Сарбас. – 2011. №39. – 30 қыркүйек – 6 қазан Абайқызы Б. Болашақ әскері топографтар



Дата21.06.2016
өлшемі41.82 Kb.
#151487
Сарбас. – 2011. - № 39. – 30 қыркүйек – 6 қазан

Абайқызы Б.



Болашақ әскері топографтар

Қазіргі таңда картаның қолданылмайтын саласы жоқ. Әскери, қорғаныс саласынан бастап, оқу жүйесі, байланыс, тіпті жарнама үшін де пайдаланылып жүр. Уақыт көші жылжыған сайын ғылыми жетістіктер де уақыт санап түрленуде. Бугін біз әскери саладағы әскери топография қызметіне тоқталмақпыз. Әскери істегі топография тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы.

2008 жылы Қорғаныс министрлігінің 188-ші бұйрығына сәйкес елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында тұңғыш рет «топографиялық қызметтер» деген мамандық ашылды. Іргелі білім ордасы, министрліктің тапсырмасы бойынша жылына 20 адам дайындайтын болды. Запастағы офицерлер болашақта әскерде топографиялық қамтамасыз ету қызметін атқаратын болады. Кафедра мамандарының айтуынша, 2008 жылға дейін Қазақстан бойынша әскери топография саласы бойынша мамандар дайындайтын жоғары оқу орыны мүлде болмаған. Тек Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Әскери училищиде жылына 3 адам ғана оқытылып келген екен. Әскери ортада осы маман тапшылығы мәселесі ескеріліп, аталмыш білім ордасында әскери топографтарды оқыту қолға алынған.

Бүгінгі таңда білім мекемесінде әскери топография пәні бойынша әскери ка-федраның аға оқытушысы запастағы полковник Ерлан Маусымбеков курсанттарға сабақ үйретеді. Алғашында Семей қаласында топографиялық техникум бітірген жас маман мамандығын шыңдау мақсатында Ле­нинград қаласындағы Топографиялық командалық училищесіне «Аэрогеодезия инженері» мамандығына түседі. Алғашқы еңбек жолын Түркістан әскери округіне қарасты Тәжікстанның қазіргі Ходжент қаласында бастайды. 1990 жылы Қазақстанға оралып, Семейде 1-ші әскери корпуста топографиялық қыз-мет бөлімінің бастығы болып істейді. Кейінен Қорғаныс министрлігінің Жедел – жоспарлау департаментінде топографиялық қызмет ашылып, аталмыш бөлімді басқарды. 2008 жылы денсаулық жағдайына байланысты зейнетке шыққан ағамыз қол қусырып отыруды жөн көрмей, ҚазАТУ-да алғаш рет топографиялық қызмет саласы бойынша ашылған мамандықтан сабақ беруге кіріседі.

- Маман даярлау үшін ең алдымен қажетті құрал-жабдық болуы тиіс,- дейді запастағы полковник Ерлан Маусымбеков. - Біз бүгінгі таңда дамыған қоғамда өмір сүріп отырмыз. Сандық электроника қарыштап қанатын кеңге жайған заман ғой бұл. Болашақ әскери топографтарымызға жақсы білім беру үшін ең алдымен қажетті бағдарламасы бар компьютерлер сатып алдық. Яғни, дамыған технологияның арқасында картаның бәрін компьютер арқылы сызатын болдық қой. Міне компьютердің көмегімен жүзеге асыру үшін дүниежүзі қолданатын озық бағдарламаны біз де сатып алдық, онымен жұмыс істеуді игердік. Атал­мыш бағдарламаны алдымен Америкаға тапсырыс беріп, кейін ол Ресейде орыс тіліне ауыстырылды, сосын барып бізге жеткізілді. Курсанттар 3 курста әскери топографиялық картаны сызуды осы аталмыш бағдарлама арқылы істейді. Мәселен, картаны сызады, өзгертулер енгізеді.

Мұндағы мамандардың айтуынша, картадағы өзгерістерді енгізу үшін алдымен далада жұмыс жасау керек. Ол үшін арнаулы аспап болады екен. Мәселен, бұрындары теодолит, сосын жарықпен ара қашықтықты өлшейтін, бұрышын жеке өлшейтін бірнеше түрлі приборлар болған. Осыдан шығаратын қорытындыны қолмен есептеу де көп уақыт алатын. Қазір осы аталған
міндеттерді кешенді түрде бір ғана аспаппен атқарады екен. Яғни ол тахеометрия деген жаңа аспап. Тахеометрия ара қашықтықты 12 шақырымдық жерден өлшейді. Ішінде арнайы ағдарламаның арқасында автоматты түрде есептеп, қорытындысын экранға шығарып береді. Курсанттар оны компьютер арқылы шартты белгілерін сызып, бірден өзгерістерді енгізеді. Мұндай замануи жабдықтарды сатып алуда университет басшылығы өте жақсы қолдау көрсеткен.

«Болашақ мамандар әскери салада қызмет жасаса да жасамаса да тәуелсіз Қазақстан үшін өте қажет мамандық. Себебі, топрафия - соғыс уақытында ең негізгі жауынгерлік кұжаттардың бірі болған. Командирлер көбінесе бір құжатпен жұмыс істеген. Ол - топографиялық құжат. Осы құжатпен соғыс жоспарын жасап, карта арқылы өздерінің бөлімшелерін басқарған. Әскери ортада «Байланыс - адамдардың қүлағы десе, карта - әскердің козі» деген ұғым бар. Сондықтан да топографиялық қызметтің маңызы мен рөлі зор», - дейді запастағы полков­ник Ерлан Маусымбеков.



С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни­верситеті Жерге орналастыру факультетінің 3 курс студенті Алмат Уахитов әскери кафедрада 332-ші топографиялық взводтың командирі. Алмат - озат курсанттардың бірі. Ол өткен оқу жылының жазғы практикасында Ерейментау ауданының картасын жасауға үлес қосыпты.

«Геодезия және картогра­фия» мамандығы бойынша білім алып жатқандықтан әскери кафедрада әскери топография мамандығын оқығаным мен үшін өте тиімді деп есептеймін,- дейді ол. Екеуі бір сала ғой, яғни теориялық білімімізді әскери ка­федрада шыңдаймыз. Жазғы практикада біз Қорганыс министрлігінің тапсырысы бойынша Ерейментау ауданының картасын жасадық. Мен үшін бұл қай-қай жағынан да пайдалы болды. Болашақта әскери салада қызмет еткім келеді. Оқимын, үйренемін деген адам үшін әскери кафедрада барлық жағдай жасалған. Ең бастысы ұстазымыз білікті маман. Әскери кафедрада оқып жатқан 40 курсанттың 20-сы алдағы жылы оқуларын тәмамдайды. Олар өз елінде әскери топо­графия мамандығын меңгерген алғашқы қарлығаштар десек те болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет