Саламатты Қазақстанға қадам басамыз



Дата09.07.2016
өлшемі82.62 Kb.
#187092
Тәуелсіздік күніне спорттық шаралар

2011-12-14

"Саламатты Қазақстанға қадам басамыз" девизімен 28.11-12.12 аралығында 5-6 сыныптарға пионерболдан жарыс, 8 сыныптарға баскетболдан, 9-11 сыныптарға қазақша күрес, 9-10 сыныптарға баскетбол, 7 сыныптарға "Старты надежд", футбол жарыстары ұйымдастырылып, жеңімпаздары салтанатты тәлім сәтте марапатталды.

Отаным - әнім мен махаббатым

2011-12-13

13.12. күні ән пәні мұғалімі И.А.Казанцеваның ұйымдастыруымен 5-11 сыныптары үшін "Отаным - әнім мен махаббатым" атты патриоттық әндер байқауы өткізілді.

"Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз"

2011-12-12

12.12 күні директордың ТЖО Т.А.Достанованың жетекшілігімен "Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз" атты халықтар достығының фестивалі 5-7 сыныптары арасында жоғары деңгейде өткізілді.

Тарих пәні апталығы

2011-12-11

05.12-10.12 тарих пәні апталығы жарияланып, әдістемелік бірлестігінің жоспарына сай іс-шаралар атқарылды.

"Тәуелсіздік жолында"

2011-12-09

08.12 күні тарих пәні мұғалімі М.Ж.Джамекова 9-11 сыныптары үшін "Тәуелсіздік жолында" атты кең ауқымды конференция өткізді.

Сурет салу байқауы, жәрмеңке, "Жас ұлан"

2011-12-04

29.11.-03.12. аралығында 5-6 сыныптарының оқушылары үшін "Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет" атты сурет салу байқауы өтті. Үздік жұмыстар мектебіміздің "Ақпарат орталығында" ілінді.

02.12. күні ҚР Тәуелсіздік күніне арналған технология пәнінің мұғалімі Н.П.Бегалиева "Өнерлі өрге озар" атты қолөнер жәрменкесін ұйымдастырды.

03.12 күні мектебіміздің акт залында қалалық деңгейде өткен Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірім ұйымына қабылдау салтанатында мектебіміздің 7 оқушысы осы ұйымға қабылданды.

Менің Қазақстаным

2011-12-02

26.11.2011 ж. І мен ІІ ауысымның бірінші сабақтары "Менің Қазақстаным" атты тақырыпта өтті. Бастауыш сыныптарында "Қазақстан - менің Отаным" атты шығармалар сайысы мен "Қазақстан - біздің мемлекет" мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, жоғары дәрежеде өтті.

28.11.2011 ж. тарих пәнінің мұғалімі Ж.Б.Рамазанова 7-8 сыныптары арасында "Суров закон, но он - закон" атты викторина өткізді

"Жаңашыл психолог"



2011-12-01

2011 жылдың 28-29 қараша күндері №8 орта мектеп базасында "Жаңашыл психолог" атты сайыс өтті. Сайысқа қалалық орта білім беру мектептерінің психологтары қатысты

Біздің мектептен сайысқа психолог Назарханова Айнұр Сарсенбиқызы қатысты.

Сайыстың қорытындысы бойынша, Назарханова Айнұр Сарсенбиқызы II жүлделі орынға ие болды.

Айнұрды шын жүректен құттықтаймыз!

Мектепішілік ата-аналар жиналысы



2011-09-26

2011 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында біздің мектепте мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде:

1. 2010-2011 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысының есебі.

2. Діни экстремизмнің алдын алу.

3. Құқықбұзушылықтың алдын алу есебі.

4. Қоғамдық қоры. Жалпы ата-аналар комитетінің мүшелерін сайлау

Дәстүрлі Ислам

2011-09-25

14.09.2011 ж. Дәстүрлі Ислам дінін насихатау мақсатында іс-шаралар жасақталып, лездеме өткізілді.

5-11 сынып жетекшілері 19.09 - 24.09 күндері аралығында "Діннің қоғамдағы ролі" атты сынып сағаттарын өткізді.

Мектеп психологы А.Назарханова мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сауалнамалар жүргізді

23.09.2011 жалпы ата-аналар жиналысы өткізіліп, күн тәртібінде 2 сұрақ болып "Діни экстремизмнің алдын алу" атты баяндама қойылды. Баяндамашы - филология ғылымдарының докторы, профессор, ОблБАИ-ның жетекші маманы А.Демеуова.

9-11 сынып оқушылары үшін 22.09.2011 ж. "Иманды ұрпақ - ұлт болашағы" атты пікірталас өткізілді.

«Жер сілкінісі кезіндегі балалардың өзін-өзі ұстауы»

2011-09-20

«Жер сілкінісі кезіндегі балалардың өзін-өзі ұстауы»

«Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шаралары. Апаттың алдында және апаттан кейін не істеу керек?» атты 1-11 сыныптарында Т.А.Достанованың ұйымдастыруымен 08-15.09.2011ж аралығында дәріс сабақтары мектебіміздің акт.залында өткізілді.

10.09.2011ж АӘД мұғалімі Ф.О.Отуркулиева «Қауіпсіздік орындарға апаратын, орналастыратын жекелеген топ басшыларын, яғни сынып жетекшілерді алдын ала оқытып, эвакуациялық тәртіппен таныстырды. Азаматтық қорғаныс бастығы-Ш.А.Байдуллаеваның басшылығымен мектептің қосымша шығу есіктерінің жағдайы тексерілді.

15.09.2011 ж. І ауысым үшін 4-сабақтың кезінде 3 ұзын қоңырау соғылып, оқушылар сыртқа шығарылды, пән мұғалімдері эвакуацияға жауапты әкімшілікке баянат тапсырды. ІІ ауысым үшін дәл осындай жаттығу сабақтары 3 сабақтың кезінде өткізілді.Сынып жетекшілерге сынып сағаттарының жоспарына «Өмірің -өз қолыңда» атты сынып сағаттарын енгізу тапсырылды. Мектебіміздің акт залында кесте бойынша оқушыларға «Жер сілкіністері» атты бейнефильм көрсетілді.

Келді Наурыз мерекем!



2011-03-16

Келді Наурыз мерекем!

Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында қазақтың ұлттық әдет- арналған мерекелік шара өткізілді. Осыған орай әр сынып ғасырдан ғасырға жоғалтпай жеткізіп, алтын қазынасына айналдырған ұлтымыздың салт-дәстүрін көрсетіп, мерекелік шара халық әндерімен жалғасты.

ХХІ ғасыр індетінің таралуына жол бермейміз



2010-12-28

ЖҚТБ-ға қарсы күрес науқаны аясында "ЖҚТБ-ны тоқтат! Уәдеңді орында!" атты ақпараттық бұрыш жасақталды. Облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу орталығынан ұстаздар үшін әдістемелік құралдар (6 дана) мен оқушыларға арналған жаднамалар алынып, 9-11 сынып оқушыларына таратылды. И.А.Казанцеваның ұйымдастыруымен асфальтқа сурет салу сайысы өткізіліп, жеңімпазы 6 "В" сынып оқушысы К. Магерамов облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу орталығы ұйымдастырған сайысқа қатысты. Аталмыш орталық ұйымдастырған "Бұл палата ЖҚТБ-мен күресудің тиімді механизмін ұсынады" атты дебатқа 11 "Б" сынып оқушылары Р. Калашникова, Д. Котолов, А. Туманова қатысты.

Қалалық білім бөлімінің ұсынысы бойынша 5-8 сынып оқушылары ғасыр індеті болған ауру туралы диктанттар жазса, 9-11 сынып оқушылары осы тақырыпта мазмұндама жұмыстарын жазды

Айлық аясында АҚБҰО тарапынан өткізілген "Салауатты өмір салтын қолдаймыз" атты суреттер байқауына 8 "Г" сыныбының оқушылары Ю. Макарова мен А.Карбышева қатысып, ІІІ жүлделі орынға, осы тақырыпта өткізілген шығармалар байқауына 10 "А" сынып оқушысы Ж.Рысбекқызы қатысып, ІІ жүлделі орынға ие болды.

11 "А" сыныбында өткізілген ашық тәрбие сағатына Облыстық ЖҚТБ алдын алу орталығынан эпидемиологтың көмекшісі Р.О. Боздақбаева қатысып, "АҚТҚ/ЖҚТБ дегеніміз не? Қазақстандағы ЖҚТБ-ның жағдайы" атты лекция оқыды. ОЖҚТБ алдын алу орталығының жоспарына сай мектебімізге "Батыс-Арлу" қоғамдық ұйымының директоры А.Зәкібай келіп, 9-11 сынып оқушыларымен кездесті және оқушыларға интерактивті тақта бойынша "Дыбенко көшесі" деген слайд-шоу көрсетті.

Шара барысында 9-11 сыныптарында "Мен АҚТҚ/ЖҚТБ туралы не білемін?" атты сауалнамалар жүргізілді. "ЖҚТБ тоқтатамыз. Уәдені орындаймыз" атты шарада 9-11 сынып оқушылары қабырға газетін жасақтап, салауатты өмір салтын үгіттеу мақсатында қойылымдар көрсетті, ғасыр індеті болған ЖҚТБ-мен күресудің символы болған қызыл бауды төстеріне тағып жүрді.

Жасөспірімдердің арасында осындай шаралардың ұйымдастырудың ғасыр дертін тоқтатуға үлесін тигізері сөзсіз.

Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз



2010-12-14

16 желтоқсан

Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде жыл сайын атап өткізілетін "Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз" атты фестиваль өткізілді. Фестивальға 6-7 сынып оқушылары қатысып, әр сынып оқушылары қатысып, әр сынып өздеріне бекітілген ұлттардың әдеп-ғұрыптарымен, ән-билерімен, келген қонақтарды тән-тамашаға бөледі.

Фестиваль соңында ұлт өкілдері номинациялар бойынша марапатталды.

Қазақстанның ЕҚПҰ төрағалығы

2010-12-01

01.12.10 ж. – 02.12.10 ж. аралығында оқушыларды әлем тынысымен таныстыру, ғаламдық мәселелерге көзқарасын қалыптастыру мақсатында ҚР өткен ЕҚПҰ саммиті бойынша шаралар өтті. 5-11 сыныптары лекторлық топтар баяндама оқыды.

10-11 сынып оқушылары “Астана” алаңында үлкен экранды монитордан тарихи саммиттін басталуының куәгері болды.

Сол күні мектеп ұжымына тарих пәнінің мұғалімі А.Т.Батырбекова баяндама оқыды.

Тарих пәнінің мұғалімі Ш.Бопылова 9 сыныптарда “ЕҚПҰ-дағы Қазақ елінің басшылығы және Саммит” атты дәріс сабағын интерактивті тақтамен өткізді. Бұл сабаққа ардагер ұстазымыз Ф.С.Исханова қатысып, жастарға өз лебізін білдірді.

Бауыржан Момышұлы



2010-11-20

Бауыржан Момышұлы

"Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен" атты Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай Ш.С.Әзіғалидің ұйымдастыруымен әдеби-композициялық кеш өткізілді.

Осы кеште Шолпан Себепқалиқызы оқушыларға қайсар жүрек, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі туралы сонаға сіңіретіндігі жетік түсіндіріп, өз оқушылары дайындаған көріністерімен, патриоттық әндерімен кешті жалғастырып, кеш соңында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мектепке жол

2010-09-30

Мектебімізде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы өтті. Акция аясында мектепте аз қамтылған отбасылары  балаларына мектеп тарапынан 23400 теңгеге кеңсе тауарлары 32 оқушыға бөлініп берілді және демеуші болып қалалық білім бөлімі тарапынан 27600 тг 10 оқушыға мектеп құралдары сыйға тартылды.

Акцияға қамқорлық көрсету үшін ұйымдарға «Мейірімділік туының  астында»  тақырыбында хат жазылды. Жеке кәсіпкерлер Туманов Әбілжан мен Ізмақ Айтқали  тарапынан  мектебіміз күрделі жөндеуден өтуіне байланысты жабдықтауға ат салысты.

1-сыныпқа келген оқушылар мектеп формасымен және ыстық тамақпен қамтылды. Ыстық тамақпен аз қамтылған отбасылар балалары да қамтылды.  . Саяжайдан қатынап оқитын оқушыларды тасымалдау мақсатында «Үш Тұра» ЖШС өзара келісім жасалынып, автокөлікке мінгізуге жауапты кезекшілердің тізімі бекітілді.

Акция аясында шағын аудандарда ата-анасының қарауынсыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Жоспар бойынша оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланады. 

Мектеп асханасының тағамының сапасын тексеру мақсатында әкімшілік тарапынан комиссия құрылып, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп тұрады.

Бекет Атаның 260 жылдық мерейтойы

2010-09-18

Бекет Атаға - 260 жыл

Бекет Атаның 260 жылдық мерейтойына мектебімізде 4 сыныптар арасында «Сен Бекет Ата туралы не білесің?» атты викторина өтті. Қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Нұрсұлтанова Ж.О. ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында «Аңыз түбі ақиқат» атты ең үздік әңгіме сайысы өз дәрежесінде өтіп, жеңімпаздары марапатталды. 9-11 сынып оқушыларына мұражайға барды. Дене тәрбиесінің мұғалімдері өз сабақтарында ұлттық ойындар (күрес, тоғызқұмалақ) өткізді.

1-4 сыныптарда «Бекет ата баршамыздың атамыз» тақырыбында әңгімелер өтсе, 5-11 сыныптарында «Бекет ата Мырзағұлұлы - ұлысына ұран болған, елін жаудан қорғап, қол бастаған батыр» атты сынып сағаттары өткізілді.

Ұстаздық - ұлы қызмет

2010-09-15

Мектепте «Ұстаздар күніне» арналған «Ұстаздық - ұлы қызмет» атты онкүндік ұйымдастырылды. Осы онкүндікте мұғалімдерге арналған бұрыш «Ұстаздық - ұлы қызмет» атты тақырыбында жасақталды. «Білімді ұрпақ - жарқын болашақ» атты конференцияда «Педагог этикасы» атты баяндама екі тілде өткізілді. Ұстаздарға арналған мерекелік концертке ардагер ұстаздар шақырылып, сыйлық тартылды. Мектеп оқушылар өз бетінше сынып жетекшілеріне «Мың алғыс сізге, ұстазым» атты сынып сағаттарын өткізді.

Білім күні

2010-09-01

1-қыркүйек «Білім күні  01.09.10



1 қыркүйек «Білім күніне» арналған «Елбасы мұраты - ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты мерекелік салтанатты тәлім сәті өтті. Салтанатты жиын «Той шашуы» атты бимен басталды. Мерекелік шараға қалалық маслихатының депутаты Кутепов С. В., білім үйлестіру орталығынан Жақсылықова Г.М. қатысты. Барлық сыныптарда алғашқы сынып сағаты «Елбасы мұраты-ел бақыты, гүлденген Қазақстан» атты тақырыпта өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет