Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу” мемлекеттік қызмет регламенті



Дата03.07.2016
өлшемі68.49 Kb.
#175644





Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336

қаулысымен бекітілді



Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың



салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және

есепке алу” мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің атауы “Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу”.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген “Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу” стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

4. Мемлекеттік қызмет:

1) “Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) ұсынады, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 118 үй, телефоны 8-718-41-21-8-28, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, демалыс күндерi – сенбi, жексенбi және мерекелік күндері; электрондық пошта мекенжайы otdzan_akt@mail.ru.

2) Ақтоғай ауданының Республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы “Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы” (бұдан әрі - Орталық) арқылы ұсынады, Павлодар облысы Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72 үй, телефон: 22-1-65, жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін түскі үзіліссіз, демалыс күндері – жексенбі және мерекелік күгдері; электрондық мекенжайы: aktogai.con@ mail.ru.

5. Мемлекеттік қызмет көретудің нәтижесі Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу және тіркеу туралы мәлімдеме, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Тұтынушылар):

әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасаған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

1966 жылдан 1990 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi аралықта жерасты ядролық жарылыстарын жасау кезеңiнде осы аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

1949 жылдан 1990 жылға дейiнгi аралықта жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери қызмет (соның iшiнде мерзiмдi) өткерген азаматтарға;

осы тармақтың екiншi және үшінші абзацтарында аталған, мүгедек деп танылған аурулары бар адамдардың балаларына, олардың денсаулық жағдайы мен Заңда аталған аймақтарда ата-аналарының бiрiнiң болу факторы арасындағы себепті байланыстар анықталған ретте көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Тұтынушымен арнайы комиссияның жұмыс органына қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан – күнтізбелік 20 күннен аспайды.

Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының өтініш білдірген күні сол жерде ең ұзақ тосу уақыты (талонды алу) - 30 минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызметті алу үшін Тұтынушының өтініш білдірген күні сол жерде ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету іс-әрекетінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы Стандарттың 11 тармағында көрсетілген құжаттар тізімін ұсыну тиіс.

Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон беріледі.

10. Уәкілетті органбен мемлекеттік қызметті ұсынуда бас тарту Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматарға жәрдемақының төленуі анықталса және/немесе құжаттарды толық көлемде немесе мәліметтердің рас болмауы кезде бас тартылуы мүмкін.

11. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар: тұтынушының құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау, құпиялылығын және сақталуын қамтамасыз ету.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - бірлік) қатысады:

1) арнайы комиссияның жұмыс органының маманы;

2) Уәкілетті органның бастығы.

13. Әр бірліктіның іс-әрекеттерінің реттілігі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

14. Іс-әрекеттерінің логикалық реттілігі және бірліктінің арасында арақатынасты көрсететін кесте регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.

3. Мемлекеттік қызметті көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
15. Қазақстан Республикасының Заңдарымен қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапты болады.





2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336

“Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматарды тіркеу және есепке алу” мемлекеттік қызмет Регламентіне 1 қосымша





1 кесте. Өкілетті органға өтініш білдірген кезде құрылымдық-функционалдық бірліктердің (ҚФБ) әрекеттерінің сипаттамасы





Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жолы, жұмыс барысы)

1

№ әрекеті (жұмыс ағыны, барысы)

1

2

3

4

2

ҚФБ атауы

Арнайы комиссияның жұмыс органының маманы

Уәкілетті органның бастығы

Арнайы комиссияның жұмыс органы

Арнайы комиссияның жұмыс органын маманы

3

Әрекеттер атауы (функция-лар, опера-циялар, рәсімі) және олардың сипатта-масы

Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу дайындау.

Құжаттарды қарау

Құжаттарды немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындау

Журналда тіркеу

4

Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдас-тырушы-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдау туралы талон

Резолюцияға қол қою

Хабарламаға немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қою

Хабарламаны немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты беру

5

Орындалу мерзімі

15 минуттан аспайды

5 күнтізбелік күні

13 күнтізбелік күні

15 минуттан аспайды

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2 баған


3 баған

4 баған









2012 жылғы “11” желтоқсандағы № 336

“Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматарды тіркеу және есепке алу” мемлекеттік қызмет Регламентіне 2 қосымша





Өкілетті органға өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті ұсыну кестесі


Тұтынушы









Арнайы комиссияның жұмыс органының маманы

Тұтынушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тіркеу дайындау

(15 минуттан аспайды)

Арнайы комиссияның жұмыс органын маманы Журналда тіркеу, хабарламаны немесе дәлелді бас тарту туралы жауапты беру (15 минуттан аспайды)







Уәкілетті органның бастығы

Құжаттарды қарау

(5 күнтізбеліккүні күні)

Арнайы комиссияның жұмыс органы

Хабарлама немесе қызметті ұсынуда дәлелді бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындау



(13 күнтізбеліккүні күні)







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет