Салық кодексімен белгіленген алымдар Тіркеу алымдары



Дата20.06.2016
өлшемі63.29 Kb.
#149567
Салық кодексімен белгіленген алымдар

 Тіркеу алымдары

Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдармен келесі  тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде  алатын бір жолғы міндетті төлемдер:

1) мыналарды:

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

дара кәсіпкерлерді;

жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;

жылжымалы мүлік  кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

радиоэлектрондық құралдар  мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны);

2) жоғарыда аталған тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алынады.

Алым төлеушілер болып тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар табылады.

        Алым ставкалары салық кодексінің 456 бабымен белгіленіп, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне есептеледі.

Алымдарды төлеуден босату салық кодексінің 457 бабымен белгіленген.

  Алымдардың сомалары белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.

Алымдарды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алымдардың сомалары қайтарылмайды.

Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша олардың төленген жері бойынша  аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды табыс етпегенін растайтын тиiстi тiркеу органы берген құжаттарды олар табыс еткеннен кейiн салық органдары жүргізеді.

 

АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫМЕН

ЖҮРГЕНІ  ҮШІН АЛЫМ

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым): 

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi; 

4)   концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады. 

Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi,  егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

4. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

        Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгіленеді жәге салық кодексінің 461 бабымен белгіленген.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсат құжаттарын алғанға дейiн төленедi.

Алым сомасы рұқсат құжаттары алынған жер бойынша және (немесе) ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарын пайдалану орны бойынша бюджетке төленеді.



АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ

 

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.



Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады. 

       Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады.

Салық кодексінің 465 бабының 2 тармағында көрсетілген сатылатын мүлік (мүліктік құқықтар) құнынан алым алынбайды.

Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.

Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

 Алым төлеу  алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.

Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерiн жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бюджетке төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.  

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша жүргізеді.

Алым төлеушiлер аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей, өзі орналасқан жердегi салық органдарына алым жөнiндегi декларацияны табыс етеді.

 

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым

           Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде жағдайда алынады.

         Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган                  (бұдан әрi – лицензиар) жүзеге асырады.

        Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

       Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін  негізге ала отырып белгіленеді және салық кодексінің 471 бабымен белгіленген.

472-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

       Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

       Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.

        Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша лицензия алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.

 

 

ТЕЛЕВИЗИЯ ЖӘНЕ РАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ



ҰЙЫМДАРЫНА РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН

ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ

 

        Бұл алым байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат (рұқсат телнұсқасын) (бұдан              әрi – рұқсат) берген кезде алынады.



        Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 

        Салық кодекстiң 473-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушiлер болып табылады.

        Өздерiне жүктелген функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттiк мекемелер алым төлеушiлер болып табылмайды.

        Алым ставкалары салық кодексінің 475 бабымен белгіленген және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып есептеледі.



         Алым сомасы белгiленген ставкалар бойынша есептеледi және байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейiн телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленедi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет