Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет88/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   422
Ибн-Халдун – ұлы тарихшы, 
әлеуметтік және саяси философ
Ибн-Халдун (1332-1406 жж.) – Шығыс философиясының жұл-
дыздарының бірі, сонымен қатар тарихшы, мемлекет қайраткері.
Солтүстік Африкадағы біршама елбасыларын тәрбиелеп, сол елдерде 
мемлекеттік қызметтер атқарған. Ибн-Халдун бірнеше рет философ-
елбасының басшылығымен «әділетті қоғам» орнату жоспарларын 
жасап, бірақ сәтсіздікке ұшыраған. Тағы бір айта кететін мәселе – 
Ибн-Халдун бірнеше рет Ақсақ Темірмен кездесіп, оған өзінің ақылын 
айтқан. 
Негізгі еңбегі – көптомдық «Араб, парсы, берберлердің тарихы-
нан алынған өнеге болатын мысалдар кітабы». Бұл еңбекке ол кісі 
әдейі ерекше кітап ретінде «Кіріспе» (Аль-Муккадима) жазады, онда, 
негізінен, ұлы ойшылдың қоғамға деген әлеуметтік философиялық 
көзқарастары көрсетілген.


133
Енді Ибн-Халдунның философиялық көзқарасына келер болсақ: 
«Дүние ретке келтірілген, жетілген, бір-бірімен үйлесімге келген зат-
тардан тұрады. Барлық заттардың негізінде алғашқы төрт элемент 
(су, от, ауа, жер) жатыр. Олар әртүрлі бөлшектік өлшемде бір-бірімен 
қосылғанымен, біреуі басым болуы қажет, әйтпесе зат өмір сүре 
алмайды. Заттың өмір сүруінде шешуші орынды «туа біткен жылу» 
алады, ал оның қайнар көзі – отта».
Ибн-Халдун табиғатта болып жатқан үдерістердің адамға тәуелсіз 
екенін білген. «Ал табиғатта өрлеу бар ма?» – деген сұраққа ол кісі 
былай жауап береді: «Дүниедегі күрделі субстанцияларға қараңызшы – 
ол минералдардан басталып, одан кейін өсімдіктер, жануарлар бірінің 
артынан бірі дүниеге келеді. Ең күрделі минералдар ең тұрпайы 
өсімдіктерге – мүктерге, ұрықсыздарға айналады. Ең жоғарғы дәре-
жедегі өсімдіктер, мысалы, жүзім, пальма сияқтылар, тұрпайы 
жануарларға, мысалы, моллюскілерге, айналады. Жануарлар әлемі 
көбейіп және көптүрлі болып, ақырында, ойлау қабілеті бар адамға 
әкелді. Маймылдың түйсіктері мен қабылдау қасиеттері бар, ал ойлау 
және түсіну мүмкіндіктері жоқ». Сонымен Еуропа топырағында 
ХIХ ғ. дүниеге келген Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының түп-
тамыры осыдан 400 жылдай бұрын тұрпайы түрде Шығыстағы араб 
топырағында пайда болған.
Ибн-Халдунға философ ретінде адам және қоғам мәселелерінін 
шешуге тура келген. Оның ойынша, адамдар ең алдымен азық-түлік 
табу үшін (онсыз өмір жоқ) бірігеді. Екіншіден, олардың бірігуіне 
себеп – ол айнала ортадағы қауіпсіздікті сақтау қажеттігі. Негізінен, 
адамға екі қауіп төнеді: біріншісі, тағы жыртқыштардан, екіншісі – 
адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы
неше түрлі құралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, 
екінші қауіпті жеңу үшін адамдар әлеуметтік ұйымдар құрып, қоғам 
өмірінде тәртіп орнатулары керек.
Сөйтіп, адам табиғаттан шыққанымен, жүре келе, оның шеңберінен 
асып, әлеуметтікке көтеріледі. Бірақ, соған қарамастан, адам «табиғат-
тың туғызған пендесі» ретінде толығынан айнала қоршаған ортаға 
тәуелсіз бола алмайды. 
Табиғаттың қоғамға тигізетін негізгі әсері – ол ауа райы (ик-лим). Ол 
жердің бетіндегі ауа райына байланысты жеті аймаққа бөледі: ең суық 
жерлер (7-6), ең ыстық (1,2) және қоңыржай (4) аймақтар. Ал 3-ші және 
5-ші аймақтар – өтпелі, қоңыр-жайға жақын аймақтар. 
Ең суық және ең ыстық аймақтарда тұратындардың мінез-құлқында 
шеттен шығу бар, олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Олардың дене 
құрылысы мен түсінің өзі осыған байланысты. Африкадағы адамдардың 


134
қаралығы – ыстықпен, солтүстіктегі адамдардың ақтығы, суықпен бай-
ланысты деген пікірге келеді. 
Табиғат – халықтардың мінез-құлқының қалыптасуына, ал жейтін 
тамақтары дене құрылысына әсерін тигізеді. Қазіргі ұғымдармен 
айтқанда, мұндай көзқарастарды «географиялық себептікке» (детер-
минизм) жатқызамыз. Оны уақытында Кеңес заманында маркстік 
тұрғыдан сынағанбыз да. Ал мәселенің терең мән-мағынасына 
келер болсақ, онда: «Оның түйіні бар ма?» – деген сұрақ туады. Бұл 
сұрақтың біздің бүгінгі өміріміз үшін жалғыз теориялық қана емес, 
сонымен қатар іс жүзінде де үлкен мағынасы бар. Мысалы, Қазақстан 
қоғамының ерекшеліктері: оның ауа райының қаталдығы (7 ай қыс) 
судың аздығы, жер көлемінің адамдардың санымен салыстырғанда кең-
байтақтығы, құм-шөл жерлердің көптігі т.с.с. Реформа барысында бұл 
ерекшеліктерімізді ескеріп, басқа елдердің жинаған тәжірибелеріне 
үстірт еліктемей, нақтылы саясат жүргізгенде ғана көп мәселелерді 
дұрыс шешуге болады. 
Ибн-Халдун қоғамдағы жағдайдың бары табиғатқа байланысты 
еместігін айтады. Бір ауа райы аймағында өмір сүріп жатқан әртүрлі 
халықтар біркелкі өмір деңгейінде емес. Біреулері бай болса, екінші-
лері – кедей. 
Ибн-Халдунның даналығы бұл деректі айтып қоюында емес, соны-
мен қатар оның себебіне жету болды. «Біл, ұрпақтардың өмір сүру 
айырмашылықтары олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді қалайша 
табатынына байланысты», – дейді Ибн-Халдун. Бұл – қоғам өміріне 
деген таза материалистік көзқарас. К.Маркс оны 500 жылдан кейін тағы 
да ашып, теорияға айналдырған болатын. 
Сонымен, ұлы ойшыл қоғам өмірінің дамуын экономика саласымен 
тығыз ұштастырады: ол өндіру, бөлу, тұтыну мәселелерімен тығыз бай-
ланысты. Адамдар бәрінің өмір сүру қажеттігі жолында бірігіп, айнала 
қоршаған табиғатты өзгерте бастайды, мәдениетті тудырады, соның 
негізінде өздері де ғасырдан-ғасырға жетіле береді. 
Ибн-Халдун қоғамдағы дамудың негізгі екі сатысын көрсетеді. Оны 
ол екі ұғым арқылы береді: бірінші сатысы – «Бидави», екіншісі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет