Саят Ақбасов: Өнерде кімнің мықты екенін мойындау да ерлікпен пара-пар



Дата04.07.2016
өлшемі87.16 Kb.
#176482
Саят Ақбасов: Өнерде кімнің мықты екенін мойындау да ерлікпен пара-пар

1-Қыркүйек, 2011 | 391 рет оқылған



- Саят, сіз есімі елге белгілі күй­шілердің бірісіз. Басылым бет­те­ріне қаншалықты жиі шығып тұ­ра­сыз?

- Газет-журналдардан жиі кө­рі­ніп тұрамын деп айта алмаймын. Бір-екі рет күйшілік өнер, дәс­түрлі ән, ұлттық мұра төңірегінде кі­шігірім сұхбат бер­генім бол­ма­са, жеке өзіме қатысты сұх­бат­тар жасалған емес. Бірінші рет сіз­дердің ша­қы­руларыңыз бой­ын­ша, ре­дак­ция­ларыңызға келіп отыр­мын.


- Ал телебағдарламаларға түсу жа­ғы қалай?
- Ең алғаш «Мир» телеарна­сын­да Бағлан Бәбіжанның «Ми­рас» авторлық жобасында сұх­бат бер­ген едім. Одан кейін «Қазақтың 100 күйі», «Алтыбақан» сияқты бағ­дарламаларға қатысып, өз өне­рі­мізді көрсетудің сәті түсті.
- Осы уақытқа дейін сізбен еш­­кім­нің толыққанды сұхбат жүр­гізбеуін не­лік­тен деп ойлай­сыз?
- Өзгелер сияқты әрбір ізде­ні­­сімізге жарнама жасап, күй­і­міз­ге клип түсіріп жүрмегеннен кей­ін көз­ге көп түсе бермейтін шы­ғар­мыз. Бірақ соған қара­мас­тан, га­зет-журналдардың бір жақ­сысы дәс­түрлі өнер иелерін еш­қашан ұмыт қалдырған емес. Ал те­ле­ар­на­ларда керісінше күй­шілер кө­рі­не­тін бағдарлама аты­мен жоқ.
- Екі мәрте Президент сти­пен­дия­сының иегерісіз. Өнердегі же­тіс­тіктеріңізге сәл шолу жа­са­сақ…
- «Өнерге әркімнің де бар та­ла­сы» дегендей, бала кезімде әуелі ән айтуға құмар болатынмын. «Жел­бір-жекен», «Еркем-ай» си­яқ­ты халық әндерін өз бетімше орын­дап жүретінмін. Бертін келе ау­ылға консерватория тәмамдап кел­ген алдыңғы толқын аға­ла­ры­мыз­дың домбыра тартқанына қа­рап, қос ішекке деген қы­зы­ғу­шы­лы­ғым оянды. 9 сыныптан ұс­­­­т­азым Кенжебай Иматаевтың тәр­­биелеуімен күйге түбегейлі әуес­тене бастадым.
Мектеп бітіргеннен кейін П.Чай­ковский атындағы Алматы му­зыкалық колледжіне түсіп, Мә­де­ниет қайраткерi Шынарбек Асқарұлынан төрт жыл білім ал­дым. Осы оқу орнының қабыр­ға­сын­да бірталай жетістікке қол жет­кіздім десем болады. Рес­пуб­ли­калық, халықаралық конкурс­тарға қатысып, екі рет Президент сти­пендиясын иелендім. Бұл ма­ра­п­атты сол кездегі Мемлекеттік хат­шы Әбіш Кекілбаев өз қолымен та­быстады. Сол уақыттағы Мә­де­ниет министрі Қырымбек Көшер­ба­ев арнайы құттықтау хат жол­дап, колледждің мерейін бір асыр­­ған. Осы көрсеткіштерімнің ар­­­қасында Құрманғазы атындағы ұлт­тық консерваторияға шертпе күй­дің шебері Біләл Ысқақовтың кла­сына емтихансыз қабыл­дан­дым. Ал консерваторияда оқып жү­ріп, «Нұр Отан» партиясының қол­дауымен шетелдердегі қан­дас­та­рымыздың алдында концерт қой­ып, Өзбекстандағы қандас-та­ры­мызбен жүздесіп, Ресей, Түр­кия, Франция мемлекеттерінің дә­мін татып, суын іштік. Сту­дент­тік күндерден ең есте қалғаны — 2003 жылы Санкт-Петербургтің 300 жылдығына орай Ресейге са­пар шеккеніміз. Қаһарман қалада Жам­был Жабаевтың туғанына 150 жыл толуына байланысты ес­керт­кіш ашылып, айтулы шараның сал­танатты рәсіміне Алматыдан — Санкт-Петербургке дейін мара­фон­­шылар жүгіретін болды. Ар­на­йы жасақталған бригаданың құ­рамында біз де жолға шықтық. Бас­тапқыда автобус ішінде отыр­ға­нымызбен, жолда қызды-қыз­ды­мен спортшыларға қосылып кет­тік. Бастапқыда үш-бес, он, со­ңына қарай 25 шақырымға де­йін тер шығарып, әрі салауатты өмір салтын ұстанып, әрі өне­рі­міз­­­ді көрсетіп қайтқанбыз. Осын­дай жоғары деңгейлі шараларға ат­­­салысып, бірнеше елге гас­троль­дік сапармен шығу студент үшін жаман жетістік емес деп ой­лай­мын. Қазір П.Чай­ковский атын­дағы Алматы м­узыкалық колледжінде және Т.Жүр­генов атын­дағы Өнер ака­де­миясында дом­бырадан дәріс бе­ремін.
- Колледж қабырғасынан дәс­түр­лі ән класын ашуды армандаған екен­сіз…
- Бұйыртса, П.Чайковский атын­дағы Алматы музыкалық кол­леджінің құрылғанына 2012 жылы 80 жыл толады. Мұнда фор­те­пиано, флейта, саксафон, вио­лон­чель, баян, скрипка сияқты клас­сикалық аспаптардың барлық түрі оқытылады. Домбыра сы­ны­бы да бар. Тек дәстүрлі ән класы жоқ. Негізі, ауылдан келген кез кел­ген бала Алматыға «әнші бо­ла­мын» деп келеді. Алайда бәріне бір­дей орын жоқ, оқуға түскенде бірі қобызға, бірі домбыраға бө­лі­ніп кетеді. Мен оларға күй үйретіп отыр­сам, олар менен үнемі Бір­жан­ның, Ақанның, Естайдың ән­де­рінің қалай орындалатынын сұ­райды. Бір-екі рет көрсетіп жі­бер­генім болмаса, бірақ түбегейлі ба­сы-қасында отыруға қол тие бер­мейді. Маған осы жайт бірден-бір түрткі болды. Көптен бері кө­кей­де жүрген ойымыз еді. Биыл кол­ледж директоры Ая Жакен­қы­зы Қалиева үлкен қолдау көрсетiп, 2011-2012 оқу жылына бі­рін­ші рет шә­кірт қабылдадық.
- Неше бала студент атанды?
- Әзірге министрліктің бөл­ге­ні екі орын. Жетісу ән мектебіне бір қыз, бір жігіт таңдап алдық. Бо­лашақта 3-4 бала қабылдасақ па деген ойдамыз.
- Екі балаға қанша оқытушы дә­ріс береді?
- Дәстүрлі ән класы «Жеке ән са­лу» бөлімінің ішінен ашылды. Дом­быра, қобыз, сазсырнаймен қа­тар оқытылады. Замандасымыз, до­сымыз, әріптесіміз, Дәнеш аға­мыз­дың шәкірті Нұржан Жан­пей­ісовті жұмысқа шақырып отыр­мыз. Студенттер тек ән емес, қо­сымша күй де үйренеді. Клас­си­калық вокал, дауыс қою мек­те­бінен өтеді. Ноталық сауатын аша­мыз. Бір сөзбен айтқанда, жан-жақты кәсіби білім алып шы­ғады.
Бұдан бөлек, жыл сайын «Ха­лық аспаптары» бөліміне бір курс­та отыз баладан қабылдаймыз. Жо­ғарыда айтып өткендей, оның жоқ дегенде он бесі әнге құштар. Олар­ға да ешқандай шектеу қой-май­мыз, факультатив сабақ есе­бінде қосымша меңгеретін бо­ла­ды. Құстың қос қанатындай ән мен күйді шәкірттеріміз қатар алып жүрсе екен дейміз.
- Неге тек қана Жетісудың ән мек­тебін бөліп алдыңыздар?
- Келесі жылдары министрлік та­ғы орын берсе, өзге мектептерді де қамтып, қанатымыз кеңейеді деген үмітіміз бар. Алла сәтін сал­са, Арқа, Маңғыстау, Сыр өңі­рі, Батыс Қазақстанның да дәс­түрлі ән мектептерінің іргетасын осы колледж қабырғасынан қа­лай­­мыз деп отырмыз. Құзырлы орындардың берген уәдесі бар, жақ­сы бастамаға аяғына дейін қол­дау көрсететін шығар.
- Арманыңыз орындалып, бір мар­қайып қалған боларсыз?
- Арман көп қой, бұл кішкене бол­са да талантты жастарға ж­а­салған көмек.
Күйімді тартып, өз күйімді күйт­теп жүре берсем болар еді, онда менің ұлтжандылығым, ұс­таз­дық борышым, азаматтығым кәне? Өнерге деген адалдық, қа­зақ­тың баласына деген жана­шырлығым қайда қалады? Өнер — халықтiкі, бабалар мұрасын на­сихаттау, кейінгілерге қаймағы бұ­­зылмаған қалпында жеткізу бә­рі­мізге ортақ парыз деп білемін.
Ертең сол шәкірттерімізді бір би­іктен көре алсақ, еңбегіміздің жанғаны…
- Мықты әдістеме — қойылған мақ­сатқа жету жолы. Еңбек жану үшін ұстаздың өзіндік оқыту тәсілі бо­луы керек. Келісесіз бе?
- Әрине. «Тәрбие — тал бе­сік­тен» деген. Мәселен, қазір А.Жұ­ба­нов атындағы музыкалық мек­теп-интернатта қоңырау орнына қа­зақтың күйі ойнайды. «Бүгінгі ұр­пақ қазақша ән айтпайды, күй тың­дамайды» дегеннен гөрі, бар­лығымыз осы жүйеге көш­кеніміз дұ­рыс. Ұстаз ретінде осын­­дай әдіс тау­ып, кіш­кен­тай­ы­нан талап етіп, құ­лақтарына сіңіре бер­сек, төл өне­ріміз ешқашан ұмы­тылмайды.
Тағы бір мысал, өзім бір кез­де­рі №15 гимназияда домбыра үй­ірмесінен сабақ берген едім. Ма­мыр айында музыка пәнінің мұ­ғалімі жүктілігіне байланысты де­малысқа шығып, мектеп ди­рек­то­ры шақырып, «Оқу жылы болса, аяқ­талып қалды. Бір айға бола адам алмай-ақ қояйын. Сен би­ыл­ғы сыныптарды бірдеме қып бітіріп шығар» деді. Бірден жаңа қыз­метіме кірісіп кеттім. Күй тың­дамақ түгілі, мұғалім сый­лай­тын бала бар ма? Сабақ үстінде ұялы телефондарын шұқылап оты­рады. Одан қалса, бір-біріне ха­барлама жібереді. Көздері тақ­та­да болғанымен, ойлары ай­да­лада. Олардың бетін бері қарату үшін маған шынында бір әдіс қол­дану керек болды. Сөйтіп, әр­қай­сысының телефондарына өзім дом­бырада ойнап отырып, бір­не­ше күй жаздырттым. Сосын үйде жат­тап келуге тапсырма бердім. Тура «Әуенді тап» ойыны сияқты, бір күй тартамын, олар шы­ғар­ма-ның атын тауып, композиторы кім екенін, мазмұнын айтуы тиіс. Нәтижесінде, 4-сынып оқушы­ла­ры бір ай ішінде 15 күй жаттап шықты. Тіпті «Баламыз ертелі-кеш күй тыңдайтын болды» деп ата-аналар хабарласып, өзімді қу­ан­тып тастады.
Сол сияқты телеарналардан дәс­түрді дәріптейтін бағдарла­ма­ларды үзбей көрсетсек, кейінгілер кім­нің кім екенін біліп жүрер еді. Бі­р­ақ, өкінішке қарай, көк жәшік­те­гі көкелеріміз Жүсіпбек Елебе­ков, Ғарифолла Құрманғалиев, Ма­­нар­бек Ержанов, Жәнібек Кәр­­менов сияқты дүлдүл әнші­ле­рі­­міздің, Дина Нұрпейісова, Жап­пас Қаламбаев, Уәли Бекенов, Әбі­­кен Хасенов, Мағауия Хамзин сын­ды дәулескер домбырашы­ла­ры­мыздың кезінде таспаға түскен, «Ал­тын қорда» сақтаулы хабар-ла­рын қайталап бере бермейді. Оқу­шылар олардың түрін таны­май­ды. Сондықтан осы орайды пай­даланып, ұлттық арна басшы-ла­рына айтар үлкен назымыз бар. Ба­ба­лардың мұрасы, ағалардың ха­лыққа, мәдениетімізге, өнерге сі­ңірген еңбектері күн түспейтін кө­леңкеде шаң басып жатпауы тиіс. Өлгенді тірілтіп, өшкенді қай­та жандырмасақ, өскеніміз қай­сы?
Біздіңше, күй өнерін дәріп­тейтін бағдарламалардың ашылуы да күйге деген қызығушылықты арт­тыратын бірден-бір әдіс болар еді…
- Жөн екен, жазғы демалы­сы­ң­ыз қалай өтті?
- Аздап демалдық, қыдырдық. Шым­кентте үлкен бір мәдени ша­ра өтіп, қатысып қайттық. Соның ара­сында колледжге студенттерді қа­былдау науқаны басталды. Одан кейін ауылда концерт қойдық. Ту­ған жерім — Алматы облысы Кер­бұ­лақ ауданы Қарашоқы совхозы. Ел­басының саясатын қолдай оты­рып, «Нұр Отан» партиясының «Дип­ломмен — ауылға» жобасы бой­ынша сол ауданнан шыққан өнер адамдары ауыл мәдениетін кө­теруге атсалысып, өскен-өнген же­рімізге тағзым еттік. Ең­бе­гіміздің жемісін көрсеттік. Оған ау­ыл­ға ғана емес, ауданға, облысқа ең­бегі сіңген, 35 жылдық тарихы бар «Жетісу гүлдері» ансамблі, Нұр­ғиса Тілендиевтің шәкірті, бел­гілі дирижер, композитор, Мә­дениет қайраткері Самат Мә­лім­бай да қатысты. Жерлестеріміз ақ батасын беріп, бір серпіліп қал­ды. Ең бастысы, концертімізге әкім-қаралалар да келіп, сылағы тү­сіп, тозығы жетіп тұрған Мә­де­ни­ет үйін күрделі жөндеуден өт­кі­зуге уәде беріп кетті. Біз үшін сол үлкен жетістік болды.
- Мәдениет үйі жөнделген соң, ау­ылға барып жеке концерт қоятын шы­ғарсыз?
- Бұйыртса…Оған дейін келе­сі жылы тағы бір концерт қойсақ де­ген жоспарымыз бар. Аман-шылық болса, мектеп бітір­ге­ні­міз­ге жиырма жыл болады. Біздің сы­ныптан кезінде 7-8 айтыс ақын­­дары шыққан. Термеші, күй­ші­лері бар өнерлі класс. Сол дос­та­рымыздың басын қосып, жа­ны­мыз­ға танымал азаматтарды алып, әде­мі кеш өткізгіміз келеді.
- Қалада да жеке шығарма­шы­лық кешіңіз өтпеген си­яқ­ты…
- Әзірге қазақ өнерінің май­тал­мандары шоғырланған мәдени ор­тада жеке концерт бере қойған жоқ­пын. Бірақ өзім жұмыс іс­тей­тін П.Чайковский атындағы Ал­ма­ты музыкалық колледжінде би­ыл шәкірттеріммен бірігіп, Тәу­­елсіздіктің 20 жылдығына орай шығармашылық есеп бердік. Көп тартылмай жүрген, насихаты аз­дау күйлерді қайта жаңғыртуға ты­рыстық. Соның ішінде Өс­кен­бай Қалмамбетұлының Құлбай бақ­шы деген түрікпен күйшісімен сай­ысқа түскенде шығарған «Жаң­ылтпаш» күйі, сондай-ақ «Үш ананың тартысы», «Үш ата­ның тартысы» сияқты Маң­ғыс­тау өңі­рінің аңыз-әңгіме­ле­рімен ба­ян­далатын көне айтыс-тар­тыс күй­лерінің тарихын өзім ай­тып отыр­дым, студенттер ке­зек-кезек орындады. Биыл тағы осы үрдісті жалғастырмақпыз. Бұл жолы күйлердің шығу тари­хын өзім емес, студенттерге әң­гі­ме­лет­ті­ре­мін. Қай күйді алмаңыз, Құр­ман­ға­зының «Төремұраты», «Қай­ран шешем», «Аман бол, ше­шем», «Кі­сен ашқанының» өз тари­хы бар. Көп жағдайда тың­дау­шы да, тар­тушы да түп төр­кініне, бай­ы­бы­на бара бермейді. «Түр­меден қаш­қанды» жай ғана түр­меден қа­шып бара жатыр деп тү­сінеді. Күй­шінің бірнеше мәрте абақ­тыға айдалғанын, алайда халық­тың азаттығы жолындағы кү­ресін тоқ­татпағанынан хабар­сыз. Оның үстіне қазір жастар ара­сында сөй­леу мәдениеті артта қа­лып, «жар­гон­мен» сөйлеу қа­лыптасып ба­ра­ды.
Осы олқылықтардың орнын тол­тыру үшін, күй мен аңыз, та­рих қоса өрілсе деймін. Сонда шә­кірттеріміз не ойнап отырғанын тү­сініп тартады. Әрі көрерменнің қа­былдауы да, сіңіруі де басқаша бо­лады.
- Көп тартылмайтын күйлерді қайдан алдыңыз?
- «Мұрағаттан таптым» дей ал­маймын. Құдайға шүкір, Алтай мен Алатау арасында қалыптасқан Шы­ғыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Же­тісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мек­тептері хатқа түскен, ноталық жаз­балары бар. Күй табақтары, кі­таптары да жарық көрген. Сол мұ­ралардың ішінен қарап отырып, си­рек орындалып жүргендерін са­рап­тап алдым. Бұдан бөлек, үлкен сах­наларда жиі орындалғанымен, оқу бағдарламасына енбеген ту­ын­­дылар бар. Жалпы, Жетісудың күй­шілік мектебі кенже қалған мек­тептердің біреуі. Бұрын­ғы­ларын айтпағанда, Нұрғиса Ті­лен­диевтің күйлерінің өзі ор­кес­тр­де кең тарағанымен, жеке көп тар­тылмаған. Қожеке Назар­ұлы­ның шығармаларын бір ізге тү­сі­ріп, Темірбектің төкпелерін де ке­ң насихаттауды бірден-бір мақ­са­тыма айналдырмақпын.
- «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жинағына қанша күй қос­ты­ң­ыз?
- Бұл жобаға мен қатыспадым. Көп күйлер мұрағаттан алынды, қай­та өңделетіндерін басы-қа­сын­да жүрген азаматтар өздері шеш­т­і. Өміріміз алда, аман бол­сақ, әлі талай бастамаға еңбек сі­ң­ірерміз. Оған ешқандай өкпеміз жоқ. Шама-шарқымыз келгенше ха­лыққа қол жеткізіп, өнердің қа­ра қазанында қайнап жүрсек же­теді.
- Сіздің әніңізді сахнадан ести ала­мыз ба?
- Менің даусымды естіген кей кі­сілер «дәстүрлі әнші екен» деп ой­­лап қалады. Тіпті «кімнен бі­тір­дің?» деп сұрап жатады. Бірақ үл­кен сахнада ән салып шыққан емес­пін. Тек хобби ретінде ай­та­мын. Сахнада, концертте, ел ал­дында негізгі мамандығым бой­ын­ша күй тартамын.
- Дәстүрлі өнер иелері ор­та­сын­да алауыздық бар ма?
- Өз басым «алауыздық көріп, әді­летсіздік жаныма батып жүр» деп айта алмаймын. Құдайға шү­кір, сол өнердің арқасында бала-шаға тәрбиелеп, нәпақа тауып отыр­ған жайымыз бар. Бар­лы­ғы­мыз­дың «илегеніміз бір терінің пұш­пағы». Қай мектептің өкілі сах­наға шықпасын, әннің жақсы орын­далғанына арқамыз қозады. Дәс­түрлі күй өнері өзіндік ерек­ше­ліктерімен орындалып жатса, оған да көңіліміз толып, мерейіміз өсіп қалады. Шеберлігіне тәнті бо­лып, басымызды иіп, ба­ға­лай­мыз. «Ой, бәрекелді!» деп риза­шы­лық білдіреміз. Аяқтан шалып, мек­теп-мектепке бөлініп алып, тар­тысып жүрген дәнеңеміз жоқ.
Өнерде кімнің мықты екенін мой­ындау да ерлікпен пара-пар. Құ­дай, ел алдында жүрген аза­мат­тар­дың жаман атын шығар­ма-сын!
- «Айналайын» деген сөзді жиі қолданатыныңызды байқа­дық…
- «Айналайын» деген жақсы сөз ғой. Көңілің толған адамға де­ген ризашылығыңды жеткізу, құр­ме­тіңнің белгісі. Жақсы сөзге жаны семіретін қазақпыз. Әр­дай­ым бір-бірімізге жылы лебі­мі­зі­міз­ді білдіріп, Алла баршамызды жақ­сы істерімізбен қуантып жү­руді нәсіп етсін!
Әңгімелескен
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТОВА, «Айқын».




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет