«Сейфуллин оқулары – 12: Ғылым жолындағы жастар-болашақтың инновациялық әлеуеті» атты
Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары = Материалы Республиканской
научно-теоретической конференции «Сейфуллинские чтения-12: Молодежь в науке -
инновационный потенциал будущего" . – 2016. – Т.1, ч.3 – Б.46-47
ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛАПТАР ТЕРРИТОРИЯСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мәлікова Н.
Қазіргі кездегі жер ресурстарын басқару бұл жер қатынастарын реттеуге,
жерге орналастыру арқылы жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын
ұйымдастыруға, жер рыногін калыптастыруға бағытталған қүқықтық,
экономикалық және үйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып
табылады. Жер ресурстарын тиімді де ұқыпты пайдалану және бағалау Ата
заңымыздың 38 бабында атап көрсетілгендей “Қазақстан Республикасының
азаматтары табиғатты сақтау және табиғат байлықтарын ұқыпты қорғауға
міндетті”. Жер ресуртары табиғаттың құрамдас бөлігі және қоршаған
ортаның тепе-теңдігін сақтауда ерекше рөл атқарады. Адамзат баласының
шаруашылық жүргізуі мен экономикалық-әлеуметтік жағдайы жер
ресурстарымен тікелей байланысты.
Қазіргі уақытта елдің тұрақты дамуын және осының негізінде оның
әлемдік экономикалық кеңістікте бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету
аса маңызды стратегиялық міндетке айналуда. Еліміз ХХІ ғасырдың екінші
онжылдығының төртінші жылында ұлттық экономикамыздың әлеуетін
арттыруға бағытталған "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын
жүзеге асыру шараларын жүзеге асыруда. Осы аталған бағдарламада жер
ресурстарына қатысты арнайы шара қарастырылған "Жер өңдеу мәдениетін
өзгерту және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді
ескере отырып, дәстүрлерімізді жаңғыртуымыз қажет". Аталған мәселенің
өзектілігі егістік алқабтарын бағалауға қатысты, яғни әлемнің дамыған
елдеріндей жер ресурстарын бағалаудың заманауи әдістерін, соның ішінде,
геоақпараттар жүйесін қолдану қажеттілігін алға тартып отыр[2].
Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және технологиялар бүгінгі күні ұлттық
мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық, саяси
және экологиялық дамуда, өндірістік және еңбек әлеуеті салаларында ерекше
орынға ие. Олар көптеген дамыған шетел мемлекеттерінде кеңістіктік
(географиялық) мәліметтерді жинау, сақтау, талдау және графикалық
бейнелеу үшін қолданылады.
Қазіргі ГАЖ заманауи ақпараттық технологиялардың алдыңғы қатарлы
құрылғыларына жатады. Бір жағынан автоматтандырылған әдістерді қосады,
ал екінші жағынан мәліметтерді өңдеу және ұйымдастырумен ерекшелінеді.
Қазақстан Республикасында егістік жерлердің сапасы біркелкі емес.
Олардың әртүрлілігі шығымдылығының жоғары болмауына әкеп соғады.
Ауылшаруашылығы саласында егістік жерлерді бағалау ұтымды ұлттық
экономикамыздың тұрақты дамуы және мемлекетіміздің стратегиялық
саясатымен үндесіп жатыр. Егістік жерлерді бағалау арқылы оның
құнарлығын арттырып, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық дақылдарын
өсіре аламыз және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз жасай алуға қол
жеткіземіз. Осыған сәйкес егістік жерлерді бағалау әдісін жетілдіру өзекті
де, шешімін күтетін маңызды мәселеге жатады.
Ақпараттық жүйелердің дамуымен ғылыми және өндіріс сферасына
ақпараттық-есептеулік саласының соңғы жаңалықтары енгізіледі. Елбасы
Нұрсұлтан
Назарбаев
өзінің
жолдауларында
компьютерлік
технологиялардың маңыздылығы туралы және олардың әр салаға енгізу
қажеттігілігін үнемі айтады. Бұның барлығы өнімділік пен өнімдердің соңғы
сапасын арттырады.
Жер ресурстарын кешенді пайдалану ерекшеліктері егіншілік
аймағындағы жерге орналастыруға тән территорияны ұйымдастыру
жөніндегі шараларды қажетсінеді. Жерге орналастыру жөніндегі шараларды
жүргізу, келеңсіз құбылыстардың болмауына жер ресурстарының қарқынды
пайдаланылуына және олардың тиімді, ұтымды пайдаланылуының
көтерілуіне ықпал етеді. Осы мәселелердің шешімін қазіргі кезде заманауи
технологияларды пайдалану, яғни геоақпараттар жүйесін қолдану негізінде
қарастыру қажет. Жерге орналастырулық жобалаудың автоматтандырылған
жүйесін қолдану тиімділігі мен қажеттілігі осындай жұмыстарды жүргізу
үшін үлкен көлемде ақпараттар жинау нәтижесінде жүзеге асырылады.
Жерге
орналастыру
жөніндегі
шаралар
нәтижесінде
жер
пайдаланушылықтардың территориясындағы ауылшаруашылық алаптарды,
соның ішінде егістік жерлерді тиімді пайдалануды іс жүзінде
ұйымдастыруды және теориялық тұрғыдан жаңадан негіздеуге мүмкіндік
береді.
Ауылшаруашылық
алаптар
территориясын
ұйымдастырудың
қалыптасқан әдістемесін жан-жақты кешенді оқып зерттеу негізінде,
геоақпараттар жүйесін қолдану алаптарды ұйымдастыру және ауыспалы егіс
территориясын реттестірудің ғылыми-әдістемелік ережелерін әзірлеуге
жағдай жасайды.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы- Астана: Елорда, 2009ж.
2. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Халқына Жолдауы "Қазақстан-2050"
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты -Астана, 2012ж.
3. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері.
Алматы : Арыс
баспасы, 2008ж.
4. Землеустроительное проектирование: Учебник / Под ред. М.А.
Гендельмана, Алматы: ТОО «ЭВЛЮ», 1999г.
5. М. А. Гендельман, Ж. Қ. Қрықбаев "Жерге орналастырудың және
кадастрдың ғылыми негіздері"- Алматы : Фолиант, 2004ж.
6. Landscape research \ Bimonthly issn: 0142-6397 \\ Routledge journals,
Taylor & Francis ltd, England.Oxfordshire, ox14 4rn.
Ғылыми жетекші э.ғ.к., доцент Т. Е. Карбозов