112 санын 11:5 қатынасында болатын екі санға бөлінді. Алынған сандардың кішісін табыңыз.
75 санын 7:8 қатынасында болатын екі санға бөлінді. Алынған сандардың үлкенін табыңыз.
Тосап дайындау үшін 3 бөлік таңқурайға 2 бөлік қант қосылады. 30 кг тосап алу үшін қанша килограмм қант алу керек?
Компот жасау үшін алма мен алмұртты массалары 5:4 қатынасындай алды. Барлығы 6 кг 300 грамм жеміс алынғаны белгілі болды. Алынған алманың массасын килограммен табыңыз.
Берілген пропорцияның ортаңғы мүшелерін ауыстыру арқылы жаңа пропория құрыңыз: а)18:15=30:25; в) 20:4=80:16; с) 3,5:0,7=4,5:09
Берілген пропорцияның шеткі мүшелерін ауыстыру арқылы жаңа пропория құрыңыз: а)18:15=30:25; в) 20:4=80:16; с) 3,5:0,7=4,5:09
Жұмысшы 11 күн тұрақты істеген жұмысына 2500 тг алады. Бұл жұмысшы 33 күн жұмыс істесе, неше теңге алады?
Толы хауызды 6 шүмек 12 сағатта босатады. Бұл шүмектердің нешеуі толы хауызды 36 сағатта босатады?
Бір жұмысты 9 жұмысшы 3 күнде бітіреді. Бұл жұмысшылардың 9-ы жұмысты неше күнде бітіреді?
Автобус A қаласынан B қаласына орташа 120 км/сағ жылдамдықпен 5 сағат жүрді. Бұл автобус бұл жолды орташа 60 км/сағ жылдамдықпен неше сағатта жүреді?
4 және 7 жастардағы екі бала 1100 тг-ні жастарына кері пропорционал түрде бөліп алды. Жасы кіші бала неше теңге алды?
Жүргізушінің байқауынша, 30 км/сағ жылдамдықпен жүргенде 48 с уақытта өтеді. Қайтар жолында ол осы көпірден 60 с уақытта өтті. Қайтар жолындағы жүргізушінің жылдамдығын табыңыз.
Үш санның қатынасы 1:2:5 қатынасындай. Ең үлкен сан мен ең кіші санның айырмасы 44-ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңыз.
300 г тұзды су ерітіндісіндегі тұз 15 г. Тұзды су ерітіндісінің концетрациясы неше процент?
Автобус бірінші сағатта баруға тиісті қашықтықтың 36%-ын жүргенде, әлі де жүрілмеген 256 км жол қалды. Автобуспен баруға тиісті қашықтық неше километр?
Альбомның бағасы алдымен 15%-ға, содан соң 150 теңгеге түсті. Екі рет арзандағаннан кейін альбмның бағасы 190 теңге болды. Альбомның алғашқы бағасын анықтаңыз.
Үш санды қосты. Бірінші сан қосындының 25%-ын, ал екіншісі 40%-ын құрады. Егер үшінші сан екіншіден 50-ге кем болса, үшінші санды табыңыз.
Екі қаланың арасы 28 км. Масштабы 1:100000 болатын картада бұл жолды белгілейтін кесіндінің ұзындығын табыңыз.
Масштабы 1:30000 болатын картада екі станцияның арасы 7 см. Олардың жер бетіндегі арақашықтығын метрмен жазыңыз.
Екі елді мекен арасын мотоциклші 60 км/сағ жылдамдықпен 2,5 сағ жүрді. Осы елді мекеннің картадағы арақашықтығы 3 см болса, картаның масштабын табыңыз.
Футбол қақпасының ені 7,3 м, биіктігі 2,4 м. 1:200 масштабымен футбол қақпасының сызбадағы ауданын табыңыз.
Ыдыстағы 3 литр шалаптың 90%-ы су. Олай болса, шалапта неше миллилитр су бар?
Ыдыстағы 4 литр айранның 83%-ы сүт. Олай болса, айранда неше миллилитр сүт бар?
Сыныпта 30 оқушы оқиды. Әр оқушыға күнде 100 мл-лік 1 йогурт беріледі. Олай болса, бір күнде оқушыларымызға неше литр йогурт беріледі?