«Брәйн-ринг» сайысы
Бұл сайысқа 5-6 сынып оқушылары қатысып, 3 топқа бөлінді. 5-сынып оқушыларының топтарына «Тапқырлар» «Зеректер», 6-сынып оқушыларының топтарына «Жүйріктер», «Алғырлар» деп ат берілді. Әділ қазылар алқасы таныстырылды
І-бөлімде жеңіп шыққан екі топ, ІІ-бөлімге қатысып жеңімпаз атанады.
І-бөлім
«Тапқырлар» тобына қойылған сұрақтары:
Бөлімі 5 тең болатын дұрыс бөлшектерді атаңыз. //
2. Ең кіші уақыт өлшемі. /секунд/
3. 7 жай сан ба, құрама сан ба? /жай/
4. Ең үлкен екі таңбалы сан /99/
5. 6 пен 8 сандарының ең кіші ортақ еселіктері. /24/
6.15 санның бөлігі неге тең? /9/
7. Көбейтінділері 1-ге тең бөлшектер қалай аталады? /кері сандар/
8. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы /S=ab/
9. 15 санның бөлгіштерін атаңдар. /1,2,3,5,15/
10. аралас санды жай бөлшекке айналдырыңдар. 11/4.
«Зеректер» тобына қойылған сұрақтары:
1.Бөлімі 4 тең болатын дұрыс бөлшектерді атаңдар.
2. Ең үлкен уақыт өлшемі /1 ғасыр/
3. 8 жай сан ба, ұүрама ма? /құрама/
4. ең кіші екі таңбалы сан /10/
5. 4 пен 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі /12/
6. 20 санның бөлігі тең. /15/
7.Алымдары 1-ге тең бөлшектер қалай аталады? /аликвоттық/
8. Қашықтық табу формуласы /S=vt/
9. 16 санның бөлгіштерін атаңдар /1, 2, 4, 8,16/
10. аралас санды жай бөлшекке айналдыр. 17/5.
«Жүйріктер» тобына қойылған сұрақтары:
1. 2 ғасырда неше жыл бар? /200/
2. Қандай сандар қарама –қарсы сандар деп аталады?/ айырмашылығы тек таңбасында/
3. -25: (-5)тең. /5/
4Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? /0/
5. Миллионда неше ноль бар? /6/
7. Шаршының неше қабырғасы бар /4/
8. 14< -8 теңсіздігі дұрыспа?/ қате/
9. Екі теріс санның қосындысы қандай сан /теріс/
10. Масштаб дегеніміз не? /Сызбадағы өлшемнің нақты өлшеміне қатынасы/.
«Алғырлар» тобына қойылған сұрақтары:
1.3 аптада неше күн бар?/21/
2. Қандай сандар нольден артық /оң сандар/
3. Екі теріс санның көбейтіндісі қандай сан?/ оң сан/
4. -7 санның модулі тең /7/
5. 10000 неше ноль бар? /4/
6.Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?/3/
7. 15>-52 теңсіздігі дұрыс па? /ия/
8. Пропорция дегеніміз не?/ екі қатынастың теңдігі/
9. -16:8 тең /-2/
10. 1/3 жай бөлшегі периоды немесе периодсыз шектеусіз ондық бөлшек пе? /периодты шектеусіз/.
ІІ бөлім
/Оқушыларға логикалық есептер, жұмбақтар, есептеуге арналған сұрақтар қойылады/
-
Санға қосып, алсаң
Сол санның өзі шығады.
Санды оған бөдуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар ол санға
Шекесінен қараған,
Сан осін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған./ 0/.
2.Жылдың неше айында 28 күн бар/ әрқайсысында/
3.Егер бір жұмыртқаны 5 минутта қайнатса, 4 жұмыртқаны неше минутта қайнатады? /5/
4.40-ты 1/3-бөліп, оған 2-ні қоссақ, нәтижесі қанша болады? /122/
5.Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? /1,2,3/
6.Бөшке балымен 7 кг. Егер аюдың баласы балдың жартысын жесе, бөшке балымен 4 кг болады. Бөшкенің салмағы неше кг? /1/
7. Егер 2 кірпіштің салмағы 8 кг болса,1,5 кірпіштің салмағы неге тең?/ 6/
Әділ қазылар алқасы жеңген топты анықтап, сайысқа белсене қатысқан оқушыларды марапаттайды.
математикалық сайысы
5-6 сыныптар
Өткізген: Тоқсонбаева Ш.А.
Жаңақоныс негізгі мектебі
2011-2012 оқу жылы
/Жұмбақтар сайысы/
1.Бірін-бірі қоштаған
Бір үйден көрдім
42 дос-жаран. /42 әріп/
2.Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді,
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да
Бір мәреге келмейді./параллель түзулер/
3.Есігі біреу, бөлмесі бесеу./қолғап/
4.Бір үйде тұрады екен 50 батыр
Үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр./сіріңке/
5.Күшіне сенген бір мықты
Жығып салды сегізді. /шексіздік/
6.Мың кісіге бір белбеу. /сыпырғы/
7.Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? /дәреже/
8.Үш көзді батыр
Жолды аңдып жатыр. /бағдаршам/
9. Нәрселерді санағанда,
Керек бізге ол ауадай.
Айтыңдаршы, бұл қандай сан?
Жан-жағына қарамай? /натурал сан/
Достарыңызбен бөлісу: |