ПОӘК «Екпе ормандары» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет1/3
Дата21.06.2016
өлшемі343.5 Kb.
#151448
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК

042-18.21.1.53/03. 2014


ПОӘК

«Екпе ормандары» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.

басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В080700 «Орманшылық және орман ресурстары»

мамандығына арналған


«Екпе ормандары» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


СЕМЕЙ –2014

ПОӘК 042.18.21.1.53./03-2013

Бас.№1

беттің шісі



1 Дәріс.
Тақырыбы: Екпе орман жұмысының теориялық негізі
Дәрістің мақсаты мен міндеті: орман өсетін аумақты аудандастыру принциптерін меңгеру, Қазақстанның орман өсетін аймақтарын оқып-үйрену

Дәрістің жоспары:

Кіріспе


  1. Екпе орман ісінің тарихы

  2. Екпе орман ісінің жағдайы, міндеті және болашағы

  3. Орман өсетін аумақтарды аудандастыру

«Екпе ормандар» пәні орман өсіру мен екпелерді құрудың теориялық негізі мен технологиясын қарастырады.



1. Екпе орман ісінің тарихы.

Қазақстанда ең алғашқы екпе орман құру жұмысы М.К.Савичтің жетекшілігімен 1881 жылы Батыс Қазақстанда Орал дала орманшылығы ұйымдастырылды. Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым қашықтықта аумағы 800га болатын Краснов орман саяжайы құрылып, ол жерде кәдімгі және жатаған шегіршін, жасыл және кәдімгі шаған, қотыр қайың, кәдімгі емен және үшкір жапырақты үйеңкі өсірілді.



2. Екпе орман ісінің жағдайы, міндеті және болашағы. Екпе орман ісінің негізгі міндеті ағаш кесу мен екпе орман құру жұмысының арасын теңестіру болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 80 мың га орман қайта қалпына келтірілді, соның ішінде 70 мың га екпе орман отырғызу жұмысы жүргізілген. Біздің елімізде бүгінгі күнде орман қоры азайды, сондықтан орманды қайта қалпына келтіру мен қайта жаңарту жұмысын ұлғайту керек.

Екпе орман жұмысының негізгі міндеті орман заңнамаларының негізінде құру:

  • ағашы кесілген және өртенген ормандарды қайта қалпына келтіру мерзімін қысқарту, ағаш кесу және екпе орман отырғызу аралығын қысқарту;

  • орманды қалпына келтіруде шаруашылық-бағалы түрлерге ауыстыру;

  • аз орманды аудандардың ормандылығын көбейту, қолайсыз жерлерде орман өсіру және т.б.;

  • санитарлы-гигиеналық, қорғаныш және әсемдік-эстетикалық сапаны пайдалану мүмкіндігін кеңейту.

3. Орман өсетін аумақтарды аудандастыру.

Аудандастыру – бұл біртекті емес топырақтық-климаттық жағдайдағы аумақты біртекті аймақтарға, аймақшаларға, топырақтық-климаттық

ПОӘК 042.18.21.1.53./03-2013

Бас.№1

беттің шісі

жағдайлары бірдей аудандарға бөліп және анықталған екпе ормандар типіне қолдану талаптарын белгілеу (МЕСТ 17559-82).

Аудандастыру екпе орман түрлеріне ағаш ассортименттерін дұрыс таңдауға, агротехникасын анықтауға және т.б. мүмкіндік береді. Аудандастырудың маңызы – аудандар түрлердің құрамын нақтылап және шаруашылық шараларының жиынтығын белгілейді.

Табиғи-геоботаникалық аудандастыру барлық арнайы аудандастырудың – орман өсетін, топырақтық, геоморфологиялық, гидрологиялық және т.б. негізі болып табылады.

Қазіргі уақытта бұрынғы одақтық елдер аумағында С.Ф.Курнаевтың (1973) орман өсуді аудандастыру сүлбесі қолданылады. Қазақстан территориясының климаттық және топырақтық жағдайын есептеп, 6 орман өсетін аймаққа бөлген:



1 Орманды дала аймағының ормандары

2 Дала аймағының ормандары:

  • дала қайыңдары және көктеректің шоқ ормандары;

  • Ертіс маңының құмдауыттағы қарағайдың жолақ ормандары;

  • Қостанай облысындағы құмдағы қарағайдың арал ормандары;

  • Ұсақ шоқылы аймақтағы қарағай ормандары;

  • өзен бойындағы ормандар.

3 Шөлді аймақтың ормандары.

4 Алтай және Сауырдың таулы ормандары

5 Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандары

6 Батыс Тянь-Шаньнің таулы ормандары

Қазақстанды орман өсетін аймақтарға бөлу жұмысының негізін М.В.Гудочкиннің және П.С.Чабаннің (1958), А.Н.Протасовтың (1965) еңбектерінде берілген.



Негізгі және қосымша әдебиеттер

1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. «Лесная промышленность», Москва, 1980ж.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. Москва: «Лесная промышленность», 1984ж.

3. Протасов А.Н. Типы лесных культур Казахстана. Алматы, 1965ж.

4. Гудочкин М.Г., Чабан П.С. Леса Казахстана. Алматы, Казгосиздат, 1958ж.

5. Байзаков С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, «Агроуниверситет», 2 кітап., 2007ж.




ПОӘК 042.18.21.1.53./03-2013

Бас.№1

беттің шісі



2 Дәріс.
Тақырыбы: Орман типологиясы және өсу жағдайларының типі
Дәрістің мақсаты мен міндеті: ағаш түрлерінің өсу жағдайының типін меңгеру, өсірілетін екпе ағаштың құрамын анықтау, ағаш түрлерінің өзара ықпалы

Дәрістің жоспары:

  1. Орман типологиясы және өсу жағдайларының типі

  2. Ағаш түрлерінің өзара ықпалының заңдылықтары


1 Орман типологиясы және өсу жағдайларының типі. Екпе орман жұмысын жобалау мен аудандастыруда орман өсетін аймақ, аймақша, ауданның экологиялық негізі орман типологиясы болып табылады.

Г.Ф.Морозов бойынша, орман екпе ағашының типі түсінігіне ағаш түрлерінің құрамы, өсу жағдайлары мен екпе ағаштың формасы біртекті, орман учаскесі жатады. Орман типологиясында 3 негізгі бағыт бар:

1. Сукачевтің геоботаникалық мектебі;

2. Алексеев-Погребняктің орманшылық-экологиялық мектебі;

3. Колесниковтың типтерді генетикалық жіктеуі

Учаскені жалпы экологиялық бағалау, жасанды орманды қайта жаңарту, өсу жағдайларының типін анықтау үшін ең ыңғайлысы Е.В.Алексеев - П.С.Погребняктың жіктеуі (кесте 1). Жіктеуде топырақтың негізгі екі қасиеті – топырақ құнарлылығы мен ылғалдылығы ескеріледі. Бұл екі координаттар орман учаскесінің топырағының эдафикалық негізін құрып, топырақты жіктеуді жүйелейді.

Кесте 1 - Е.В.Алексеев – П.С.Погребняк бойынша өсу жағдайларының типін жіктеу сүлбесі

Гигротоптар

Трофотоптар

А-борлар

В-суборлар

С-сугрудкалар

Д-грудылар

0 – өте құрғақ

А0

В0

С0

Д0

1 – құрғақ

А1

В1

С1

Д1

2–жаңа құрылымды

А2

В2

С2

Д2

3 – ылғалды

А3

В3

С3

Д3

4 – дымқыл

А4

В4

С4

Д4

5 – сулы

А5

В5

С5

Д5


ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі

Өсу жағдайларының типі жіктеуін (эдатоптар) Қазақстанның орманды дала және дала аймақтарында, ұсақ шоқылы аймақтағы орманды және ормансыз тегіс жерлерде қолдануға болады.

Гигротоптар мен трофотоптар қатарының қиылысуы эдатопты құрайды (эдафикалық немесе топырақ орны), бұл учаскенің типі. Эдатоптың атауы трофотоптар мен гигротоптардың атауына сәйкес құрылады.

Мысалы: А0 – өте құрғақ бор, В2 – жаңа құрылымды субор және т.б.



2 Орман екпе ағашындағы ағаш және бұта түрлерінің өзара ықпалы. Екпе орман жұмысындағы ең басты сұрақтардың бірі түр аралық және түр ішіндегі өзара ықпалын ескере отырып ағаш түрлерін таңдау мен араластыру.

Жасанды орман екпе ағашын өсіру кезінде ағаш түрлерінің бір-біріне биохимиялық әсерін (аллелопатиялық) ескермеуге болмайды. Өсімдіктер даму үрдісі кезінде қоршаған ортаға өміршең өнімдерді, органикалық заттар мен фитонцидтерді бөледі. Бұл заттар түрлері мен концентрациясына байланысты бірге өскен өсімдіктердің өмір үрдісін белсендіруі немесе тежеуі мүмкін. Мысалы, қарағай және қайың ағаштарын қатарлап араластыру бір-біріне кері ықпалын тигізеді. Өйткені қайың күн сүйгіш қарағайды көлеңкелейді, сонымен бірге қайың фитонцидтері қарағайға кері ықпалын тигізіп, осының әсерінен қарағайдың өсуі мен дамуы баяулайды.

Екпе орман құру кезінде араластырып өсірілетін түрлердің тамыр жүйелерінің өзара әсері сипатын міндетті түрде ескеру қажет. Өйткені араластырып отырғызған ағаштардың тамыр жүйелері бір-бірінің таралу аймағында орналасып, басты ағаш түрінің тамыр жүйесі жоғары ығысып, топырақтың құнарлы қабатында бағыттас ағаштың тамыры таралуы мүмкін.

Ағаш түрлерінің өзара әсерін реттеудің негізгі екпе орман және орманшылық тәсілдері болуы мүмкін: екпелердің жиілігі; жекелеген түрлерді араластыру тәсілі; қатарлардың бағыты; күтіп-баптау үшін кесу.

Негізгі және қосымша әдебиеттер

1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. «Лесная промышленность», Москва, 1980ж.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. Москва: «Лесная промышленность», 1984ж.

3. Протасов А.Н. Типы лесных культур Казахстана. Алматы, 1965ж.

4. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, «Агроуниверситет», 2 кітап., 2007ж.



ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі


3 Дәріс.
Тақырыбы: Екпе орман қоры
Дәрістің мақсаты мен міндеті: екпе орман алқаптарының негізгі категорияларын білу, екпе орман алқаптарын кезекті игеру

Дәрістің жоспары:

1. Екпе орман алқаптарының категориялары

2. Екпе орман қоры категорияларының бірлестігі

3. Екпе орман қорын бірінші кезекте игеру


1. Екпе орман алқаптарының категориялары. Екпе орманға арналған алқап деп – екпе орман құруға арналған учаскені айтамыз. Шығу тегі мен жағдайы біртекті екпе орман алқаптары бір категорияны құрайды, ал категория – екпе орман қорына жатады. Екпе орман қорының аумағы Қазақстанның мемлекеттік қорының 5,8 млн.га құрайды. Екпе орман алқаптары келесі категорияларға бөлінеді:

Орманмен қамтылған аумақ: орман шымылдығы аумағы; сүрекдің аумағы, бірінші кесу тәсілі жүргізілген жер; аз бағалы жапырақты жас ағаштар аумағы.

Орманмен қамтылмаған аумақ: ағашы кесілген жер; құмдар, жыралар және басқа да қолайсыз жерлер; алаңқайлар, ашық жерлер, тақырлар, ашық беткейлер; ауыл шаруашылық жерлер; өртенген жерлер; сирек ормандар; ескі өңделген жерлер; гидромелиоративті қор аумағы (кептірілген батпақтар); пайдалы қазбалары қазылып алынған аумақтар; екпелері қураған аумақтар.

2. Екпе орман қоры категорияларының бірлестігі. Учаскенің нақты жағдайы мен топырақ дайындау тәсіліне байланысты барлық екпе орман алқаптары түрлері 4 топқа топтастырылған:

1. «а» - бос жерлер, ашық жерлер мен алаңдар, ауыл шаруашылығы пайдалануынан шыққан жерлер, ескі ағашы кесілген және табиғи жаңаруы жоқ жанған және қазып алынған түбірлері бар өртенген жерлер, еңістігі 60 болатын беткейлерде, топырақты жаппай өңдейміз;

2. «б» - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген жерлерде 1га 600 данаға дейін түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 6-120 аралығында болатын беткейлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап жарым-жартылай өңдейміз;

3. «в» - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген жерлерде 1га 600 данадан астам түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 12-200 аралығында болатын беткейлерде, топырақты алаңшалап немесе қарықтап жарым-жартылай өңдейміз;

ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі


4. «г» - ескі ағашы кесілген немесе өртенген жерлер, басты ағаш түрлерінің жаңаруы төмен немесе төмен бағалы жұмсақ жапырақты түрлері бар немесе бұталармен зақымданған, орман астарындағы жиілігі жоғары сиретілген екпе ағаштар, басты ағаш түрінен екпе құру үшін алдын-ала дәліз жасап, содан кейін топырақты қарықтап немесе алаңшалап жарым-жартылай өңдейміз.

Келтірілген екпе орман алқаптары категорияларын жіктеу, көріп отырғанымыздай екі факторға негізделген: орманның қайта жаңару үрдісінің жағдайы мен топырақ өңдеуде технологиялық мүмкіндіктің бар немесе жоқ болуында (жеке тұрған ағаштар, түбірлердің саны, беткейлер).

Әрбір екпе орман қорының алқаптарында өсу жағдайының типін, сонымен бірге экономикалық мақсатын ескере отырып екпе орман жұмысының сипаты анықталады, нақтырақ: ағаш түрлерін таңдау, араластырудың типтері мен сүлбесі, өндіріс тәсілі, отырғызу немесе себу орындарын орналастыру, күтіп-баптау шаралары, және т.б. екпе орман өсіру жобасының негізінде өңделеді.

3. Екпе орман қорын бірінші кезекте игеру.

Бірінші кезекте игерілетін екпе орман қорына жататындар:


  • жаңа кесілген қылқан жапырақты ағаш түрлері мен өртенген аумақтар, тез өсетін арамшөптермен зақымданған жерлер;

  • жоғары өндірісті топырақты орманмен қамтылмаған аумақтар, жоғары класты бонитетті екпе ағаш өсіруге жарамды жерлер;

  • елді мекендердегі жасыл аймақ учаскелері мен өзен, көл, су қоймасы, каналдар жағасы мен басқа да су жүйелері зерзаттары маңындағы тиым салынған орман жолақтары;

  • топырағы жел және су эрозиясынан бүлінген учаскелер;

  • ағашы кесілген, төмен бағалы жұмсақ жапырақты ағаштар және бұта түрлермен жаңарған учаскелер, бұл учаскелерді бағалы ағаш түрлерімен ауыстыру керек;

  • пайдалы қазбалары қазылып алынған және қалпын келтірілген орман өсіруге жарамды жерлер.

Екпе орман қорын нақты кезекті игеру орман орналастыру және жобалы-іздестіру жұмыстары кезінде анықталады.
Негізгі және қосымша әдебиеттер

1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1980ж.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж.

3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж.




ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі

4-5 Дәрістер.
Тақырыбы: Екпе орман құрудың әдістері мен тәсілдері
Дәрістің мақсаты мен міндеті: екпе орман өндірісінің әдістерін білу, негізгі терминдер мен түсініктерді игеру

Дәрістің жоспары:

1. Екпе орман өндірісіндегі әдістер мен тәсілдер

2. Алдын-ала отырғызылатын екпе ормандар

3. Шымылдық астындағы екпе ормандар

4. Ағашы кесілген және өртенген жерлердегі келесі екпелер

5. Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру

6. Таза және аралас екпе ормандар

7. Жаппай және жарым-жартылай отырғызылған екпе ормандар


А.Н.Протасов бойынша: «Екпе ормандар типі – жекелеген басты ағаш түрлерінен жасанды екпе ағаш құру тәсілдерін, топырақ дайындау тәсілдерінің бірлестігін, түрлер құрамының біртектігін, оларды араластыру сүлбелерін, екпелердің аумағы мен жиілігіне қарай орналастыруды анықтайды».

1 Екпе орман өндірісінің әдісі мен тәсілдері.

Орманның жаңаруы адамның қатысу дәрежесіне байланысты табиғи, жасанды және құрама болуы мүмкін.

Орманның табиғи жаңаруы адамның қатысуынсыз жүреді. Табиғи жаңарған ормандар төзімді, тиімді, ұзақ өмір сүретін, бірақ әрқашан әр түрлі жағдайлар типінде бола бермейді. Жиі ұзақ мерзімге созылып және сирек болса да шаруашылық-бағалы түрлер салыстырмалы аз бағалы түрлерге ауысып отырады.

Орманның жасанды жаңаруы тұқым себу немесе екпе орман отырғызу материалының бір түрін, яғни орман ағаш және бұта түрлерінің көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі. Артықшылығы: ағаштарды отырғызу орындарын орналастырудың бірдей болуы, тез өсетін және біртекті екпелер, өндірістік бағытта болуы мен кесу жасы ерте болуында. Орманды жасанды қалпына келтірудің негізгі бағыттарына орманды ұдайы өсіру және орман өсіру жатады.



ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі


Орманды ұдайы өсіру – бұл бұрын орманмен қамтылған аумақтарда екпе орман құру. Бұндай аумақтарға ереже бойынша әр түрлі жастағы ағашы кесілген жерлер, өртенген және екпе ағашы қураған аумақтар жатады.

Орман өсіру – бұрын орман өспеген аумақтарда екпе орман құру. Орманды көбейту тек қана жасанды тәсілдермен – тұқым себу немесе орманды отырғызу арқылы жүргізіледі.

Орманды ұдайы өсіру тұқым себу немесе орманды отырғызумен қатар, жеке ағаш түрлерінің табиғи жаңаруын пайдалануы мүмкін. Ол құрама болуы мүмкін. Орманды ұдайы өсіру құраманың ерекше түрлеріне жас ағаштарды қайта жаңарту жатады. Мақсаты - аз бағалы ағаш және бұта түрлерін, екпе орман әдістері арқылы шаруашылық-бағалы түрлерге алмастыру.

Орманды ұдайы өсіру мен орман өсіруде 4 екпе орман құру жүйесі пайдаланылуы мүмкін:


  • алдын-ала отырғызылатын екпе ормандар;

  • шымылдық астындағы екпе ормандар;

  • ағашы кесілген және өртенген аумақтағы келесі екпелер;

  • бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру.

2. Алдын-ала отырғызылатын екпе ормандар – бұл екпелер, жақын жылдарда кесілетін, пісіп-жетілген екпе ағаштарды ауыстыру үшін құрылады. Бұндай екпелерді қалыптастыру піскен ағаштардың шымылдық астында, ал кейде пісіп келе жатқан екпе ағаштарда жүргізіледі.

Қазіргі кезде алдын-ала екпелер әдісі қайың және көктеректің шымылдық астында шырша екпелерін құруда кең қолданылады. Бұл үшін шырша екпелері ағаш кесуден 3-10 жыл бұрын сеппелерді қарықтап немесе алаңшалап отырғызу арқылы құрылады. Ағаш кесу кезінде шырша екпелері 1м биіктікке жетеді.



3. Шымылдық астындағы екпе ормандар екінші, кейде үшінші жас класындағы жас және орта жастағы екпе ағаштардан құрылады. Шымылдық астындағы екпелердің өнімділігін жоғарылату, жақсарту міндетін атқарып екпе ағаштың топырақ қорғау, су сақтау, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық қасиеттерін арттырып, өсімдіктердің аңшылық-өндірістік жемшөп базасын жақсартады. Шымылдық астындағы екпелерге көлеңкеге төзімді ағаш түрлерін таңдап алады – шырша, самырсын, жөке, емен, үйеңкі. Екпе ағаштың тығыздығы шымылдық астындағы екпелерді отырғызғанға дейін 0,6 аспауы керек.

4. Ағашы кесілген және өртенген аумақтағы келесі екпелер басты ағаш түрінің табиғи жаңаруы жоқ немесе жаңаруы өте нашар, ағашы кесілген кеспе ағашта құрылады және өсіріледі. Келесі екпелер екі типпен құрылады: жарым-жартылай – жолақтап, қарықтап, алаңшалап болса, жаппай – ағаш түбірлерінен алдын-ала тазартылған учаскелер мен ағаш және бұталы

ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі

өсімдіктерден таза аумақтар жатады.



5. Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру. Бұл кезде екпелер ормансыз аумақтарда – ауыл шаруашылығына жарамды жерлерде, жайылымдықтарда, ашық далада және т.б. жерлерде құрылады. Екпе орман алқабының бұл категориясы екпе орман жұмыстарындағы механизация кешенін толық қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ, бұндай алқаптарды игеру кезінде ағаш түрлерін таңдау мен өсу орны жағдайларын міндетті түрде жақсы білу керек.

6 Таза және аралас екпе ормандар. Таза екпе ормандар – бұл бір ғана ағаш немесе бұта түрінен тұратын екпелер. Оларды көбіне бір ғана ағаш түрінің өсу жағдайына сәйкес келетін аумақтарда құрады. Қазақстан жағдайында таза екпелерді мақсатты түрде келесі жағдайларда құрады:

  • Қостанай облысындағы құмдауытта өсетін қарағай ормандары мен Ертіс маңындағы жолақты қарағай ормандарында;

  • шоқ қайың ормандары аймағындағы кермекті сұр топырақ пен тұщы топырақтарда;

  • өзен жағалауы мен тоғай ормандарындағы аллювиальды шөгінді жыныстарда (шілік талдар);

  • жартылай шөп басқан құмды төмпешіктер мен шөл орманының сұр топырағы (сексеуіл);

  • батыс Тянь-Шань таулы ормандарындағы оңтүстік беткей экспозицияларында (пісте, бадам);

  • солтүстік Тянь-Шань тауларындағы шырша өсіруге жарамды орман өсу жағдайларында. Бұл жерде бағыттас түрлерді өсіру нәтиже бермейді (Шренк шыршасы);

  • құрғақ дала мен жартылай шөлейт аймақтардың ормандарындағы сортаң топырақтарда (жиде, жыңғыл).

Бұл жағдайларда екпелер өнімді және төзімді болып келеді. Сонымен қатар таза екпелер шаруашылықты мақсатты түрде жүргізуде өсіріледі. Мысалы, қысқа уақытта сүрек алу үшін өсірілетін терек плантациялары немесе дәрі-дәрмек шикізатын алу үшін өсірілетін шырғанақ плантациялары.

Аралас екпе ормандар – бұл екі немесе одан да көп ағаш немесе бұта түрінен құрылған екпелер. Олар басты және бағыттас ағаш түрлерінен тұрады, жиі бұталармен бірге өсіріледі. Аралас екпелерді өсіргенде көбінесе бір түрді басты деп алып, оның екпе ағаш құрамындағы үлесі 50% кем болмау керек. Басты ағаш түрін таңдағанда өсу орыны жағдайының оған қолайлылығы ескерілуі қажет, өйткені келешекте ол екпе ағаштың жоғарғы биіктік қабатының негізін құрап, бағалы сүрек массасын беру керек.

Бағыттас ағаш басты ағаш түрінің өсуіне жақсы жағдай туғызып, екпе ағашта екінші биіктік қабатты қалыптастырады. Бағыттас ағаш түрін таңдау кезінде олардың тығыз бөрікбасты, көлеңкеге төзімді және баяу өсетін түр



ПОӘК 042.18.21.1.05./03-2013

Бас.№1

беттің шісі

болуы қажет. Екпе ормандарда бұталы өсімдіктер шөптесін өсімдіктерді азайту үшін өсіріледі. Қазақстанның солтүстігіндегі жазық жағдайында аралас екпе орман құру кезінде бұталы өсімдіктер қайыңды - қарағай екпе ағаштарының өсуін жақсартып, қарағайдың қайың орманын басуын ескертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет