Сайтты насихаттау



Дата10.10.2022
өлшемі15.06 Kb.
#462302
Купайсин Жулдыз10ә.


Сайтты насихаттау
Сайтты насихаттау-сапалы нәтиже алу жолында күрделі үдеріс. Алайда сайтты насихаттауға тек сапалы да қызықты мазмұн, жарнама мен әдемі дизайн таңдау жеткілікті емес. Маңыздысы-сайтты дұрыс және сауатты түрде насихаттау.
Сайтты насихаттау-сайт ресурстарын қолданушылар саны мен іздеу жүйелерінде сайт рейнтигін арттыруға бағытталған әрекеттер кешені.
Веб сайтты насихаттау қағидалары:

  • Кез келген сайттың өзіндік бағыты мен құралдары бар;

  • Интернет-маркетинг саласында өзгермейтін шешім болмайды;

  • Сайттың сәтті болуы маманның сайтты насихаттау білігі мен қабілетіне тікелей тәуелді.

Сайттың насихаттау әдістерінің түрлері өте көп.Кейбір әдістерді бірге қолдануға болмайды, ал кейбірі керісінше бірге жақсы жұмыс істейді.Бастысы-сайтты насихаттауда дұрыс жарнамалау.
Сайтты насихаттауда кеңінен қолданылатын әдістер 17 сызбада көрсетілген.
Іздеу маркетингі- сайтты насихаттау бойынша жүргізілетін кешенді жұмыс. Мұнда сайттың мақсатына аудиторияның қызығушылықтарын арттыру бойынша жүргізілетін шаралар жатады.Бұл жұмыс екі бағыттан тұрады: іздеу жүйелерінде сайтты насихаттау және сыртқы ресурстарға материалдар орналастыру.
Іздеу маркетингінің басты мақсаты – сайтты релевантты (ақпарат тақырыбы мен мазмұнының сай келуі) ету. Бұл сайттың мақсатты сұраныстар мен безендірілуіне қойылатын талаптарға, мазмұнға сәйкес келуді білдіреді.
Екінші әдіс бағыты- сайтқа сілтеме беріп, ақпараттық немесе ақпараттық-жарнамалық сипаттағы мақаланы әлеуметтік желілерге орналастыру. Көп жағдайғда, мұндай сілтемелер жарнамалаушы сайттарға қарағанда тақырыбы бойынша сәйкес келетін ірі порталдарда жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет