Сартерек ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар



Дата19.06.2016
өлшемі37.34 Kb.
#147782
Сартерек ауылдық округі бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстар
Инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстарына 28 400 000 теңгенің жұмыстары атқарылды.

  1. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4 бағыты бойынша «ШҚО

Зайсан ауданы Сартерек ауылында балалар спорт алаңы (футбол алаңы) жұмысына құны -9 186 240 теңге, республикалық бюджет есебінен «Бота» ЖШС ұтып алып жұмыс жүргізді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 5 адам жұмыспен қамтылып, айына 50 000 тенгеден еңбек ақы төленді.

2.Жергілікті бюджет есебінен құны – 7 042 560 теңге қаражат «Сартерек ауылындағы су құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмысын «Зайсан-Тазалық» ЖШС жұмыс жүргізді.



  1. «Көгедай» ауылының көшелерін жарықтандыру. Бөлінген қаражат

558 000 теңге. Республикалық бюджет есебінен. «Семстойэлектро -2005»ЖШС жұмысты атқарды.

4. «ШҚО Зайсан ауданы Сартерек ауылындағы саяжолды абаттандыру»

жұмысыңа републикалық бюджеттен 5 237 000 теңге, жергілікті бюджеттен 582 000 теңге, барлығы 5 819 000 теңге қаражат бөлінген. Жұмысты «Зайсан-Қорған» ЖШС атқарды.

5.«Сартерек ауылындағы спорттық алаңның қоршауы» жұмысын ЖК

Ахметова Алмагуль Жумагужаевна «Алма» 2 211 920 теңгенің жұмысы атқарылды.

788 000 тенгенің жұмысын «Зайсан Қорған» ЖШС Сартерек ауылындағы спорттық алаңның жарықтандыру жұмысын атқарды.



  1. «Сартерек ауылындағы мәдениет үйін абаттандыру» жұмысына ЖК

Ахметова Алмагуль Жумагужаевна «Алма» облыстық бюджет есебінен 2 111 123 теңгенің жұмысы атқарылды.

888 870 тенгенің жұмысын «Зайсан Қорған» ЖШС Сартерек ауылындағы мәдениет үйін жарықтандыру жұмысын атқарды.

Округ бойынша 139 млн теңгенің 18 жобасы іске асырылды.
Ауылшаруашылық саласы бойынша

Округ бойынша 138 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде 14 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысса, 47 шаруа қожалығы егін шаруашылығымен айналысады.

Ауылшаруашылық өнімдері дәнді астықтардың орындалуы алдыңғы жылмен салыстырғанда 101,4 пайызға артық. 338 га бидай, 10 га арпа, 10 га тары, 438 га майлы дақылдар, 110 га жерге картоп, 40 га көкеніс, 10 га бақша дақылдары егілді. Дәнді дақылдардың әр гектарынан 20,0 центнерден, көкөністің әр гектарынан 165 цн, картоптан 145 цн, бақша дақылдарынан 190 центнерден айналды.

Мал басы 2014 жылдың 1 қаңтарына барлық ірі қара саны 6664 бас 116 % өсті. Барлық қой ешкі 13202 басқа 100,6 % өсті, жылқы малы 1461 бас 103,5 % өсті, құс 2500 бас 109,9% өсіп отыр.

Мал шаруашылығымен айналысып жүрген 11 шаруа қожалылығы субсидия алды. Егін шаруашылығымен айналысқан 16 шаруа қожалығы субсидия алды.

К.Азербаев, Б.Кокышевтар серіктестік құрып, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 17 млн тенге несие алып, мал тұқымын асылдандыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, «Жақсылық» шаруа қожалығынан асыл тұқымды мал алып бағуда.


Жеке кәсіпкерлік саласы бойынша

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасының 1 кезеңі бойынша 12 адамға 26 млн тенге, 2 кезеңі бойынша 3 адамға 9 млн тенге, жиыны 15 адамға 35 млн тенге несие берілді.

1. Жеке кәсіпкер Ташкен Ораз «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы

бойынша 2 млн тенге несие алып наубайхана ғимаратына құрылыс жұмыстарын жүргізіп, нан өнімдерін өндіріп, халыққа қызмет көрсетеді.

2. Жеке кәсіпкерлер Усен Ержан, Құмар Назира аяқ-киім жөндейтін, тігетін шеберханасы ашылып халыққа қызмет көрсетуде.

3. Ауыл тұрғындары М.Нурбаев, Б.Тлеужанов, С.Орумбаевтар мал басын көбейту мақсатында 4 млн несие алып, мал өсіруде.

4. Ауыл тұрғыны Манап Заупан – 1 млн тенге «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қаржыны алып, ағаш өңдеу шеберханасын ашу үшін станок құралдарын алып халыққа қызмет көрсетуде.

5. Көгедай ауылының тұрғыны Толепбергенов Марат 2 млн «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша қаржыны алып қымыз өндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.


Мәдени іс-шаралар

Ауылдық мәдениет үйінің жұмысы жақсарып, жыл көлемінде бекітілген жоспар бойынша әрбір даталы күндер өз шеңберінде үнемі ұйымдастырылып отырылады. Атап айтсақ 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай, ұлттық салт дәстүрлерді насихаттау барысында үш елді мекендер арасында сайыс ұйымдастырылды. Оған осы Когедай, Шалқар елді мекендері де қатысып, сайыстың әр түрінен қаншама өнерлі жастардың бар екені қуантарлық жағдай. Сол сияқты «Ауылым алтын бесігім» атты көркемөнерпаздар байқауына да Когедай ауылының өнерпаз жастары өз өнерлерін ортаға салып, тығыз байланыс жасалып, ол да ауылымыздың намысы үшін көмек деп ұғамын. 8-наурызда өткен «Келіндер сайысы» , «Қарттарым асыл қазынам» атты өткен әрбір даталы күндер өз мәнінде өтеді. Округ бойынша жастар аудан көлемінде өтетін мәдени-спорттық шараларға белсене араласып отырды. Жастар саясатын іске асыру барысында округ жастары аудан көлеміндегі іс-шаралардың қызу ортасында жүреді. Барлық жарыстарға қатысып, жүлдегер қатарынан көрініп келеміз. Міне ауылымыздағы салынған балалар спорт алаңы (футбол алаңы) биылғы жылы ашылған және хоккей алаңы да балалардың қуанышына айналды.


«Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» бағдарламасы аясында ауылды көркейтіп, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Ауыл тұрғындарының ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен ауылдағы демалыс саябағына шынар ағашы егілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет