Сарбаз. – 2015. – 18. – 6 мамыр АҚпарат ағыны ардагерлердің ерліктерін әспеттеді



Дата12.07.2016
өлшемі8.53 Kb.
#195059
Сарбаз. – 2015. – 18. – 6 мамыр

АҚПАРАТ АҒЫНЫ


Ардагерлердің ерліктерін әспеттеді
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойна орай Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универсиетінің студенттері оқу орны жанындағы Әлия Молдағұлованың ескертікішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты рәсім университеттің әскери кафедрасында жалғасты. Онда оқу орнының ректоры Ақылбек Күрішбаев көпшілікті мерекемен құттықтап сөз сөйледі. «Тарихтағы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақстандық талай боздақ Отан үшін майдан даласына аттанды. Олардың талайы жат топырақта жан тапсырса, аз ғана бөлігі қатарымызға оралған. Ал майдангерлер ерлігі уақыт өткен сайын жаңғырып, сақтала береді. Біз қарт жауынгерлерді құрметтеуге тиіспіз. Олардың біздің амандығымыз, тәуелсіздігіміз үшін сіңірген еңбектері өлшеусіз» деді білім ордасының жетекшісі.

Басқосуда көпшілік ардагерлердің естеліктерін тыңдап, әскери кафедра курсанттарының шеруін тамашалады. Сондай-ақ соғыс жылдарынан сыр тартатын университет студенттері қойған көріністер жиналғандардың көңілінен шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет