-2.Ғылыми жоба жұмысының жазу талабының негізгі кезеңдері және жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар критерийі бойынша дескриптор жасап үйрену.
6.Сабақ барысы:
а) –Алматы қаласында өтілген «Терең білім-ел дамуының өзегі» -атты Халықаралық ашық ғылыми конференцияда оқушы жасаған жобасымен таныстырады.
Мұғалімдерге тапсырма:
-Оқушы жобасын қорғау кезінде ғылыми жобаға қойылатын талаптар қалай қолданғанын байқау, назар аудару.
7.Оқушының жоба жұмысын таныстыруы және қорғауы.
(10мин.)
8.Мұғалімдермен жұмыс:
-Бүгінгі семинар тақырыбы:
«Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы».
Мақсаты: «Жаңартылған білім мазмұнындағы критерийлі бағалау және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану». Сондықтан, критерийлі бағалау сабақтың ажырамас бөлігі.Қазір, сіздерге материалдар беремін соны пайдаланып, берілген критерий бойынша дескриптор жасайсыздар.
Ұсыныс: - жазылған ғылыми жобаның толық мәтінін, қосымша материалдар, критерий жазылған беттер тарату, осыларды пайдаланып берілген критерий бойынша,
дескриптор жасайды.
( 5 мин. )
8.Сабақ басындағы постерді қайта беру, соны басқа түспен толықтырады
9. Топтар өнімді «Мозайка»- әдісімен қорғайды.
-әр топқа 1-5-ке дейін цифр жазылған карточка таратам, сосын № 3 не №4 –ші топтан біреуіне 1-5-ке дейінгі аралықта бір сан ата деймін
М: 3 десе №1,2 –ші топта отырған 3-і нөмірлі екі адам бірігіп, 1мин. ақылдасып, өз өнімдерін қорғайды.
- Осы №1,2 топтың атынан шыққан 2-екі мұғалімді №3,4 топ мұғалімдері:
- «Оң қол, сол қол» әдісімен кері байланыс жасайды , яғни бағалайды.
(қосары болмаса, келіссе оң қол, келіспесе қате болса сол қолды көтереді. )
-Дәл осылай №1,2 топтан біреуі бір сан айтады, сонда №3,4 топтан екі адам шығады да өз өнімдерін қорғайды.
- №3,4 топ өнім қорғайды
№1,2 топ «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша кері байланыс жасайды. (3түсті стикер бірінің үстінде –бірі тұр, қызыл-келіседі,
жасыл-келіседі, бірақ ұсынысы бар,
сары-маған түсініксіз.....)
10. Өз-өзін бағалау яғни өз-өзіне кері байланыс жасайды.
-Ол үшін дайын дескрипторлар, жауаптар беріледі. Салыстырады, неден қателесті, не дұрыс дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |