік тарихта теңдесі жоқ, ғаламат жоба — жаңа елорданың қалыптасуына титімдей болса да үлес қосып жатқанынды сезінудің өзі бір бақыт. Онда қуанышы мен қайғысы, үміт пен күдік, жетістік пен жеткіліксізді қатар алып жүрген мыңдаған адам мекендейді. Олардың барлығы шаттанса да, тауы шағылса да, алдымен өзі сеніп қалаған — депутатқа, яғни, бізге келеді. Ал сен оның айқтанын ой елегінен өткізіп, жәрдемдесуін керек. Сонда ғана ірілі-кішілі меселелер шешімін табады. Халықтың үмітін ақтап, сеніміне селкеу түсірмеу біз үшін ең маңызды міндет болып қала бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет