РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Медицинадағы қол жуу әдістері.
Орындаған: Кадирбаева А.Г.
Қабылдаған: Оразбахова Э.Т.
Қол өңдеудiң үш денгейiн ажыратады: социальдi, гигиеналық (қол бастарының дезинфекциясы), хирургиялық (қол бастарының стерильдi белгiлi уақытқа дейiн жеткiзiледi)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30928 болып тіркелді Қол өңдеудiң әлеуметтік деңгейi
Мақсаты: механикалық жолмен қол бетiнен микрофлораны жою. Науқаспен персональдың инфекциялық қауыпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Көрсеткiштер: Қолды әлеуметтік өңдеу – қол жуудың қарапайым әдiсi болып табылады. Осы өңдеу емдiк іс-әрекеттер тамақ қабылдау, науқасты тамақтандыру алдында және одан кейiн; науқасты күтудiң алдында және одан кейiн жүргiзiледi.
Жабдықтану: бiр рет қолдануға арналған кiр сабын (сұйық), секундті тiлi бар сағат, жылы ағынды су, лотоктағы стерильдi салфетка, жеке орамал (электрокептiргiш).
Қажеттi шарт: терiсi сау қол, 1 мм-ден ұзын емес тырнақ, тырнақта лак болмау керек. Процедура алдында тырнақ астын тазартып, ағынды сумен жуу қажет.
Шараға дайындық:
Саусақтардан сақиналарды шешу, қол терiсiнiң бүтiндiгiн тексеру.
Шынтаққа дейiн халат жеңiн жиыру, сағатты шешу.
Кранды ашу, су температурасын реттеу (35-40С)
Шараны орындау:
Қолды сабындау және сумен жуу (сабын кесегi қолданылса, оны жуу, таза салфеткаға немесе торлы сабын сауытына салу)
30 секунд iшiнде бiлектiң 2/3-не дейiн қолды сабынмен ағынды сумен жуу, фалангалар мен саусақаралық кеңiстiктерге көңiл аудару қажет, содан кейiн әрбiр қол басының сырт жағын және алақан жағын және қолдың бас саусақтарының негiздерiн айналмалы қимылдармен жуу.
Ескерту: Бұл уақыт социальды деңгейде қол деконтоминациясы үшiн жеткiлiктi, егер қол терiсiнiң бетi жеткiлiктi сабындалса және қол терiсiнiң кiр аймақтары қалмаса.
Сабынды көпiрменi кетiру үшiн қолды ағынды сумен шаю қажет.
Ескерту: Қолдың саусақтарын жоғары қарай ұстаңыз, су шынтақтан қолжуғышқа ағатындай (қолжуғышқа тигiзбей). Қол саусақтарының фалангалары ең таза болуы керек.
Осындай кезектiлiкпен қол жууды қайталау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |