Қартаюдың теориясы мен тұжырымдамасы. Қартаю- барлық тірі жандарға тән, адам ағзасы қартаюының жалпы биологиялық заңдылығы. Қартаю- барлық тірі жандарға тән, адам ағзасы қартаюының жалпы биологиялық заңдылығы. Қарттылық- өліммен аяқталатын, онтогенездің ақырғы табиғи сатысы. Геронтология- қарттылық жөніндегі ғылым, ол қартаюдың негізгі заңдылықтарын зерттейді. Гератрия- қарт адамдарда аурудың даму ерекшеліктерін ,ағымын, емін және алдын алу шараларын зерттейді.
Қарттылық өзгерістер ең алдымен адамның сыртқы келбетінен біліне бастайды: дене сымбаты және пішіні өзгереді, ақ шаш пайда болады, терінің серпінділік қасиеті жоғалады, көздің көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтау қабілеті төмендейді.
Геронтология қартаю кезінде ағзаның әртүрлі құрылымдары мен мүшелер қызметінің өзгерістері жөніндегі мәліметтердің өте кең ауқымымен қамтылған. Геронтолгтар қартаю жөнінде 300-теза болжамдар ұсынылған Кейбіреулері тарихи қызығушылықты туғызады. Солардың кейбіреуінен хабардар етейін:
Энергетикалық болжам /М.Рубнер,1908/ : әрбір түрдің белгілі бір энергетикалық фонды болады, оны шығындап адам ағзасы қартаяды және өледі.
Интоксикалық болжам- / И.И.Мечников, 1903/: қартаю себептрі- азоттық алмасу өнімдерінің жинақталу нәтижесінде және тоқ ішектегі шіріген өнімнің әсерінен өздігінен улану.
Гормональды болжам / Ш.Броун – Секар, 1889, С7 Воронов, 1924/ : қартаюдың себебі –жыныс гормондары өнімдерінің төмендеуі .
Жасуша цитоплазмасының коллоидты қасиетінің өзгеруі / В.Ружичка, М.Маринеску, 1922/: қартаюға әкеліп соғады.
Бейімделу реттеу болжамы/В.ВүФролькис, 1977/ бейімделу және реттеу процестерінің бұзылуын айтады.
Қартаю кезіндегі организмнің өзгерістері
Тұтас организм деңгейінде қартаю кезінде шаш ағарып, түсе бастайды, көздің көруі, құлақтың естуі нашарлайды, тіс түседі. Тері жұқарып, құрғайды. Сол себептен ол қатпарланып, бетте әжім пайда болады. Сонымен бірге адамның қол жұмысын атқаруға қабілеті төмендейді. Бұл кезде адамның қоршаған орта жағдайларына бейімделу мүмкіншіліктері азаяды. Сондықтан бір себептен болмаса, екінші бір себептен кәрі адамның көз жұмуы сөзсіз. Өйткені олардың ішкі ортасының тұрақтылығын қадағалау мүмкіншіліктері бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |