Саметова Элмира Өсербайқызы



Дата21.06.2016
өлшемі16.68 Kb.
#151585
Саметова Элмира Өсербайқызы,

«Көкмардан» жалпы орта мектебінің ғылыми-инновация жөніндегі орынбасары

ОҚО, Отырар ауданы

Тақырыбы: Ата заңның айбары асқақ!


Қазақстан Республикасының конституциясы - мемлекетіміздің іргесін нығайтуға жаңа жүйненің орнығуына, саясат сахнасында Қазақстан Республикасының қанат жаюына серпін берген айшықты құжат.

Конституция –Қазақстанның тұрақты дамуы мен гүлденуінің берік негізі.

Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтық теңдігіне кепілдік береді.

Ата заң аясында орнаған әділдік тарихтан ойып тұрып орын алады. Өткен ғасырларда Әз Тәукенің «Жеті жарғысы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» атты заң нормалары болғанын заңгерлер ғана емес, бүкіл халық біледі. Беріде Қаз дауысты Қазабек би, Төле би, Әйтеке билердің халық арасындағы қара қылды қақ жарған әділдіктері - адам тағдырын шешіп, үкім шығаратын бүгінгі соттарға үлкен үлгі мен өнеге. Қазақтың «тура биде туған жоқ» деген тамаша аталы сөзі де әділдіктің нышанын көрсетіп тұр.

Сонымен бірге, Елбасы заңдарды қабылдаудан гөрі олардың қалай іске асырылып жатқанына баса мән беру керектігіне тоқталған. Халыққа Жолдауында «...тәуелсіз сот - демократиялық қоғамның бірден бір негізі. Біз сот жүйесінің жұмысында кез-келген істі ақшаға сатылмай, әділ шешетіндей етіп, дербес және жоғары кәсіптік деңгейде қамтамасыз етуіміз керек» деп атап көрсеткен. 2005 жылы сот тәжірибесіне алқа билер институтын енгізудің қажеттігін жеткізген болатын. Міне, қазір сол кездегі бастама өз нәтижесін беріп, бүгінгі таңда алқа билермен іс жүргізудің тиімділігі көрініп жатыр.

«Біздің басты мақсатымыз - қазақстандықтардың жаңа жалпыұлттық мұраттар мен құндылықтарды-құқықтың үстемдігін, жекеменшікті қорғауды, мемлекеттік дәстүрлерді, қазақстандық құндылықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы табыстарды өздерінің этностық мінез-құлық модельдерінен жоғары қоюына қол жеткізу»-деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев



Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды , өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу». Елбасының осы сөзін Қазақ елінің әрбір азаматы өзінің бойтұмары етіп алғаны жөн.Туған елдің байрағы, ата заңның айбары асқақтай берсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет