26
Қарашолақ бірде-бір түлкі ала алмай қояды. Осыдан жүріп Жиренше
алдында Абай ұялып қалғандай қысылады. Содан кейін топ екіге
бөлініп,Абай тобы Машаннан асып, Есболат Қарасуымен Жидебайға
қайтуды жөн көреді. Смағұл,
Тұрғанбай, Абылғазы және Жиренше бір
жолмен, ал Абай, Ербол, Шәке, Баймағанбеттер төте жолмен жүріп
кетеді. Абайлар жолға шыққанда қатты боран соғып, жолдан адасып
кетеді. Теріскей жолдарға түсіп, Машандағы
қоныстарға жете алмай
қалады. Еш жерден ық таба алмай, әбден жүдеп кетеді. Әсіресе Абай көп
қиналады. Осы кезде айқайлаған кісі дауысы естіледі. Абай оған лезде
жауап қатады. Бұл Абылғазы болатын. Олар қосқа кешеден алдын күні
жеткен екен. Абылғазы жол бастап, әрең дегенде қонысқа жетеді. Бұл
Найман дейтін байдың ауылы екен. Қонақтарды жақсы лебізбен қарсы
алады. Абай аяғын әрең басып, үйге кіргенде бір келіншек оның мойнына
асыла кетеді. Сөйтсе бұл Тоғжан екен.
Осы ауылдың Аққозы деген
семізіне тұрмысқа шығыпты. Қос ғашықтың баяғыдан көріскені осы
болатын. Абайдың суық бораннан ыстығы шығып, ахуалы қиындай
түседі. Түнді түн демей Тоғжан Абайдың қасында жылаумен отырады. Он
шақты күннен кейін Абай дұрыстала түседі.
Тоғжанның мына жағдайын
көрген Аққозы ағайындары Абайдың кеткенін жөн көріп, сыбырмен
жеткізеді. Содан көп іркілмей Абайлар Ақшоқыға қайтып кетеді. Абай
мен Тоғжанның кездескенін Әйгерім біліп қалып, одан да қатты ренжиді.
Ербол да өз қонысына қайтып кетеді. Абай тағы жалғыз сырлас досы,
айнымас серігі кітаппен қалады.
Достарыңызбен бөлісу: