Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет50/55
Дата02.07.2024
өлшемі212.97 Kb.
#502853
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Кестелі биология

Ақұнтақ саңырауқұлағы

Күздік бидай, қарабидай, арпа сабақтарында, емен жапырағында кездеседі. Астық түсімін 30% кемітеді.
Көбеюі. Спораларымен көбейеді. Жіпшумақ арасында жаздың аяғы мен күзде қызғылт, кейіннен қоңыр түсті жемісті денелер түзіледі. Оның ішінде зигота пайда болады. Әр зиготадан 8 спорасы бар қалта түзіліп, сонда қыстап шығады.

Діңқұлақ

Ағаштардың сабағында өсетін, пішіні мал тұяғына ұқсас паразит саңырауқұлақ. Қалпақшасының астыңғы жағында әр жылда спора түзетін қабат пайда болады. Алғашқы қабаттар сүректеніп өлі қабатқа айналады. Споралары жел арқылы тарайды.

Тат саңырауқұлағы

Дәнді дақылдарды, қамысты, т.б. өсімдіктерді зақымдайды. Жапырағы мен сабағында қызғылт – қоңыр, ал күзде қара қоңыр түске өзгеретін споралы дақтар пайда болады. Жауын – шашынды мезгілде тез дамиды. Астық түсімі 15% - ға төмендейді.



Қастауыш

Бидайда кездесетін паразит саңырауқұлақ. Бидай гүлдегенде аналық аузы арқылы споралары түседі, жіпшумағы аналық түйінін толтырып, қыстап шығады. Көктемде қастауыш денесінде жемісті денелер түзіледі. Олардың ішінде жынысты көбею жүреді.
Қастауыш споралары бунақденелілер арқылы таралады

Қаракүйе

Қаракүйенің екі ядросы қосылып жынысты көбейеді. Ал, пайда болған жіпшелері бидай, жүгері, т.б. өсімдіктер өскінін зақымдайды. Споралары өсімдікке гүлінің аналық аузы арқылы түседі, мысалы бидай.



ҚЫНАЛАР БӨЛІМІ
Қыналар
Қыналар – денесі балдыр мен саңырауқұлақтар селбесуінен құралған ағзалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет