Семинар 2014 жылдың 19 желтоқсанында «Мектепке дейінгі гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Білімдік шоғырланудан нәтижеге бағыттау құзіреттілігін жүзеге асыру»



Дата08.07.2016
өлшемі12.67 Kb.
#185624
түріСеминар


«Білімдік шоғырланудан нәтижеге бағыттау құзіреттілігін жүзеге асыру» тақырыбындағы әдістемелік семинар

2014 жылдың 19 – желтоқсанында «Мектепке дейінгі гимназия сыныптары бар №21 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде «Білімдік шоғырланудан нәтижеге бағыттау құзіреттілігін жүзеге асыру» тақырыбындағы қалалық әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінен 30 мұғалім қатысты. Семинар жоспарына сәйкес «Білімдік шоғырланудан нәтижеге бағыттау құзіреттілігін жүзеге асыру» тақырыбында Қорабайқызы Г., «Бірлестік жұмысын талапқа сай» тақырыбында Жұмабаева Э., «Талантты тұлға дайындаудағы мұғалімнің ізденісі» тақырыбында Сұлтанғалиева Д., «Пән бірлестігінде жас маманға тәлімгерлік жасау» тақырыбында Әбенова А., «Мұғалімдерді түрлі сайыстарға дайындау тәжірибемізден» тақырыбында Жетібаева Б., Нетшеева И., «Деңгейлік бағдарламамен жұмыс – кәсіби шыңдалу негізі» тақырыбында Жұбанова З., Байталасова М., «Оқу мен оқытуда ҰБТ арқылы білімді жетілдіру тәсілдері» тақырыбында Сатанбаева А. өз іс – тәжірибелерін орта салды. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы топтық жұмыс түрінде өткен коучингі жоспарлы, қызығушылықты тудыра отырып, тартымды өтті. Әр пән бірлестік жетекшілері қатысқан, ойларын ортаға салған ой – пікірлері көпшілікке ой салды. Көпшіліктің ұсынысына Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының директоры Ж.Ж.Үмбетова қорытынды жасады. Әдіскерлер №21 мектеп ұжымына алғыстарын айтып, сәттіліктер тіледі.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет