Лекция жоспары: (2 сағат) Бақылау түрлері Бірлескен қызмет нысандары Бірігіп бақыланатын операциялар



Дата14.04.2024
өлшемі22.78 Kb.
#498672
түріЛекция
Тақырып 12


Тақырып 12. Бірігіп бақыланатын активтер, бірігіп бақыланатын компаниялар (ҚЕХС 31)
Лекция жоспары: (2 сағат)
1.Бақылау түрлері
2.Бірлескен қызмет нысандары
3. Бірігіп бақыланатын операциялар

1. Бақылау – ұйымның қаржы және операция саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.Үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі – бірлесе бақыланатын ұйымдағы үлес бастапқыда өзіндік құн бойынша ескеріледі, содан соң кәсіпкердің бірлесе бақыланатын ұйымның таза активтеріндегі үлесінде сатып алудан кейін болған өзгерістер бойынша түзетіледі. Кәсіпкердің пайдасы немесе залалы бірлесе бақыланатын ұйымның пайдасындағы немесе залалындағы оның үлесін қамтиды. Бірлескен қызметке инвестор - бірлескен қызмет туралы шарт бойынша сол қызметке бірлескен бақылауға қатыспайтын тарап.Бірлескен бақылау шарт бойынша келісілген экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бақылау бөлінген тараптар (кәсіпкерлер) арасындағы ортақ келісімді талап еткен жағдайларда болады.Бірлескен қызмет – екі немесе одан көп тарап экономикалық қызметке бірлескен бақылау бар жағдайда оны өзі бойынша жүзеге асыратын шартты келісім.


Тепе-тең шоғырлану – бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы кәсіпкердің үлесі кәсіпкердің қаржы есептілігіндегі ұқсас баптармен құрамдастырылатын, не оның қаржы есептілігінде жеке жолдармен көрсетілетін есепке алу әдісі.
Жеке қаржы есептілігі – басты ұйым, қауымдасқан ұйым инвесторы немесе кәсіпкер бақыланатын ұйыммен бірлесе ұсынатын есептілік, онда инвестицияларға есеп инвестициялар объектілерінің есептілікте берілетін нәтижелері мен таза активтерінің емес, ал тікелей қатысу үлесінің негізінде жүргізіледі.
Елеулі ықпал - инвестициялар объектілерінің қаржы және операциялар саясатына жеке-дара немесе бірлесе бақылау жасау мүмкіндігі емес, ал сол саясаттың мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі. Кәсіпкер – бірлескен қызмет туралы шарт бойынша сол қызметке бақылау жасаушы тарап.
Жеке қаржы есептілігі – тепе-тең шоғырлану немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу қолданылатын қаржы есептілігі де, еншілес те, қауымдастырылған да ұйымы, бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесі де жоқ ұйымның қаржы есептілігі де емес.
Жеке қаржы есептілігі – шоғырландырылған қаржы есептілігіне, инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, кәсіпкерлердің бірлескен қызметтегі үлесі тепе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі мұндай есептілікті толықтыруға немесе сүйемелдеуге міндетті емес.
2.Бірлескен қызмет нысандары
Бірлескен қызметті түрлі нысандар мен құрылымдар түрінде жүзеге асыруға болады. Осы Стандартта үш негізгі түр белгіленген - бірлесе бақыланатын операциялар, бірлесе бақыланатын активтер және бірлесе бақыланатын ұйымдар – бұлар осылай деп жинақтап аталады және бірлескен қызмет анықтамасына сай келеді. Мына сипаттамалар бірлескен қызметтің барлық түрлеріне тән:
(а) екі немесе одан көп компания шартты келісіммен байланысты;
(b) шарттық келісімдерде бірлескен бақылау орнатылады.
Бірлескен бақылау
Инвестициялар объекті заң жүзінде қайта ұйымдастырылатын немесе банкрот болған, немесе кәсіпкерге қаражат аудару жөніндегі өз мүмкіндігіне қатысты ұзақ мерзімді қатаң шектеулер жағдайларында жұмыс істеген кезде бірлескен бақылау алып тасталуы мүмкін. Егер бірлескен бақылау одан әрі жалғасатын болса, ол оқиғалар сәйкес бірлескен қызметті есепке алудан бас тарту үшін өздігінен жеткілікті негіз бермейді. Шарттық келісімнің болуы бірлескен бақылауды қамтитын қатысу үлесін инвестордың елеулі ықпалы бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардан өзгеше етеді. Өз негізінде бірлескен бақылау орнату туралы шарттық келісімі жоқ қызмет мақсаттарында бірлескен қызмет болып мойындалмайды. Шарттық келісімнің дәлелі, мысалы, кәсіпкерлер арасындағы шарт немесе олардың арасындағы келіссөздер хаттамасы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда келісім жарғыға немесе бірлескен қызметтің басқа да құрылтай құжаттарына қосылады. Нысаны қандай екеніне қарамастан, шарттық келісім, әдетте, жазбаша нысанда рәсімделеді және мына мәселелерге:
(а) бірлескен қызмет есептілігі бойынша қызметке, ұзақтыққа және міндеттемелерге;
(b) директорлар кеңесін немесе бірлескен қызметті басқарудың баламалы органын тағайындауға және кәсіпкерлердің дауыс беру құқықтарына;
(с) кәсіпкерлердің капиталға төлеген жарналарына;
және
(d) кәсіпкерлер арасында өндіріс көлемін, кірісті, шығысты немесе бірлескен қызмет нәтижелерін бөлуге қатысты болады.
Шарттық келісім бірлескен қызметке бірлескен бақылау орнатады. Мұндай талап бірлескен кәсіпкерлердің бір де бірінің бұл қызметке жеке-дара бақылау орнатуға мүмкіндігі болмайтынына кепілдік береді.
Шарттық келісім бір кәсіпкерді бірлескен қызметтің жетекшісі немесе басқарушысы етіп белгілей алады. Жетекші бірлескен қызметке бақылау жасай алмайды, ал шарттық келісімге сәйкес кәсіпкерлер келіскен және функционер ретінде оған табысталған қаржы және операция саясатының шеңберінде іс-қимыл жасайды. Егер жетекші экономикалық қызметтің қаржы және операция саясатын басқару жөніндегі өкілдіктерге ие болса, ол ондай қызметті бақылайды және ол бірлескен қызмет емес, ал оның еншілес ұйымы болып табылады.
3.Бірлесе бақыланатын операциялар
Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің операциялары корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлерден бөлек қаржы құрылымын құруды емес, ал кәсіпкерлердің активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды көздейді. Әрбір кәсіпкер өзінің негізгі құралдарын пайдаланады және өз қорларын жасайды. Оның сондай-ақ өз шығыстары мен міндеттемелері болады, ол өз міндеттемелері болып саналатын өзінің қаржыландыру көзін алады. Бірлескен қызметті кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері оның өзінің сондай қызметімен қатарластыра жүзеге асыра алады. Бірлескен қызметті тағайындау туралы келісімде әдетте бірлесе өндірілген өнімді сатудан түскен түсім және кез келген бірлесе жұмсалған шығыстар кәсіпкерлер арасында өз көмегімен бөлінетін құрал көзделеді.
Екі немесе одан көп кәсіпкер нақты өнімді, мысалы, ұшақты жасау, оны сату және тарату үшін өз операцияларын, ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін жағдай бірлесе бақыланатын қызметінің мысалы бола алады. Әрбір кәсіпкер өндірістік процестегі өз бөлігін жүзеге асырады. Әрбір кәсіпкер өз шығынын жұмсайды және ұшақты сатудан түсетін түсімнен өз үлесін алады, ал бұл үлес шарттық келісімге сәйкес анықталады. Бірлесе бақыланатын активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінің жекелеген нысандарында мыналарды:
(а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді;
(b) жұмсалған шығыстарды және бірлескен қызметпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін мойындауға міндетті.
Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.
Бірлескен қызметтің өзі үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің жасалмауы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер бірлескен қызмет нәтижелерін бағалау үшін басқару шоттарын әзірлей алады.
Бірлесе бақыланатын активтер
Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылау болуын, көп ретте – бірлескен қызмет мақсатында салынған немесе алынған және бірлескен қызмет мақсаттарына жетуге арналған бір немесе бірнеше активтерді кәсіпкерлердің бірлесе иеленуін көздейді. Кәсіпкерлер ол активтерді пайда табу үшін пайдаланады. Әрбір кәсіпкер активтермен өндірілген өнімнен үлес алуына болады және әрбір кәсіпкер шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады.
Бірлескен қызметтің мұндай түрлері корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе кәсіпкерлердің өздерінен бөлек қаржы құрылымын құруды қажет етпейді. Әрбір кәсіпкер болашақтағы экономикалық пайдалар үлесін бірлесе бақыланатын активтегі өз үлесі арқылы бақылайды. Мұнай мен газ өндіру саласындағы көптеген компаниялар, сондай-ақ минералдық шикізат өндіретін компаниялар бірлесе бақыланатын активтерді пайдаланады. Мысалы, бірқатар мұнай компаниялары мұнай құбырын бірлесе бақылай және пайдалана алады. Әрбір кәсіпкер мұнай құбырын өз өнімін тасымалдау үшін пайдаланады, ал оның орнына сол мұнай құбырын пайдалануға жұмсалатын шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады. Бірлесе бақыланатын активтің басқа мысалы - екі ұйым мүлікті бірлесе бақылайды, алынатын жалдау ақысының бір бөлігі әрқайсысына тиесілі және де шығыстардың тиісті бөлігін әрқайсысы өз мойнына алады.
Бірлесе бақыланатын активтерге қатысу үлесі жөнінде кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінде:
(а) активтердің сипатына сәйкес сараланған бірлесе бақыланатын активтердегі өз үлесін;
(b)өзі қабылдаған кез келген міндеттемені;
(с) бірлескен қызмет жөнінде басқа да кәсіпкерлермен қатар кез келген міндеттемедегі өз үлесін;
(d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;
(е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, мысалы, кәсіпкердің активтердегі үлесінің қаржыландырылуына, өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды мойындауға міндетті.
Бірлесе бақыланатын активтерге қатысудағы өз үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер:
(а) инвестициялар сияқты емес, ал бірлесе бақыланатын, активтердің сипатына сәйкес сараланатын активтердегі өз үлесін. Мысалы, бірлесе бақыланатын мұнай құбырының үлесі негізгі құрал ретінде сараланады;
(b) мысалы, активтердегі өз үлесін қаржыландыру жөнінде ол қабылдаған кез келген міндеттемелерді;
(с) бірлескен қызмет жөнінде басқа кәсіпкерлермен бірге қабылданған кез келген міндеттемелердегі өз үлесін;
(d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;
(е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, кәсіпкердің активтердегі үлесін қаржыландыруға және өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды өзінің есеп жазбаларына қосады және қаржы есептілігінде мойындайды.
Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.
Бірлесе бақыланатын активтерді есепке алу тәртібі бірлескен қызметтің мазмұны мен экономикалық мәнін және, әдетте, заңдылық нысанын көрсетеді. Бірлескен қызметтің өзіне арналған жекелеген есептілік жазбалар кәсіпкерлер бірігіп жұмсаған және, түптеп келгенде, қатысудың келісілген үлестеріне сәйкес олардың арасында бөлінген шығыстармен шектелуі мүмкін. Бірлескен қызметтің қаржы есептілігінің жасалмауы да мүмкін, дегенмен кәсіпкерлер бірлескен қызметтің тиімділігін бағалауларына мүмкіндік беретін басқару шоттарын дайындай алады.
Бірлесе бақыланатын кәсіпорындар
Бірлесе бақыланатын ұйым – корпорация, серіктестік немесе әрбір кәсіпкерлерде өзінің қатысу үлесі бар басқа ұйым құруды көздейтін бірлескен қызмет. Ондай ұйым, кәсіпкерлер арасындағы шарттық келісім оның экономикалық қызметіне бірлескен бақылау орнататыннан басқа жағдайларда, өзге ұйымдар сияқты жұмыс істейді.
Бірлесе бақыланатын кәсіпорын бірлескен қызметтің активтерін бақылайды, міндеттемелер қабылдайды, шығындар жұмсайды және пайда алады. Ол өз атынан бірлескен қызмет мүдделерінде шарттар жасайды және қаржы алады. Әрбір кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым пайдасының бір бөлігін алуға құқылы, алайда кейбір бірлесе бақыланатын ұйымдар бірлескен қызмет нәтижесінде алынған өнімнің бөлінуін көздейді.
Бірлесе бақыланатын кәсіпорынға тән мысал - екі ұйым нақты саладағы өз қызметін тиісті активтері мен міндеттемелерін бірлесе бақыланатын ұйымға беру жолымен біріктіретін жағдай. Оның басқа бір мысалы – ұйым басқа елдің үкіметімен немесе басқа агенттігімен ынтымақтаса отырып, сол ұйымның, үкіметтің немесе агенттіктің бірлескен бақылауында болатын жеке компания құру жолымен өз ісін сол елде бастайтын жағдай.
Көптеген бірлесе бақыланатын ұйымдар іс жүзінде бірлесе бақыланатын операциялар немесе бірлесе бақыланатын активтер деп аталатын бірлескен ұйымдарға ұқсас. Мысалы, кәсіпкерлер мұнай құбыры сияқты бірлесе бақыланатын активті салықты немесе басқа да себептерді басшылыққа ала отырып бірлесе бақыланатын ұйымға аудара алады. Кәсіпкерлер бірлесе пайдаланылатын активтерді бірлесе бақыланатын ұйымға нақ солайша енгізе алады. Кейбір бірлесе бақыланатын операцияларда қызметтің нақты аспектілерін жүзеге асыру үшін, мысалы, өнімді әзірлеу, өткізу, тарату немесе тауарды сатудан кейін қызметпен қамту үшін бірлесе бақыланатын ұйым құру көзделеді.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бақылау түрлері қандай болады
2.Бірлескен қызметте қолданылатын қаржылық есептілік түрлері
3. Бірігіп бақыланатын операциялар, активтер, міндеттемелердің анықтамасы және ерекшеліктері

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет