\
Семинар сабақтарының жоспары.
Семинар және практикалық сабақтардың жоспары мен әдістемелік нұсқау
Семинар сабақтары студенттермен жұмыс жасаудаы оқу прцесінің дәстүрлң түрлерінің бірі болып табылады. Студент семинар сбақтарында деректерді түпкілікті зерттеуге, талдауға, біліктілік пен дағдыны дарыта білуге, мәтінді толық меңгеруге мүмкіндік береді. Сабақ тақырыптары мен мазмұны білім стандарты мен «Адам және қоғам» мектеп курсы атты жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып жасалған.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқау студенттердің оқу процесіне және семнар сабақтарына тыңғылықты дайындалуына мүмкіндік жасайды.
Семинар және практикалық сабақ міндеттері:
Студенттің тарихи пәндерден алған білімдерін толықтыру, тереңдету, бекіту;
Пән бойынша білімін жүйелеу, теориялық материалды тереңдеп зерттеу;
Тарихи деректерге негізделе отырып жалпы теориялық жағдайларды нақтылау;
Студенттердің бойында әдебиеттер, ғылыми мәтіндермен еркін түрде жұмыс жасауына байланысты дағдыны қалыптастыру;
Біліммен сусындалу барысында студент бойында шығармашылық инициатива, мүмкіндіктерді дамыту;
Еркін сөйлеу, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, аудиторияны меңере білу қажеттіліктерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |