«Мектеп пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінен семинар сабағына тапсырмалар
1-дәріске семинар сабағының тақырыбы: Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Жоспары:
Қоғамды әлеуметтік үдеріс пен оның негізгі сипаттамалары ретінде ақпараттандыру
Ақпараттандырудың гуманитарлық және технологиялық аспектілері
Ақпараттандырудың білім беру саласына әсері
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру жүйесінің жұмыс істеу және іске асыру тетіктерінің өзгеруі мен даму тарихы
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
Ақпараттандырудың гуманитарлық және технологиялық аспектілерін атаңыз
Ақпараттандырудың білім беру саласына әсері қандай?
Қоғамды ақпараттандырудың даму тарихы қандай?
Ақпараттық қоғамның негізгі құндылықтарын атаңыз.
2-дәріске семинар сабағының тақырыбы: Білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мақсаттары мен міндеттері
Жоспары:
1. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ұғымы
2. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дидактикалық қасиеттері мен функциялары
3. Оқыту мақсаты ретінде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту
4. Оқу процесіне АКТ енгізу міндеттері
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дидактикалық қасиеттеріне нелер жатады?
2. Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру жолдарын айқындаңыз
3. Оқу процесіне АКТ енгізу міндеттері қандай?
4. Білім беру міндеттерін атаңыз.
5. Ақпараттық мәдениетінің негіздері қандай?
3-дәріске семинар сабағының тақырыбы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар эволюциясы
Жоспары:
1. Ақпараттық қоғамның қалыптасу тарихы
2. Білімді ақпараттандыру адамның іс-əрекеті ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |