Серібаев Азамат



Дата30.06.2016
өлшемі45 Kb.
#168221
Серібаев Азамат.,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

заң факультетінің 2 курс студенті

Ғылыми жетекші: з.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры Бижанова Айгүл Рабханқызы
Өлім жазасы – әлемдік мәселе.

Өлім жазасы туралы мәселелер күні бүгінге дейін қоғамдық талқылаудың аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Жалпы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сәйкес, өлі жазасына сотталған адамды ұстағанда, оны күшейтілген күзетпен және жалғыз адамдық камерада оқшаулаумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы өлім жазасы түріндегі жазаны орындау біздің осы жаңа қылмыстық атқару кодексінде көрініс тапқан болатын. Ал бұрындары бұл құпия болып, арнайы заңдармен реттелетін. Сотталушы, егер кешірім жасау туралы өтініш берген болса, үкімнің орындалуы Қазақстан Республикасның Президенті шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады және жалпы тұлға өлім жазасына кесілгеннен кейін, бір жылдан кейін орындалады. Ол мерзімнің берілу себебі, оған апелляциялық, кассациялық наразылық жасау үшін, кешірім сұрауға мүмкіндік беріледі.

Ең маңызды тенденциялар туралы айтатын болсақ, келесідей ойларды айтуымызға болады, ол әлемдік қоғамдық бірлестіктермен бірге, жаңа өмірге өлім жазасыз кіреді. БҰҰ қылмыстылықты ескерту және қылмыстың әділдігі жөніндегі комиссияның 1996 жылғы соңғы елу жылдық зерттеулеріне негізделе көп мемлекеттердің тәжірибелерінде және заңдарында өлім жазасынан бас тартуда күшейтетін тенденцияларын бекіткен. Соған сәйкес 1989 жыл мен 1995 жылдың аяғына дейін осы жазаның түрінен 25 мемлекет бас тартқан. 1995 жылдың аяғына таман өлім жазасы 72 мемлекеттерде және 30 мемлекеттерде ол жойылған және күні бүгінге дейін, ол 90 мемлекетте сақталып қалған. [1]

Жалпы қазіргі кезде қолданылып жүрген өлім жазасы, әр мемлекеттерде әр түрлі болып табылады. Жиі кездесетін ату және дарға асу, оларға қарағанда сирегірек кездесетіні – ол электр орындығында жазалау және улы инфекция. Ал одан да сирек кездесетін жаза – ол газбен уландыру және басын шабу болып табылады. Ал кейбір мұсылман мемлекеттерінде әлі күнге дейін адамның көзіне жат өлім жазалары қолданылады. Олар таспен ұрып өлтіру, жардан тастау секілді жазалар. Мәселен, Иранның қылмыстық кодексінің 119 өлім жазасына сипаттама беріліп, онда тас туралы да көрсетілген. Онда былай делінген: «таспен ұрып өлтіру жазасына кесілгенде тастар жазаға кесілеген адамды бір немесе екі рет ұрып өлтіретіндей үлкен және олар тас ретінде қаралмайтындай кішкентай болмауы керек». [2]

Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13 ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды. Ислам елдерінде кісі өлтірушілер, зинақорлар осы жазаға кесілді. Қазақ қоғамында да жазаның бұл түрі ауыр қылмыс жасағандарға қолданылды. Қанға қан қағидасын бірте-бірте құн төлету жазасы ығыстырғанымен, соғыс кезіндегі сатқындық, туыс адаммен көңіл қосу сияқты бірқатар қылмыстар үшін өлім жазасына кесті (ат құйрығына байлау, таспен атқылау). 20 ғасырдың 2-жартысында адам қоғамын ізгілендіру ағымының күш алуы нәтижесінде өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық шаралар іске асырыла бастады. Еуропа Кеңесі Адам құқықтары мен бостандығын қорғау туралы конвенцияға қосымша 1983 жылғы 28 сәуірде өлім жазасын жою туралы №6 хаттама қабылдады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықар. пактіге қосымша 1989 жылы 15 желтоқсанда өлім жазасын жою туралы екінші қосымша хаттама қабылдап, әлем елдерін сол хаттамаға қол қойып, қосылуға шақырды. Осы шаралардан кейін әлемнің 80-нен астам мемлекеті өз қылмыстық заңынан өлім жазасын алып тастады. Қазақстанда өлім жазасы (ату) тек айрықша ауыр қылмыстар (лаңкестік, геноцид, айуандықпен кісі өлтіру, т.б.) үшін тағайындалады. 18-ге толмаған жасөспірімге, әйел адамға, сот үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамға қолданылмайды. Рақымшылық жасалған жағдайда өлім жазасы өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған. [3]

Өлім жазасының қазіргі қолданылып жүрген түрлеріне тоқталып кетейік.

Дарға асу. Өлім жазасының бұл түрі бұрынғы кездерден қазірге дейін неге екендіге әлң күнге дейін ешкімге белгісіз – ең бір масқаралайтындардың қатарына жатады. Оның қазірге кездегі қолданылу технологиясы мынандай: «өләм жазасына тағайындалған адамның мойнына жіпті байлап, аяқ астындағы тірегін алып тастайды, өлім дененің ауырлық күшінен, тіпті қысым көрсетуі нәтижесінде туындайды».

Ату. Жазаның бұл түрі оқпен ату құралын ойлап тапқаннан бері, қарқыны көбейіп, қоданылып жүр. Әсіресе, ол әскери әркеттер кезінде, оның оңайлылылғына және арзандығына сүйене отырып, көп қолданылатын болған. [4]

Осы жерде бір айта кететін жай, ол Қазақстанда да өлім жазасы, ату арқылы жүзеге асырылады. Оның процедурасына келетін болсақ, онда өлім жазасына кесілген тұлғаны бір жыл өткеннен кейін өлім жазасын орындайтын жерге алып келіп, көзін байлап, коридормен жібереді де, ескертусіз басынан атады. Бұл жағдайда ол жерде міндетті түрде, орындаушы тұлға, сол мекеменің басшысы, дәрігер және прокурор қатысуға міндетті болады.



Электр орындығында жазаға тарту. Жалпы алғанда өлім жазасының бұл түрі ең алғаш АҚШ-та 1888 жылы әзірлеген және күні бүгінге дейін ол АҚШ мемлекетінде қолданылып келеді. Олардың ойынша электр орындығында жазалау дарға асуға қарағанда адамгершілікті болып табылады дейді.

Газбен уландыру. Жалпы негізінен АҚШ мемлекетінде әр штатта әр түрлі жазасының түрлері қолданылады, бір штаттарда электр орындығы, басқаларды газбен уландыру, тағы басқа мемлекеттерде арнайы инфекция қолданылады.

Басын шабу. Жазаның бұл түрі өткен ғасырларда ең көп бір қолданылатын жазаның біріне жататын. Ал қазіргі кездерде өлім жазасының бұл түрі тек үш мемлекеттің заңдарында ғана бекітлген. Ол мемлекеттер: Сауд Арабиясы, Йемен Араб Республикасы және Біріккен Араб Әмірлері.

Қазіргі таңда өлім жазасын қолдану керек пе?, немесе қолдануға болмайды ма? Деген сұрақ өте маңызды әлемдік мәселе болып тұр. Біздің өлім жазасына байланысты пікіріміз келесідей: «жалпы адамнан оның өмірінен басқа кез келген затын алып тастауға болады, адамның өмірі Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей ең қымбат игілік болып табылады деп айтылған және оны бұл құқығынан айыруға ешқандай тұлғаның және мемлекеттің құқығы жоқ» деп ойлаймыз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

[1]. Исследование о смертной казни. А.Ф. Кистяковский. - М.,2000,-38 б.

[2]. Иран Республикасының қылмыстық кодексі, 119 бабы.

[3]. http://kk.wikipedia.org



[4]. А.П. Лаврин 1001 смерть. – М., 1991. – 53 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет