ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті
Презентация
Тақырыбы:
«Қоян және терісі бағалы аңдар»
Орындағандар: Тұрлыбек Б. Якияева
Ф. Шораева П.
Тобы: АП-12-7к3.
Қабылдаған: Файзуллаева Л.
Терісі бағалы аңдар
•
Қазақстанда терісі бағалы аңдарды өсірудің негізгі міндеттері
олардың өндірісте пайдаланылатын қымбат терісі үшін және
елтірісі үшін оларды бағады. Негізінен олардың біразын басқа
шет елдерден әкеп жерсіңдірген, ал кейбір түрлері біздің
климатқа бейімделе алмаған. Терісі бағалы аңдардың бірнеше
түрлері бар.
•
Жоғары сапалы тері алу және дені сау аңдарды өсіру үшін
аңдарды биологиялық циклын және олардың организімінің
қоршаған ортамен байланысын білу керек. Осы аталған
жағдайларды ескерген кезде ғана мал шаруашылығының бұл
бағытын жақсы өркендетуге болады. Аңдарды бағудың үш тәсілі
бар: торлы, жартылай еркін және еркін.
•
Аңдарды өсіруде көп жағдайларда тиімді әдіс болып торлы әдіс
саналады. Бұл кезде негізгі жануарлар және олардың төлдері
торларда күтіп бағылады. Бұндай күтіп бағу кезінде жоғары
сапалы өнім және мол төл басын алуға болады.
•
Аңдарды еркін күтіп бағу кезінде олар табиғи жағдайда
болады,
бірақ
белгіленген
аймақтан
шыға
алмайды.
Шаруашылық территориясы торлы қоршаумен қоршалып, оның
төменгі жағы 30-40 см төмендіктекөмілуі керек. Қоршаудың
биіктігі түлкі, құндыз және бұлғын асырайтын шаруашылықтарда
2м, ал күзендер үшін 1,5 м. Түлкілер мен құндыздардың торлы
қоршауларының үстіңгі ішкі жағынан қалқан жасалады.
Қоян өнімдері
•
ҚОЯН
ӨСІРУ,
қоян
шаруашылығы
мал
шаруашылығының бір саласы. Еті, [терітерісі, түбіті
үшін өсіріледі. Қазақстанда үй қоянының шиншил,
ақ алып, сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл,
веналық
көгілдір,
мардер,
көбелек,
рекс,
калифорниялық, ангор мамықты, т.б. тұқымдары
өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Әдетте аналығы
жылына төрт рет 6 – 12 көжек туады. Ал еті мен
терісі үшін өсірілетін шаруашылықтарда ұрғашы
қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір
тобынан 40 – 50 кг ет алынады. Ет үшін өсірілетін
көжектер 2 – 2,5 айдан кейін салмағы 2 кг-ға
жеткенде бөлек бағылады. Түбіт алу үшін
өсірілетін шаруашылықтарда әрбір ірі қояннан
жылына 350 – 500 г түбіт алынады. Қояндар әдетте
таза ауада торша ішінде, қораларда және
механикаландырылған қораларда өсіріледі. Үй
қояндарын өсіруде торша ішінде ұстау жүйесі кең
тараған, онда жерден биіктігі 0,5 м жылжымалы
және жылжымайтын торшалар болады. Жеке
торшалардың көлемі: ұзындығы 100 – 130 см, ені
60 – 70 см, алдыңғы жағының биіктігі 50 – 65 см,
артқы жағы 35 – 45 см болады. Қояндар жасына,
жынысына қарай бөлек ұсталады. Қоян өсіретін
фермаларда бір мезгілде 1000 – 3000 аналық және
240 – 260 аталық қоян ұстауға болады. Мұндай
фермаларда қыста орташа температура 14 – 16°С,
ылғалдылық 60 – 75%, тор ішіне ауа жіберу
жылдамдығы 0,3 м/с болуы керек.
Қоян терісі
•
Түпкі өнім көлемінің тез артуы бірден білінетін ең жетекші
саланың бірі қоян өсіру шаруашылығы болып табылады
және де бұл - назар аударуға тұрарлық сала. Қоян өсіру
шаруашылығы түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Теріні
өңдеу өндірісі үшін үй қоянының терісі пайдаланылады. Ол
әртүрлі манто, бас киім, жаға, жәкет пен тондар өндірісі
үшін пайдаланылады.
Қоян еті
•Еті, [терітерісі, түбіті үшін өсіріледі. Еті – диеталық тағам, терісі –
бағалы шикізат ретінде, түбіті тоқыма өнеркәсібінде қолданылады.
Қою тағам (бұқтырылған қоян еті, қоян етінен жасалған рағу)
дайындауға пайдаланылады. Терісі сырылмаған қоян етін қыста 4-5
күн суықта ұстаған жөн, бүл кезде еттің дәмі кіре түседі. Қоян еті
барлық диеталық еттердің ішінде маңызды орын алады. Дәмді, тауық
етіне жақын, тез қорытылады. Мысалы, адам организмінде қоян
етіндегі белоктің 90%-ті қорытылып, сіңірілсе, сиыр етінің тек 62%-ті
ғана сіңеді. Қоян етінің 1 кг-мында 1384-1820-ға дейін каллорияға
дейін болады. Қоянның майы ақ, жұмсақ.
Тұқымдық топтары
•Қазақстанда үй қоянының терілік және мамықты түрлерін
өсіреді. Жүнді жабынының сипаты бойынша олар тәуір жүнді,
қысқажүнді және ұзынжүнді болып келеді. Тәуіржүнді үй
қояндарынан сұр дәу, ақ дәу қоянын, жылтыр жүндісін, қара-
қоңырын, шілтекүмістісін, веналық көгілдір түстісін, шиншилланы,
көбелек тәріздісін және т.б. өсіреді. Бұл үй қояндарының сыртқы
жүндерінің ұзындығы 3-4 см. дейін жетеді, астынғы жағының
мамығы жартылай болып келеді. Таза салмағы 7 кг, ал кей жағдайда
тіпті 9 кг-ге жетеді.
•Қысқажүнді үй қояндарының сыртқы жүндерінің ұзындығы 2 см-
ге жетеді; кейде оның ұзындығы мамығымен бірдей, бірақ көп
жағдайда мамығынан қысқарақ болады. Сондықтан да қысқа жүнді
үй қояндарының терісі жұмсақ әрі барқыт тәрізді болып келеді.
Олардың терілерін қырықпай, әрі жұлмай тері бұйымдарын өңдеу
үшін пайдаланады. Қазіргі кезде қысқажүнді үй қояндарының
мынадай тұқымдық топтары өсіріледі: сібір тиіні, қара, көгілдір,
қоңыр, жылтыр, қара-қоңыр, кенгуру тәрізді және т.б. Ұзынжүнді
немесе мамықжүнді үй қояндарының мамығы 12 см-ге дейін жетеді.
Ең мамықты тұқымы - ақ мамықтысы. Аталған үй қояндарының
тұқымдарын еліміздің барлық өңірлерінде де өсіруге болады.
Үй қояндарын көбейту.
•Қояндардың көбеюге дайындығы 3-3,5
айында басталады, бірақ оларды бұл жаста
шағылыстыруға
болмайды,
өйткені
олардың
ағзасы
әлі
де
толыққанды
қалыптасып бітпейді. Ірі тұқымды ұрғашы
қояндарды бес айлығында салмағы3,5 кг.
болғанда, ал орташа тұқымдыларды төрт
айдан асқанда, салмағы кемінде 2,5 кг- ға
жеткенде
шағылыстыру
ұсынылады.
Қояндардың өмір сүру ұзақтығы - 5-8 жыл,
бірақ олардың өнім беруі үш жылды
құрайды, өйткені жасы ұлғайған сайын
қояндардың көбею мүмкіндігі төмендейді.
•Қояндар
көбеюінің
жоғары
интенсивтілігі олардың көп көжектеуімен
(бір ұрғашысы 5-7, жекелеген жағдайларда
17-ге
дейін
көжектей
алады),
буаздылығының қысқамерзімдігімен (30
күн), ерте физиологиялық жетілуімен және
буаздық
пен
сүттілікті
қатар
алу
мүмкіндігімен байланысты, бұның бәрі бір
ұрғашы қояннан жылына 4 -5 көжек алуға
мүмкіндік береді. Ұрғашылары жыл бойы
төлдей береді, тек күзде ғана олардың
шағылысу
белсенділігі
біршама
төмендейді.
Қорытынды
•Қояндар (лат. Leporidae) – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа
бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге,
ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг,
дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың
оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп,
ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15)
көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп
кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй
қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі
ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы
бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға,
жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет
таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян)
бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік
Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды
далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы
аймақтарда
көптеп,
ал
Батыс
Қазақстан,
Ақтөбе,
Алматы
облыстарында сирек кездеседі.
•Жыл
бойы
жайылым
жағдайына,
қардың
түсуіне
орай,
жыртқыштардың
азды-көптігіне
қарай
қоныстарын
ауыстырып
отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі
сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі
мен түбіті үшін ауланады;
Достарыңызбен бөлісу: |