Аудандық ішкі саясат бөлімінің Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша жұмысы туралы



Дата01.07.2016
өлшемі43.26 Kb.
#170278
Аудандық ішкі саясат бөлімінің Қазақстан

Республикасының Президентінің Қазақстан

халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру

мен насихаттау бойынша жұмысы туралы

Ауданда Елбасы Жолдауын ақпараттық-насихаттау жоспары жасалып, аудан әкімімен бекітілген.

Ауданда құрамында 164 адам 39 ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді. Оған мемлекеттік қызметкерлер, білім беру мекемелері, аудандық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімшесінің мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері және белсенді жастар тартылған.

3 ақпан күні Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы идеологиялық жұмыстың негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы актив жиыны өткізілді. Бұндай актив жиындары 8 ауылдық округтерінің орталығында да өтті.

Аудандық АНТ қаңтар - мамыр айларында Жолдаумен таныстыру және ауданда жүзеге асыру барысы туралы кездесулер өткізіліп, 400 дана методикалық құралдар таратылды. Олар: Жолдаудың толық мәтіні, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 жарқын іс істерін әрі қарай жалғастыру, Зайсан ауданының 2012 жылғы 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуы барысы, тірек ауылдарын дамыту жөніндегі тапсырмалары, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 67 жылдығы, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл, ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл, Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында сөйлеген сөзі жөніндегі материалдар. Кездесу кезінде түскен ұсыныс-пікірлер, өтініштер жинақталып, оларға кездесу барысында және жүйелі түрде жазбаша жауаптар берілді.

Қала, ауылдық округтерінде ақпараттық-насихат топтары шаруа қожалықтары, мектеп, мекеме ұжымдарында арнайы дайындалып берілген әдістемелік материалдары бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді. Ол жиындардың хаттамалары жасалынып, ішкі саясат бөлімінде жинақталды.

-2-

Аудан мектептерінде Жолдаумен таныстыру жұмыстары жүргізілді.



Мемлекеттік және бұқаралық мерекелердің үйлестіруші факторын барынша пайдалану мақсатында Жолдаудың идеялары барлық даталы күндерде қолданылды. Жыл басынан бері аудан әкімінің мақсатты топтармен оның ішінде: жастармен, ақсақалдар алқасымен, әйелдер қауымымен, Чернобыль оқиғасына қатысушылармен, соғыс, еңбек және Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулері ұйымдастырылды.

Жолдауды насихаттау мақсатында 2012 жылдың 5 айында барлығы 2 дөңгелек үстел, 2 митинг, 1 әлеуметтік акция, 1 жастар форумы, 1 пікірталас алаңшалары, 4 семинар, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған барлық мектептерде, ауыл округ әкімшіліктерінде, мәдениет үйлерінде стендтер орнатылды және барлық кітапханаларда арнайы тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды.

Жолдауды насихаттауда қоғамдық-саяси және әлеуметтік бағыттарды айқындайтын сыртқы жарнамалар қолданылады. Ауданда Елбасының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттарын насихаталған 85 баннер, 130 лайтбокстар орнатылды.

Жолдауды насихаттау бойынша медиа-жоспар жасалынып бекітілген. Аудандық газеттің 31 қаңтар күнгі № 9 санында Елбасы Жолдауының толық мәтіні және «Мақсаттарға негіз қалаған Жолдау», «Жолдау: Болашақ айқын,мақсат биік», «Жолдау жүгі»,»Жолдаудың талабы-халыққа сапалы қызмет»,«Елбасы Жолдауына орай», «Жолдау - келешекке жолнұсқа» , «Жолдаудың міндеттері» атты айдарлар ашылып, осы уақытқа дейін барлығы 29 мақала жарияланды.

Сонымен қатар облыстық басылымдарға да мақалалар кестесге сәйкес жарияланып отырды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар туралы облыстық телевидение арқылы да ақпараттар көрсетілуде.

Ақпан-наурыз айларында «Жолдауды білесіз бе?», «Ауданның қоғамдық-саяси жағдайы» туралы сауалнама жүргізіліп, 200-ге тарта аудан тұрғындары сұралды. Зерттеу нәтижесі бойынша аудан тұрғындары Жолдау туралы толық ақпараттанғаны анықталды.

Осы аталғандарды тыңдап, талқылай келе Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес

Зайсан ауданының әкімдігi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық ішкі саясат бөлімінің (З.Д.Дүйсенбаева) аудандық ішкі саясат бөлімінің Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мен насихаттау бойынша атқарып жатқан жұмыстары еске алынсын.

-3-


2. Аудандық ішкі саясат бөлімі (З.Д.Дүйсенбаева):

  1. ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүйесін одан әрі жетілдіріліп, Елбасының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттауды және оның іс жүзінде жүзеге асуы барысын насихаттау жұмыстарын жалғастырсын;

  2. ақпараттық-насихат топтарының қызметтеріне, кездесулер барысында түскен өтініштерге жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, олардың уақтылы жауап берілуі қамтамасыз етілсін;

  3. ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүйесінің нәтижелігін анықтау мақсатында қоғамдық пікірді зерттеу жұмыстары жалғастырылсын.

  4. өңірлік жастар саясаты бағдарламасының орындалуын және үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін қолдауды қамтамасыз етсін.

Олар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге кеңінен тартылсын;

  1. аудан әкімі сайтымен жұмыс жалғастырылып, ұдайы жүргізілсін, облыстық басылымдарға аудан туралы мақалалар жариялау кеңінен қолданылсын.

  2. Жолдауды насихаттаушы модульдарға жергілікті компоненті қолданылған баннерлер ілінсін.

3. Аудан әкімдігі отырыстарында, жұмыс кеңестерінде бөлім басшылары мен қала, ауылдық округтері әкімдерінің, Елбасының «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша жұмыстары туралы есептерін ұдайы тыңдау тәжірибеге енгізілсін.

4. Аудан әкімінің ресми сайтына ақпараттарды жинақтап күнделікті жаңалап отыру жұмыстары аудандық ішкі саясат бөліміне (З.Дүйсембаева) міндеттелсін, бақылау жасау аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне (Ш.Еділбаева) жүктелсін.



5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Тожыбаевқа жүктелсін.

Аудан әкімі С.Зайнулдин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет