Қазіргі діни стиль және ислам лексикасын орыс тіліне аудару мәселелері



Дата01.07.2016
өлшемі79 Kb.
#170319
­Киынова Ж.К.

(доцент кафедры русского языка КазНУ им. аль-Фараби)



ҚАЗІРГІ ДІНИ СТИЛЬ ЖӘНЕ ИСЛАМ ЛЕКСИКАСЫН ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақала қазіргі діни дискурстың тілдің функционалды-стилистикалық және мәдени-тарихи парадигма жүйесінде зерттелуіне арналған. Мақалада аталмыш феноменді зерттеуде ғалымдардың әртүрлі пікірлері қарастырылып, тілдің перифериясында қалып қалған тілдік элементтердің қайта жаңаруына байланысты семантика-стилистикалық үрдістер сипатталынады. Сонымен бірге орыс тілінен қазақ тіліне ислам діни лексикасының аудару тәсілдері талқыланып, оларды семантикасы баламалы болып табылатын шіркеуславянизмдермен беру мүмкініділігі қарастырылады.

The article is devoted to the study of a modern religious style in the system of the functional-stylistic and cultural-historical paradigms of language. It discusses the different approaches of scientists to study this phenomenon, as well as specific examples of the semantic-stylistic processes associated with the rehabilitation of linguistic elements, caught on the periphery of the language. The Islamic religious vocabulary translation ways from the Kazakh language into Russian languag and the ability to transfer the equivalent in semantics Church Slavonics are analyzed in the article.

Қазіргі кезең лингвистикасының, оның ішінде функционалды стилистика саласының көкейесті мәселелерінің біреуі – ол функционалды стильдер жүйесіне діні, немесе шіркеу-діни стилін (Крысин Л.П., Крылова О.А. т.б.) кіргізуі және осы мәселеге қатысты ғалымдардың әртүрлі көзқарастарының дау тудыруы . Бұл қазіргі заманда қоғамдық өмірдің маңызды салаларының бірі – дін аясын қамтамасыз ететін стиль қажеттілігінен пайда болды. Орыс тілінің стилистикалық энциклопедиялық сөздігі аталмыш діни стильге келесідей анықтама береді: «Церковно-религиозный стиль – функциональная разновидность современного русского литературного языка, обслуживающая сферу церковно-религиозной деятельности и соотносящаяся с религиозной формой общественного сознания» [1:612]. Қазіргі кезде діни стильдің дін саласында белсенді қызмет істеуі, жеке стиль болып қалыптасуы айқын. Оның тек өзіне тән ерекше, стилистикалық белгіленген лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құралдар жүйесі және объективті стильқұраушы факторлары бар. Дәстүрлі, әдеби тілде қалыптасқан стильдер әртүрлі, тек өздеріне лайық салаларға қызмет етуіне байланысты әртүрлі қоғамдық сананы қамтиды: ауызекі стиль - әдеттегі сананы, ғылыми – ғылымдық, ресми-іскерлік – құқықтық, публицистикалық – идеологиялық, әдеби – эстетикалық, ал діни стиль – діндік сананың көрсеткіші болып табылады.

Жалпы діни дискурстың пайда болуына және жеке функционалды стиль болып қалыптасуына қоғамдағы өзгерістер тура әсерін тигізеді. Тарихты еске алатын болсақ, Қазан төнкерісінен кейін дін тақырыбына табу қойылып, кеңес дәуірінде аттеисттік идеология кеңінен насихатталған, соның нәтижесінде қоғам мүшелерінің дінге көз қарастары теріс болып, оны социалістік болмысқа қарама-қарсы келетін ақиқат ретінде танылатын қағида (догма) деп қабылдаған. Кейін, кеңес дәуірі аяқталып, одақтас республикалар егемендікке ие болып, жеке мемлекет болып қалыптасуымен бірге ұмыт болған жалпы адамзат рухани құндылықтары қайта оралуы басталды. XX ғасырдың соңында орын алған посткеңестік кезеңдегі қоғамдық-саяси және мәдени өзгерістер қоғамдық сананың сапалы өзгеруіне әкеледі, сол посткеңестік кеңістіктегі мәдени-тарихи парадигмаларының ауысуы діндік сананың, сонымен байланысты ерекше дүниетанымның қалыптасуына, ықпалын тигізді. Ал тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан қоғамдағы өзгерістердің барлығына әрекет етеді. Сондықтан тілдің перифериясына қолданбағандылықтан шығып кеткен, дінге байланысты лексика қайта орала бастайды. Орыс тілінде дінге байланысты лексиканы шіркеуславян тілінен христиан дінін қабылдаумен бірге ауысқан сөздер құраса, қазақ тілінде – ол көбінесе араб тілінен, ислам дінімен бірге келген сөздер. Дінге байланысты лексемалардың кеңінен қолданылу динамикасы қоғамның дінге аса көңіл бөлуін дәлелдейді. Осыған байланысты Оноприенко С «Библеизмы в современном русском языке» атты кандидаттық диссертациясында осы Қасиетті кітаптағы сөздердің қазіргі тілде қолданылу себептерін зерттеп, осылайша пікір айтады: «За свою тысячелетнюю историю Русская Православная церковь во многом повлияла на образ жизни, склад национального характера, культуру и искусство русского народа, а церковнославянский язык оказал большое воздействие на развитие русского языка. Изменение отношения общества к церкви сказались и на русском языке. В русский язык и литературу решительно вторгаются реалии, связанные с возрождением большого пласта духовной жизни – христианства. Лингвистический материал, относящийся к данной области, охватывает не только обширные слои полузабытой русской и старославянской лексики и фразеологии, но и графику, фонетику, орфоэпию, стилистику текста» [2:9].

Соңғы кезде діни дискурсты жан-жақты, әртүрлі аспектіден зерттеу ғалымдардың аса қызығушылығын тудырып отыр және осы мәселе қазіргі тіл білімінде көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе тілдің функционалды түр бөлігінің бірі – діни дискурстың ішкі жіктелуіне байланысты бірнеше көзқарастар қалыптасты: діни тілді әлемнің тілдік бейнесінің бір үзіндісі ретінде зерделеу, діни мәтінді зерттеуде стилистикалық, жанрлық, коммуникативтік, әлеуметті лингвистикалық, теолингвистикалық т.б. көзқарастар. Осыған байланысты соңғы онжылдықта танымал ғалымдардың көптеген, діни коммуникацияны зерделеу еңбектері жарық көрді. Діни комуникациясын зерттеулер негізін стилистикалық көзқарас құрайды, оның өзін екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт – рухани сөйлеудің қазіргі әдеби тілдің стилистикалық жүйесі дамуындағы қызметін қарастыру, сол тілдің стилистикалық ресурсының кеңеюін, байуын және функционалды-стилистикалық парадигмасын нақтылау.

Қазіргі сөйлеу тәжірибесінің міндетті бір құрамы ретіндегі рухани сөйлеудің қажеттілігі әдеби тілдің стилистикалық жүйесінде болып жатқан кейбір өзгерістерге өз ықпалын тигізді. Осыған орай бірнеше семантика-стилистикалық үрдістерді белгілеуге болады: тілдің перифериясында қалып қалған тілдік элементтердің реабилитациясына, олардың «қайта жаңдануына» экстралингвистикалық факторлар себеп болды; діни лексиканың негативті стилистикалық бағалануынан «босауы», яғни деатеизация үрдісінің орын алуы (Бугаева 2008); конфессионалды лексика мен идиоматиканың пассивті сөздіктен жалпы қолдананысқа өтуі; діни тақырыптағы көнеславянизмдердің семантикалық трансформациясы; көнеславян шығу тегі бар жалпыәдеби сөздерді қайта бұрыңғы қалпына келтіру және кең қолданысқа тарту (Костомаров 1994); діни тақырыптық топқа жататын сөздердің лексикалық мағынасының тарылуы / кеңейуі.

Діни қатынас аясының стилистикалық зерделеуінің екінші бағыты діни мәтіндердің тілден тыс және тілдік қасиеттерін зерттеуді қамтиды. Осы мәселеге қатысты еңбектерде қазіргі рухани сөйлеудің стилистикалық мәртебесі анықталып, діни стильдің экстралингвистикалық параметрлері айқындалады; діни мәтіндерде қызмет ететін әрдеңгейлі стильбелгілейтін құралдарды анықтау; мазмұндық маңызы бар және аталмыш стильге тән тілдік параметрлерді айқын көрсететін мәтін жанрларын сипаттау (Крысин 1996, 2003; Кожина 1997, 2008; Крылова 2000, 2003, 2007; Прохватилова 2004, 2008; Ярмульская 2006, 2008 и др.).

Дискурсивті көзқарас діни коммуникациясының сөйлеу типтері мен жанрларын біріктіретін құндылықтарды, интенцияларды, мақсаттарды зерделеумен байланысты. Сонымен қатар діни дискурс дискурстың институционалды типтерімен бір қатарда қарастырылады (Карасик 1999) және белгілі бір құндылықтар жүйесін құрайтын күрделі коммуникативті-мәдени феномен болып табылады (Бобырева 2007).

Діни коммуникацияны зерттеудегі әлеуметтік лингвистикалық көзқарас адамның белгілі бір дін-конфессионалдық қатыстылығын тілдік фактілер арқылы дәлелдеу. Мысалы, И.В.Бугаеваның жұмыстарында бірыңғай әлеуметтік ұстанымдары және құндылық бағдарлары бойынша біріккен бір топ адамдарға тән сөйлеуді діндік социолект (религиолект) деген ұғымдар ұсынылды.

Діни дискурсты зерттеу барысында ғалымдар (Гадомский 2008, Кончаревич 2004) қалыптасқан әртүрлі көзқарастар әлеуметтік маңызы зор дін аясында адамның сөйлеу әрекетін тіл шеңберінде зерделейтін теолингвистика атты жаңа кешенді ғылыми пән құру идеясы ұсынылды. Дін мен тілдің арақатынасы, сол екі бір біріне қарама-қарсы қоғамдық сананың формаларының байланысын Н.Б.Мечковская «Язык и религия» атты кітабында жан-жақты зерттеп, антропоцентристік лингвистикаға зор үлесін қосты: «По характеру своего содержания язык и религия занимают в ряду других форм общественного сознания крайние точки: это полярные противоположности. Язык заключает в себе самую простую, элементарную картину мира; религия – самую сложную, при этом в содержание религии входят компоненты разной психической природы (чувстенно-наглядной, логической, эмоциональной, интуитивной, трансцедентной). Язык и религия, с точки зрения философии, относятся к категориям духовной культуры человечества. Это две формы общественного сознания (наряду с обыденным, или массовым, сознанием, моралью и правом, искусством, наукой, философией, идеологией), т.е. два отображения мира в сознании человечества, два разных образа мира...» [3:23]. Ғалымның осы еңбегі жарық көргеннен бастап көне әлемдік діндердің тілдегі көрінісі аса қызығушылық таныта бастады. Біздің ойымызша, дәл осы еңбек теолинвистика атты жаңа ғылымның қалыптасуына себепші болды.

XX ғасыр аяғындағы қоғамдық өмірде орын алған түбегейлі өзгерістер әртүрлі семантикалық үрдістерді қарқындатты, олардың іншіндегі ең белсендісі – архаизация және деархаизация деп айтуға болады. Әдетте, сөз өзінің тарихындағы белгілі бір кезеңдерден өтіп барып, ескіріп бара жатқан, немесе ескірген сөздер қатарына ауысады: пайда болған кезеңі, жаңалығын жоғалту және сөздің бейтарап сөздер қатарына ауысуы, белсенді сөз қолдануынан шығып кетуі. Бірақ сөз ескірген сөздер қатарына өтіп кетсе де, ол тілден мүлдем жоғалып кетпейді. Олар мәдениет, әдебиет мәтіндерінде пайдаланып, белгілі бір қоғамдық-тарихи кезеңдерде өздерінің мағынасын маңызды қылып, белсенді қызмет істей бастайды. Сондықтан ескірген және ескіріп, көңеріп бара жатқан реңктері бар сөздердің «қайта жаңдануы», олардың белсенді қолданысқа қайта оралуы (лексикалық деархаизация үрдісі) – сөз тарихындағы қашанда жаңа бір кезең. XX ғасырдың аяғындағы – XXI ғасырдың басындағы белсенді сөйлеу қолданысына қайта оралған сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады:



  1. Белгілі бір тіл иеленушілердің қоғамдық өмірін және болмыс-тұрмысын белгілейтін реалий – сөздер.

  2. Дін аясына қатысты сөздер және халықтың салт-дәстүрін, рухани, моральды құндылықтарын бейнелеп көрсететін «жоғары» лексика.

  3. Кеңестік болмысқа жат, 1917 жылғы Қазан төңкерілісінен кейін ескірген лексикалық бірліктер. Бірақ олар шет елдік өмір (капиталистік мемлекеттердегі болмыс) реалийлерін атау үшін қолданылған, сондықтан да тілде өз қызметін ары қарай атқара берген.

Соңғы жалдардағы тіл мәселелерін зерттеуде осы тілге қайта оралған лексикаға көп көңіл бөлініп жатыр. Мәселең, қазақстандық ғалым Е.В.Андрейченканың «Возвращенная лексика русского языка конца XX века: лингвистический статус, социокультурная детерминированность, функционирование» атты кандидаттық диссертациясында қайта оралған лексика жан-жақты қарастырылған. Оның пікірінше, «среди возвращенных слов, представляющих собой разные тематические группы, наиболее многочисленными является группа слов с религиозной семантикой, воспринимающихся в синхронии как относительные неологизмы, т.е. номинативные единицы, востребованные на новом синхронном срезе истории русского языка под влиянием социального взрыва, произошедшего в середине 80-х – начале 90-х годов XX века. Относительная неологичность возвращенной лексики объясняется «языковой памятью» народа – носителя языка, в реальной действительности вернувшегося к утерянным духовным и материальным ценностям, определяющим общую культуру народа, говорящего на этом языке. Возвращенная лексика занимает особое место в системе русского литературного языка новейшего времени, поскольку содержащиеся в ней ретроспективно-синхронные наслоения позволяют оценивать состояние ментальности и миропонимания носителя языка в динамике, а также прогнозировать связанные с ним последующие изменения в лексической системе. С учетом подобной особенности возвращенные слова могут выступать в роли сигналов эпохи, по характеру функционирования которых возможно распознать конкретный исторический период в истории языка [4:17].

Қайта оралған сөздердің тематикалық топтарының ішінде ең үлкені – ол дін лексикасы. Қазіргі кезеңде аталмыш лексика кең қолданысқа ие, ол, әрине, қоғам мүшелерінің дінге деген көзқарастарын білдіреді және жаңа уақыттың мәдени реалияларына сәйкес лексика болып қабылданады. Басқа қайта оралған сөздермен салыстырғанда дін тақырыптағы белсенді қолданыстағы сөздер семантикалық өзгерістерге ұшыраған жоқ. Кеңестік өкімет орнатылған жылдарда бұл сөздер адамдардың тілдік санасынан шығып, лексикалық жүйенің перифериясына жылжытылған. Сондықтан қазіргі таңда осы сөздерді анықтап, діндік ұғымдар мен терминдердің мағынасын түсіндіретін арнайы сөздіктер, энциклопедиялар құру қажеттілігі пісіп жетті. Осы орайда Г.Н.Скляревскаяның «Словарь православной церковной культуры» атты сөздігі шіркеу реалийлерді толығымен ашып түсіндіреді. Аталмыш сөздіктің ең басты мәселесі - діншілдікке жаңа көзқарасты қалыптастыру және қоғамның рухани өмірін белгілейтін лексиканы қалпына келтіру. Осы көлемді, мәдениеттану жағынан маңызы зор лексикалық разрядтың лексикографиялық сипаттамасы мен лингвистикалық талдауынан басқа сөздік сол сөзге қатысты әртүрлі мәліметтерді, яғни энциклопедиялық көрсеткіштерді береді. Кеңес дәуіріндегі сөздіктерде сөздің толық дефинициясы берілмей ғана қалмай, сонымен қатар осындай сөздердің актуалды емес, олардың қолдану аясы шектеулі екендігі көрсетіліп өтетін. Бұл сол кеңес дәуіріндегі атеизмді насихаттау, діндік лексиканы қолдануға табу, яғни тыйым салынуымен түсіндіріледі. Мысалы, «Үлкен академиялық сөздіктен» алынған келесі сөздік мақалада келесідей дефиниция кездестіреміз: «Православие – христианское вероучение, сложившееся в Византии, в отличие от господствующего на Западе католицизма, являвшееся официальной религией в России» (БАС, т. 11). Бұл жерде есімшенің өткен шақ формасы қолданылған.

Бүкіл адамзат тарихтың, қоғамдық өмірдің едеуір бөлігін діндік шеңбер құрайды. Дін адамның айырықша әрекетінің күрделі әлемі болып табылады, сондықтан да діндік дүниетаным, салт-дәстүр және діндік мораль халықтың күнделікті өміріне еніп, оның ұлттық ерекшеліктерін сіңіріп алады. Діндік тілді әлемнің тілдік бейнесінің фрагменті ретінде зерделеу соңғы кездері актуалды мәселелердің бірі болып табылады.. Аталған себептер діндік лексиканы экзотикалық лексиканың бір бөлігі ретінде қабылдануының, сондықтан да баламасыз, яғни басқа тілдерге аударылмайтындығының көрсеткіші болып табылады. Діндік лексиканың бір тілден екінші тілге аударылуында көп жағдайда баламасыз болып табылатындығы - белгілі бір діннің сол халықтың мәдени-психологиялық ерекшеліктерін қамтитыны. Мысалы: церковь – мечеть, кирха – костел – синагога; священник – поп (батюшка) – мулла – пастор – ксендз – раввин – лама; обедня – месса – імша; игумен (православия монастырінің бастығы) – аббат (католиктер монастырінің бастығы) т.б.

А.А.Алдашева «Аударматану: лингвистикалық және лигвомәдени мәселелер» атты монографиясында діні теологиялық атауларды баламасыз лексика қатарына жатқыза отырып, былай деп жазады: «Ұлттық-мәдени ерекшеліктерді білдіретін реалийлердің тағы бір тобы – діни теологялық атаулар. Діни атаулар да – тілдің кумулятивті қызметінің жемісі. Әрбір тілде діни ұғымдарды, түсініктерді қамтитын термин сөздер, сөз тіркестері, тұрақты тіркестер бар. Діни наным-сенімнің, діни салттың ұқсастығына қарай мағыналық көлемінде жуықтық болатын діни атаулар, діни шен, санат аталымдар кездеседі; мысалы, орыс тіліндегі пост – «предписываемое церковными правилами воздержание от скромной пищи, а также период такого воздержания» (СРЯ, III, 321); қазақ қауымдастығындағы діни салт-дәстүрдің бірі ораза – «отыз күн бойы күн шыққаннан күн батқанға дейін ас-су ішуге болмайтын, діни бес парыздың бірі» (ҚТТС, 7, 447) дегендерді білдіреді; екі тілдегі діни терминді ортақтастыратын жағдай дифференциалды семалардың бірінің (воздержание от скромной пищи – ас-су ішуге болмайтын) мағыналық жуықтығы. Осыған байланысты екітілді сөздік пост – ораза қатарларын сөздіктегі нақпа-нақ сәйкестік ретінде көрсетед. Пост – ораза қатарлары бұдан ширек ғасыр бұрын екі халықтың мәдениетінде қоғамдық-саяси мазмұны бәсең, жұмсалу жиілігі төмен лексикалық единицалар болды. Аудармашылар бұларды функционалдық қызметі қосалқы, контексте эстетикалық функциясы жоқ, ақпарат беруге қатысты тілдік элемент деп есептейді. Сондай-ақ діни шен, санат атаулары да екі халықтың мәдениетінде бар (пірәдар, қазірет, муфти – поп, священник, дьякон); алайда олардың мағыналық-ұғымдық көлемінде айырмашылықтар бар, сонымен қатар әр тілдегі санат, шен атауларының ұлттық-мәдени белгісі өте айқын. Демек, түпнұсқаның мазмұнын сақтау мүддесі үшін теологиялық терминдердің ұлттық мәдениетке тән сипаттарын ескермей пайдалану барлық уақытта да бірдей сәтте бола бермейді» [5:187-188].

Әр халықтың діни қағидаларына және діни салт-дәстүріне қатысты ерекшеліктерді нақты танытатын қатар - теологиялық мазмұндағы фразалық тіркестер. Қазақ халқының діни салттарды ұстану дағдысынан тұрақталған бата беру, жеті нан пісіру және оны тарату, топырақ салу фразлар басқа тілдерде кездеспейді; бұлар ұлттық мәдениетке негізделген түсінік, ұғымның күрделі тұрақты атаулары. Өзге мәдениеттегі діни дәстүрді білдіретін күрделі атауларға балама ету сәтті емес, өйткені әр контекстегі фразалардың ұлтық бояуы-колориті өте жоғары, олардың мағыналары жақын болғанымен, бір-біріне функционалды балама бола алмайды.

Қазіргі кезде ислам діни лексикасын басқа тілдерге, әсіресе орыс тіліне аудару мәселелері ғалымдар арасында аса қызуғушылық танытады. Ресей мемлекетінде бірнеше ғасырлар бойы Ислам діні кең тарағанына қарамастан, мұсылмандық діни лексикасы орыс тілімен игерілмеген. Себебі мұсылмандарға араналған қасиетті мәтін – Қоран түпнұсқасы теқ қана араб тілінде берілген. Революцияға дейінгі ресейлік мұсылмандық дін ілімін таратушылардың еңбектері араб немесе басқа ұлттық (көнетатар, даргин, құмық) тілдерінде жазылған.

Бір тілден екінші тілге сөзді аударудың екі тәсілі бар: мағынасы тепе-тең лексика-семантикалық бірлікті іздестіру; транскрипция немесе транслитерация арқылы сөздің айтылуын, жазылуын беру. Осы орайда араб тілінен енген діни терминдерді басқа тілдерге, соның ішінде орыс тіліне аудару ізденуді, фондық ақпаратты жақсы меңгеруді, жалпы айтқанада аудармашының лингвоэтникалық құзыретінің қалыптасуын талап етеді. Діни лексикаға толықтай балама іздеп табу көптеген жағдайда мүмкін емес. Мысалы, малик (малаик) возможно перевести как ангел, Иблис – Сатана, иман – вера, инкар – неверие, саля (ас-салят) – молитва, саум – пост, джанна (джаннат) – рай – осындай эквиваленттері бар сөздер де аударманың дәлме-дәл болуын екі талай етеді.

Көбінесе ислам діни терминдердің орыс тіліне аударылуында христиан мәдениетінің ұғымдары мен бейнелері қолданылады. Бірақта дін ілімінің қыр-сырларына үңілетін болсақ мұсылмандық Ібіліс христиан дәстүріндегі Сатана бейнесіне тепе-тең бола алмайды. Жаннат концепциясы да салыстырылған екі дінде әртүрлі. Салят – міндетті түрде күнделікті бес уақыт оқылатын намаз, басқа, өз атынан оқылатын сүрелерді дуа деп атайды. Ол орыс тіліне мольба, взывание, просьба деп аударылады. О дүниені загробный мир деп аударылуы мұсылмандық рәсімдерге қараама-қайшы болып келеді, олар өлген адамды табытқа салып жерлемеген.

Айтылған жайыттар мұсылмандық діни терминдердің орыс тіліне аударуды жоққа шығармайды, алайда аудармашылар орыс тілді мұсылмандарға түсінікті болатын, осындай діни әдебиетті қабылдауда қиындықтар туғызтпайтын басқа, тиімді жолдарын іздеу қажет, мысалы кітапта қосымша түсініктемелер, сілтемелер, ексертулер беру.

Діни лексика баламасыз болуына байланысты көптеген жағдайда сипаттама аударманы қажет етеді: таввакуль – «упование на Бога, умение снять с себя любую моральную и психологическую тяжесть после выполнения всего необходимого, проявления смирения, вверив себя воле Господа и положившись на его всесилие и всезнание» [6:461]. Сөз транслитерация немесе транскрипция арқылы жазылады, содан кейін оның түсіндірмесі беріледі. Біздің ойымызша, діни мәтіннің басқа тілде аудармасын ұсыну сол кітапта кездесетін сөздерге міндетті түрде түсініктемелер болу керек, сонда оқырмандар аударманы толық қабылдай алады.

Қазіргі кезеңде ислам діни лексикасының орыс тіліне ауысуы бастапқы сатысында, сондықтан да лексемалардың фонемдық құрылымының орнықсыздығымен сипатталынады. Осыдан орыс тілінде сәйкестігі жоқ дыбыстарды дұрыс графикалық берілу мәселесі пайда болады. Фонетикалық (фонемдік) алмасу сөзді транслитерация немесе транскрипция арқылы аударылуында айқын көрінеді. Мысалы, артикльдерді аударғанда: ас-салам, аль-китаб, аль-кудси т.б.

Қорыта айтқанда, қазіргі антропоцентристік лингвистиканың көкейтесті мәселерінің біреуі – ол тілдің функционалды жүйесінде діни стильдің қалыптасуы және діни теологиялық терминдердің басқа тілдерге аудару мәселелері. Қазіргі діни дискурс феноменін зерттеу көп ізденістерді талап етеді.


Литература:

  1. Крылова О.А. Церковно-религиозный стиль // Стилистический энциклопедический словарь русского языка. – М., 2003.

  2. Оноприенко С. Библеизмы в современном русском литературном языке: Автореф. дис. … канд. филол. наук. – Воронеж, 1997. – 19с.

  3. Мечковская Н.Б. Язык и религия: Пособие для студентов гуман. вузов. – М.: Агенство «ФАИР», 1998. – 352 с.

  4. Андрейченко Е.В. Возвращенная лексика русского языка конца XX века: лингвистический статус, социокультурная детерминированность, функционирование: Автореф. дис. … канд. филол. наук. – Алматы, 2007. – 23с.

  5. Алдашева А.А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 1998. – 215 б,.

  6. Аляутдинов Ш. Путь к вере и совершенству. – М., 2005


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет