Сельское хозяйство



бет75/108
Дата07.06.2022
өлшемі6.56 Mb.
#459006
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   108
Түркістан облысының өңірлері материал диссертация Турданова

Жалдамалы жұмыскер – еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын не тәртіптемені және жұмыс істелген уақыт не өндірілген тауардың бірлігі үшін не көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді тапсырыс беруші айқындайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға.
Жеке практикамен айналысатын адамжекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіпқой медиатор.
Тәуелсіз жұмыскердара кәсіпкерлерді, жеке практикамен айналысатын адамдарды, шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларын (қатысушыларын) және акционерлік қоғамның құрылтайшыларын, акционерлерін (қатысушыларын), өндірістік кооператив мүшелерін қоспағанда, өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз кіріс алу мақсатында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын жеке тұлға.
Жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға.
Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші санындағы жұмыссыздар санының процентпен есептелген үлесі.
15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі – 15-28 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі – бір жыл және одан астам уақыт жұмысы болмаған жұмыссыз халық санының жұмыс күші санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Жұмыс күші құрамына кірмейтің азаматтар – жұмыспен қамтылмаған немесе жұмыссыз болып табылмаған адамдар.
Халық санындағы жұмыс күші кұрамына кірмейтін адамдардың үлесі – жұмыс күші құрамына кірмейтін адамдар санының 15 және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санындағы процентпен өлшенген үлесі.
Қызметкерлердің тізімдік саны – шартты жасасу мерзіміне байланыссыз еңбек шарты бойынша қабылданған адамдар саны, сондай-ақ, қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін адамдар.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы жалақының есептелген қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу жолымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет