Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет114/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

ХАЛКОММЕН СҰХБАТ
 
I
Қараша айы өтті. Желтоқсан да жыл есе бінен шығуға айнал-
ды. Жез 
қаз 
ған кен іздеушілерінің тағдыры бәз-баяғы мәлім-
сіз қалпында. Ізденбе се, ке лесі жылды да әр жерге тіленумен 
бастаған дай... Қаныш Имантайұлы елге қайтпай, Мәскеуде қалып 
қойған. Ақыры профессор Ванюковқа барып, уәдесін есіне салуға 
мәж бүр болды.
Серго жолдасқа жолығу да о күнде оңай емес-ті. Кеңес Ода-
ғының сан-са лалы, ауыр өнеркәсібін қолында ұстап, соның тір лік-
тынысына күнбе-күн араласып отыр ған бірегей басшы. Тәртіпті 
сүйіп, талап ете бі летін іскер қабілеті үшін «Темір нар ком» атан-
ған мемлекет қайраткері, Саяси бюро мүшесі. Әрине, әрбір сағаты 
есептеулі. Қиырдағы Қазақстаннан қабыл 
дау сұраған гео 
логті 
наркомның ескі жыл дың (1934) соңғы кү ніне, кешкі сағат сегізге 
шақыр ғаны содан. 
Бұдан бір жыл бұрын Серго жолдасқа опе 
рация жасалған. 
Дәрігерлер күні-түні жұ мыс істеуге тыйым салып, дема лыс уақы-
тын бұзбай, түс кезінде бірер сағат мызғып алуды міндет еткен. 
Алайда дәрігерлер тағайындаған кестеге нарком өзінше өзгеріс 
енгізіп, таңертеңгілікте ұзағырақ ұйық тауға әдеттенген. Жұмысқа 
ол күндізгі сағат он екіде келіп, кезек күттірмес жұмыстармен 
шұғыл данған. Ал түстен кейінгі уақыт Саяси бюро мәжілісінде 
өтеді. Сол себепті қабылдау сұрағандарға кешкі сағаттар тиеді.
18-0196


274
Медеу СӘРСЕКЕ
Наркомат кеңсесі Ногин алаңындағы бұ 
рын әр түрлі ак-
ционерлік қоғамдар мен фирмалардың әкімшілік басқармалары 
қо ныс тепкен, «Деловой двор» деген жария атпен жұртқа мәлім 
болған, үлкен терезелері жы 
пыр 
лап кең алаңның үстінен, ту 
жоға рыдан құздиып тұратын еңселі үйде. Қаныш Иман тай ұлы 
қонақүйден ертерек шыққан-ды. Сегіз жыл дан бері сергелдеңге 
түскен мүд делі жұмысы бүгін өрге шығады не жарға құлап, көп 
жыл дарға жабулы қалады. Көңі лінің ала бұртып тынышсыздануы 
да содан. Әсі ре се таң атқалы. Қыстың қысқа күні бүгін ала бөтен 
ұзарып кеткендей, батпай қойған...
Үстіңгі қабаттағы қабылдау бөлмесіне жүрексіне кірді. Мұнда 
оны жасы жер орта лап қалған ер адам орнынан тұрып, ізетпен 
қарсы алды.
– Семушкин.
– Сәтбаев, қазақстандық геологпын.
– Қаныш Эмантаевич? Қош келіпсіз!.. 
Зың еткен қоңырау үні естілді. Семушкин ғафу өтініп, төргі 
бөлмеге беттеді. Келуші кабинетте жалғыз қалды. Шағын ғана 
төрт таған бөлме. Үлкен жазу үстелі, шынылы шкаф. Босаға жақта 
аспалы киім ілгіш. Жа ңа байқады: үлгілері өзгеше леу екі-үш қал-
пақ, сырт киімдер ілулі тұр. Демек, өзі ертелеу кел ген, наркомда 
кісі бар... Көңілі қоңыл тақ сып зеріге бастады, бейжай күй бойын 
тағы да шырмады. Қа бырғадағы сағаттың бірқа лып ты тықылы 
зорая түскен 
дей, дүңк-дүңк тарсылдап тұр. Құдды төбеңнен 
ұрғандай беймаза үн.
Көмекші кешікті. Ол кідірген сайын Қа ныштың тағаты таусы-
лып, ойы әр саққа ауытқып мазасыздана бастады.
«Қымбатты Григорий Константинович, Жезқазған жайында 
естіген боларсыз? Бір кезде оны орыс алпауыттары иемденген, 
одан соң әккі ағылшындар. Ағыл шын дарды, өзіңіз білесіз, рево-
люция қуып тастады...»
– Амансың ба, жолдас?!
Қаныш Имантайұлы оқыс дауысқа селк етіп, жалт қараған: 
ерекше көңілді, соны жайраңдаған жүздерімен де, дабырлаған 
үндерімен де сездіріп, еңгезердей-еңгезер дей мол денелі, келбеттері 
де бірыңғай мойыл қара үш-төрт адам қасында тұр.
– Сәлеметсіздер ме? 
Сергоға келдің бе? Қазір кіресің, қым баттым, – деп мұртты 
қара іштарта сөйледі.


275
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Сен одан именбе, батыл сөйлес. Жал паңдаған жасық сөзіңді 
тыңдамайды. Ол сондай адам!
– Рақмет, жолдастар!
– Григорий Константинович босады, жүріңіз.
Бейтаныс кавказдықтармен танысып та үлгермеді, төргі 
кабинеттің есігін айқара ашқан Семушкинге еріп төрге беттеді.
ІІ
Наркомның кабинеті ерекше сәнді деп ойлаған. Рас, кеңдігі 
бірталай бар. Қаныш Иман 
тай 
ұлы бұдан да зор кабинеттерді 
көр ген, оларға қарағанда мынау шағын сияқты. Сән-салтанаты 
жұпыны. Төрдегі үстелдің артын да, бөлек тағанда бірнеше теле-
фон аппарат ы тұр. Терезе жақта тағы бір ұзынша үстел, оны 
жағалай арқалы орын дықтар қойылған. Бұ рышта, биік тағанда – 
домна пешінің макеті. Оның ал дында жаңа зауыттардың алғашқы 
өнімі болу керек – шойын, болат құймалары жатыр.
– Сәлеметсіз бе, Григорий Констан ти нович?
Бұйра шашты, қалың қабақ, бет-жүзі кел бетті бейтаныс қазақ-
стандыққа нарком аңыра көз тастап орнынан тұрды да, үстелін 
айналып келіп қолын ұсынды. Қаныш Иман тайұлы фамилиясын 
атады.
– Білемін, – деді нарком алдындағы был 
ғары креслоның 
біріне келушіні отырғы зып, екіншісіне өзі жайғасқан соң. Қайда 
тоқта ғанын, қалай орналасқанын тәптіштей сұра ды. Жауабына 
қанағаттанды білем, кенет қолына «Правда» газетін алып:
– Мынада сізді Қаныш Эмантаевич депті, ал маған жолдаған 
хатыңызда басқаша көрсетілген. Қайсысы дұрыс? – деді.
Наркомның нұсқап отырғаны – «Правда ның» 18 қараша күнгі санында 
жария ланған «Түсті металдар елі» деген мақала. Серго ның қызыл қарындашы 
соның өзі туралы жазыл ған тұсын қоршап қойыпты: «Ғалым-геолог Қаныш 
Эмантаевич Сәтбаев Жез қаз ған жай ын да тебірене сыр шертеді. Жезқаз ған – 
Ал тайдан мүлдем оқшау өңір... Оны көп жұрт білмейді, бірақ жуық арада бұл 
өлкенің атағы Қарағанды сияқты керемет дүрілдейтін бо лады. Мұнда қоры 
орасан мол мыс кеніш тері бар, олар шөл далада орна ласқан, сол өңірде бұрын 
қазақтар көшіп жүрген...»
Газетпен бірге қабаттасқан қағаздарды да та 
ныды. Осыдан 
бірнеше күн бұрын наркоматқа өзі жолдаған материалдар. Оның 
да әр беті қызылданып қалыпты, жуан-жуан сұ рақ әр жерде жы-
пырлап тұр... 


276
Медеу СӘРСЕКЕ
– Дұрысы – Имантаевич, – деді ол әр сөзін нықтай сөйлеп. – 
Газет тілшісі бір әріпті жаңсақ жазған.
Қобалжып отырғанын сөйтсе де сездіріп алды. Нар ком да соны 
аңғарған тәрізді. 
– Оқасы жоқ, қымбаттым, кейде солай бо ла ды, – деп Орджо-
никидзе жайдары жүзбен күлімсірей қарады. Қаныш та Сергоның 
жү зіне барлай көз жүгіртті: суретінен та ныс бейне... Портретінде 
бірақ жасаңырақ, кескі ні де сұлуырақ аңғары ла тын. Кең маңдайы, 
қою мұрты, жоталы мұр ны, мол төгілген бұй ра шашы дараланып 
тұратын. Ал мына қар сы алдында, қол со зым дай жақын да, өзі-
не қадала қарап отыр ған алпамса денелі кісі – суреттегі кейпіне 
ұқса ған мен, соның әкесі сияқты, әлдеқайда кек се, көз алды ісіп, 
маңдайын ирек-ирек сы зық тар шалған, жү зінде аса шаршаулы 
жанның белгілері менмұнда лап баттиып тұр. Ба дырайған қара 
көзі ішіне қарай тереңдеп кеткен. Кавказдықтарға тән қара-
торы өңі де сұрланып, жүдеу де сырқат күйінен хабар еткендей. 
«Қайдан жүдемесін – осыншама жұмыс, бір сәт дамыл жоқ!..» деп 
тебіренді геолог. 
– Сірә, даланың өз түлегі боларсыз? 
– Иен далада көшіп жүріп күнелткен ежелгі қазақ баласымын.
– Демек, шөл дала сырын жақсы білесіз.
Білемін деп бірден қолқ етуге геологтің дәті бармады. Профессор 
Ванюковтың: «Наркомның сізінен сақтан. Әңгімелесіп отырған 
кісісін ұнатпаса, «сіз» деп кенеттен сызыла қалатын қырсығы бар. 
Көбіне оны жорта істейді...» деген ескертпесі есіне түсті де:
– Көрген-баққаным сайын дала болған соң, жолдас нарком, 
оның жай-жапсарын аздап білемін, – деді.
– Қайда оқыдың? 
– Бастауыш білімді өз ауылымда, болыс тық орыс-қазақ мек-
тебінде алдым. Мамандығым бойынша Сібірде, Том технология 
институт ын да оқыдым. 1926 жылдан бері Ұлытау – Жез қаз ған ау-
данында геологиялық жұмыстамын, Григорий Константинович. 
– Демек, өндіріс сырына қанық, тісі шық қан мамансың. – Серго 
сәл еңкейе түсіп, машық әдеті ме, саусағымен кресло ның арқа сын 
бірер мәрте ұрғылап қойды.
– Иә, сегіз жыл болды! Жетерлік мерзім.
– Сонсоң да сегіз жыл бойы Главцветметтің білгіштерімен 
айқасып келемін де. Мықты сың! – деді кабинет иесі мырс етіп.
Қаныш Имантайұлы үндеген жоқ. Көзге түртіп тұрған шын-
дыққа не десін?.. 


277
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Орд жоникидзе орнынан тұрып, үстелді айналып барып, Сәт-
баевтың арызын қолына алды.
– Түсті металл басқармасында әсіре біл гіш тер, әрине, аз емес, – 
деді нарком орнына қайтып келген соң. – Бірақ солардың бәрін 
түк білмейді деп бекерге жазғыруға бол май ды. Тәубе деу керек, 
ығай мен сығай дерлік ірі мамандар жұмыс істейді. Жә, сіз маған, 
Қаныш Иманта е вич, ту ра сын ай тыңызшы, Жезқазғанды түбе -
гей лі зерт теуге мұндағы жұрттың қарсы болуы не себептен? 
Сірә, өзін сынап отыр, әлде мәселенің мән-жайын білгісі ке-
леді? Геолог та ойын бүкпеуге бекінді.
– Басқарма мамандарының білгірлігіне менің ешқандай шүбәм 
жоқ. Бірақ әңгіме онда емес, Григорий Константинович, басқа-
да. Орталықтағы мамандар Жезқазғанның кен қорынан гөрі 
жағрафиялық орнынан, тым шеткері тұрғандығынан шошиды. 
Күні ертең күткен қор шықпай қалса, жауапкер ші лігіне қаламыз 
деп сақтанады. Ал Жез қазған кеніші шынында да шалғайда, шө-
лейт дала, су тапшы, жол атымен жоқ...
– Қисынды сөз, – Сергоның кең маңдайы кенет қусырылып, 
әжімдері білеу ле ніп жасаң әріптесіне одырая қарады. – Сонда сен 
өзің, қымбаттым, соның бір жыл емес, ондаған жылдарға кетер, 
жүздеген миллион сомаға түсер күрделі іс екенін түсінесің бе? Бұл 
үшін, бауырым, сенім ғана емес, үлкен кепілдік керек! – деді.
Қаныш Имантайұлы именуді қойып, тебірене сөйледі.
– Сеніңіз, туған жерімнің сырын, әсіресе осы кенішті бір кісі-
дей білемін! Сол үшін, қажет десеңіз, басымды қатерге тігуге бар-
мын, Гри горий Константинович... Үлкен Жезқаз ған ды тездетіп 
игеру – біздің дала үшін, бүкіл Одақ үшін де аса тиімді іс. Су сыз-
нусыз қиырдағы түкпірге жаңа өмір келеді! Бір деңіз. Отан өнді-
рісі қоры қисапсыз мол мыс кенішін пайдалануға алады...
Қазақстандық барлаушының жігерлі үні, өзіне деген сенімі, 
әсіресе іс мүддесін жа 
нын сала қор 
ғау 
ға құлшынысы Серго 
жолдасқа да әсер еткен сияқты, биязы жымиып:
– Мұның енді жөн-ақ, бірақ, қымбаттым, бір ғана сенің сенімің 
аз ғой. Басқа жұртты да соған тура өзіңдей сендіре білу керек,– 
деді ақырын ғана. 
– Жезқазғандағы барлаушылар тобы бұған әлдеқашан сенген! 
Өзіңіз ойлаңызшы, былтырдан бері қаншама қиыншылық көріп 
жүдесе де, кен іздеуші топ тарап кеткен жоқ, күні бүгінге дейін 
шөл дала төсінде, құс ұшпас құла дүзде бар лау жүргізіп отыр. 
Бұдан артық сенім бола ма?! Ал Түсті металл басқармасының 


278
Медеу СӘРСЕКЕ
мамандары на жігерлі жандардың ерлігін айтып, Үлкен Жез қаз-
ған жолындағы қаһармандық күресін көлденең тартып сендіре 
алмайсың. Сендіру қайда?! Олар үшін жеті жүз кісінің тағдыры, 
аш құр сақ жүріп жүдеп-жадағаны түк емес. Өздері аман болып, 
жайлы орындарынан айырылып қалмаса – дүниесі түгел!.. – 
Геолог өзін ұстай алмай қалды. Сұрланған аққұба жүзі, қатқыл 
естілген үні де ашынған қал пын сездірген дей. Нарком бірақ сыр 
берген жоқ, байсалды кейіпте, шарадай үлкен басын сәл еңкейте 
ұстап, ынталанған шыраймен тыңдады. – Иә, кәсіби мамандарға 
бұлтарт пас айғақтар керек...
– Дұрыс айтасың, айғақтар керек!
– Қаржыдан қағылсақ та, барлауды тоқтат падық. Оның нә-
тижесін таяуда ЦКЗ мен Академияның сессиясы қарады, екеуінің 
де Жезқазғанның мыс қорын құптаған қаулысы алдыңызда жа-
тыр.
Серго қолындағы қарындашты әрлі-берлі шиырып, үн-түнсіз 
отыр. Кенет геологқа назарын тіктеп: 
Алмалық кені туралы не дейсіз? Оның да мысы мол деседі. 
Мысалы, Жезқазғанмен салыстырсақ? – деп төтенше сауал қо-
йды. – Сіз маған әділін естіртіңіз. Мыс кендерін барлаушы геолог 
әрі кәнігі маман ретінде... 
«Наркомды арзан сөзбен малдандырамын деп әуре болма, кол-
лега. Серго жолдас көлденең жайтты сұраса, шыныңды айт, білсең 
де, біл месең де. Ал егер бұлаң құйрыққа салып, мәнсіз бірдемені 
ойжотамен соқтыра баста саң – құрығаның, бірден се зеді де тың-
дамай қоя ды...» – деп ескерткен-ді Ванюков.
– Алмалықты жақсы білемін деп айта ал маймын, барлау де-
ректерімен таны 
стығым қағаз жүзінде ғана... Тегінде, бізде, 
Григорий Константинович, тәжірибе алмасу жағы жетімсіз. 
Әркім өзі іздеп тапқан, не тағдыр айдап тап болған кенді жылдар 
бойы шұқылаумен уақыт өткізеді. Ал барлаушы геологқа көбірек 
жүріп, көбірек көргені теріс болмас еді... Әйтсе де, маман ретінде 
мен Алмалықты Жезқазғанмен салыстырмас едім. Жезқаз ғанмен 
тең түсер бүкіл Одақта бірде-бір мыс кені жоқ! Ол сондай уникум!..
Орджоникидзе таңырқағандай оқыс үн мен:
– Қалайша? Мұныңызды қалай түсінуге болады? – деді.
Наркомның қалың қабағы дүрдиіп, жүзі де сұстанып, көңілі 
суып, мейірімді бадана көзінде реніш ұялап, құдды бір: «Е, біл-
гішім, сенің де жайың белгілі болды, мақтанам деп қайда лағып 
кеттің?!» дегендей налу жайла ғанын Қаныш Имантайұлы кеш аң-


279
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ғар ды. Енді жуып-шаюға болмайды, айтылған сөз – атылған оқ, 
қалайша қайырып ала алмайсың?.. Сөйтсе де, көп жылдан бері 
көңілін алаңдатып, түн ұйқысын төрт бөліп жүрген жан сырын 
бүгіп қалғысы келмеді.
– Өйткені Жезқазған – ерекше жаратыл ған кен қоймасы! Он-
дай кен орны, Григорий Константинович, жер қыртысында өте си-
рек кездеседі! Өзіңіз ойлаңызшы, ай наласы ат шаптырым аумақ-
та қалыңдығы ондаған, кей де алпыс-жетпіс метр кен белде удері 
қабат-қабат сіресіп жатыр. Және қандай құнармен!.. Мәселен, 
Американың дүние жүзіне әйгілі Жоғарғы Көл мыс кенімен са-
лыстырып көріңіз. Біздегі құнар екі есе ар тық! Түсінесіз бе, екі 
есе!.. Ал қоры жөні нен ол Жезқазғанның жұлығына да кел мейді.
– Дәлірек айтқанда?
– Дәл айту үшін, жолдас нарком, барлау жұмысын барын-
ша өрістету қажет. Менің айтып отырғаным – сегіз жылдық 
барлаудың нәтижесі. Соның өзінде Жезқазған Кеңес Одағының 
мыс кендерінің алдына шықты. Сондықтан да мен оны барын-
ша жауапты түрде біздегі кеніштермен салыстыруға болмайды, 
Жезқазған дүние жүзіндегі ең ірі мыс өлкелерімен аталуға лайық 
кен орны деймін!.. Бұл көм бенің тиімділігін мынадан байқайсыз: 
бірін ші, кенді алу үшін ешқандай тіреу қойып, қосымша бекітудің 
қажеті жоқ – аралық жыныстың беріктігі сонша; екінші, кен 
желілерінің қабат-қабат дестелене орналасуы оны бір шахтадан 
тілеген көлемде, қалаған бағытта алуға мүмкіндік береді; кен қаба-
тына жеткен соң бір шетінен құлата бер, қан шама үнем?! Кей бір 
желілер жер бетіне өте жақын орналасқан, демек, оны қазаншұң-
қыр әдісімен алуға болады. Әрі бұлар кен құнары аса бай қабаттар. 
Үшеу делік. Төртінші, жер астында су атымен жоқ, яғни шах-
тадан су соратын құрылыс, күрделі техника керек емес. Тағы да 
үнем! Бесінші, жыныс құра мындағы крем ний қосылыстары қазу 
кезінде өрт болмай тындығына сенімді кепіл... Бұған қосымша, 
Григорий Констан ти нович, мыс пен бірге қазылатын қорғасын мен 
мырыш, күміс пен молибден, сирек және бағалы металдар еш қан-
дай қосымша шығын, бей нетсіз өзі келіп қолға түсетін байлық. 
Және қандай көлемде!..
Наркомның қату жүзі жадырап, көңілді шырайға ауысты.
– ...Жезқазған кенін байыту технология сы әлдеқашан сынау-
дан өткен. Ал одан шық қан концентратты қорытуды, – деп Сәт-
баев сөзін жалғады, – Қарсақбай зауыты алты жылдан бері сәтті 
жүргізіп келеді. Демек, мыс қорытуға да күмән жоқ. Тек бір ғана 


280
Медеу СӘРСЕКЕ
күпті жайт, Григорий Константинович, қиян шетте тұрамыз. 
Темір жолсыз күніміз қараң. Онсыз бізге жұрт қатарына қосылу, 
әй, білмеймін, қиын мәселе... 
Алдында отырған маманның көкейкесті жұмысы жайлы әсерлі 
әңгімесін нарком оң қолын жағына сүйеп, креслоға шалқая түсіп 
ынтыға тыңдады. Бөгде қозғалыс жасап, ләм-мим деп сөзін бөлген 
жоқ. Қаныш Иман тайұлы да күн ілгері ойлап келген мәнді сөзін 
ұмытып, ырқынан тыс, көкейіне сол сәтте құйылған, «Мені айт, 
мені айт» деп мазалаған жан сырын әңгімелеуге түсіп кеткенін 
аңғарар емес. Сегіз жылғы сергел деңде жүрегінде ұялаған күдігі 
мен өкінішін, кешкен бейнеті мен зейне тін, жұмыскер серіктері-
нің сенімін, жер-жердегі тілектес терінің демеуі мен тілегін, Геол-
ком сарапшы 
ларының әр кездегі өзіне жасаған қиянаты мен 
өктемдіктері жайында да жасырмай, қысқа ғана тізіп өтіп: 
– Григорий Константинович, сіз мы на жайт қа көңіл аудары-
ңыз, – деп қайта шал қы сын, – бір тонна мыс алу үшін Қоңы рат 
рудасынан Балқашта 110 тонна, Дегтяр када 74 тонна, Бозшакөлде 
156 тонна, Алма лықта 130 тонна мыс тасын қорыту керек. Ал 
Жез қаз ған кенінен соған небәрі 68 тонна керек. Өзгені айтпайын, 
басқарма білгіштері осы айғақты неге көрмейді, неге ескермейді? 
Бұдан артық қандай дәлел керек?! 
Орджоникидзе кенет қарқылдай күліп, қолын сарт-сұрт соқты.
– Өзің әлей қу екенсің, – деді геологқа сүйсіне қарап. – Жезқаз-
ғанның шашба 
уын көтер 
генде, «Салыстыруға болмайды, ол – 
уникум, дүниеде теңдесі жоқ кен орны!» деп жер-көкке сый-
ғызбайсың. Ал қолайыңа жағымды болса, қарай гөр, цифрларды 
тақылдатып, шотқа қаққандай жатқа соғып отырғанын! Жә, жә, 
құптарлық талап!..
Наркоммен әңгіме өзі үшін жайлы әуенге көшкенін сезіп отыр. 
Сергоның келесі сұрағы сол ойын құптағандай тосын болды.
– Әлбетте, мұндай айғақтарға дау айта алмайсың, – деді. – 
Жә, сен енді маған, жарқыным, Жезқазғанды дүниежүзілік мыс 
провин цияларымен салыстыратын себе бің ді ұғындыр, – деп нар-
ком саусағын шо шайтты. – Тек қана шын дық, шындықты естірт!
– Оның мәні бар, Григорий Констан тино вич, – деді Сәтбаев әр 
сөзін ой лана айтып, – Америкадағы Жоғарғы Көл немесе Афри-
ка дағы Терістік Родезия мыс кен дері – талай жыл дардан бері 
қазылып, абырой-атағы күллі жұртқа жария болған қазына көмбе-
лері. Демек, әлемге жария кендермен салыс тыру Жезқазғанның 


281
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бағасын бірден көтереді. Жасырып қайтейін, жұртшылық наза-
рын аудару үшін жасаған амал.
– Ау, сонда, кен іздеуші геологтың базар ға пұл шығарған сауда-
герлерге ұқсап, өз ісіне мадақ жарнама жасауы қалай?
Қаныш үндеген жоқ, төмен қарады. Не десін? Шындық, бұл да 
шын дық. Амалсыз дың шарасы...
– Жарайды, Қаныш Имантаевич, мен де са ған сөздің турасын 
естіртейін. Сөйткенің жөн болған,– деді нарком. – Қара көбейтер 
қатар дағы инженер болу жараспайды бүгін де... Мықты инженер 
болу керек! Өзің атқа рып жүрген істі мақтан етіп, жұртқа таныта 
білу керек. Өйтпейінше, социалистік құ ры лыстың шынайы бас-
шысы болу қиын, дос тым.
– Реклама дейсіз, соны біз еріккендіктен жасап жүрген жоқ-
пыз, жолдас нарком, – деп күрсінді Сәтбаев бәсең үнмен. – Қатал 
өмірдің сабағы! Қа рауыңдағы жұмыскер алты ай, жеті ай бойы 
соқыр тиын еңбекақы алмай, ісіп-кеуіп жүдеп, үйінде оның қызыл 
қарын жас балалары нан сұрап шулап отырса – әсіре жарнама 
ғана емес, одан да масқара әрекетке барады екен сің! Жасыра тыны 
жоқ, Григо рий Конста нти нович, сау дамен де шұғылдандық. Иә, 
соңғы екі жылда көрмегеніміз жоқ, не істемедік? Басқарма соңғы 
үмітімізді үзіп, барлау қара жатынан біржола айырған соң, амал 
қанша, басқа трес тер ден күнкөріс іздеуге де тура келді... – Геолог 
әлденеге қым 
сынғандай мырс етіп, сөзін сабақтады. – Әділін 
айтқан да, біз алтын іздеушілер мен көмір ин ститу ты на иә бояу 
тресіне ештеңе де іздеген жоқ пыз. Олардың ақшасын Жезқазған 
бар лау ына жұмсадық. Сөкпеңіз бұл үшін, жеке басыма содан бір 
тиын пайда көргем жоқ, бәрі-бәрін Үлкен Жезқазғанды жұртқа 
танытуға шығын дадық.
– Түсіндім жайыңды, оңды болған! – деп басын изеді Серго. –
Жә, тағы не айтасың? Іркілме, түгел ақтар!
– Өтініш біреу, Григорий Константи нович. Қаншама мықты де-
генмен, бұдан арғы сергелдеңге адамдарым төзбей ме деп қорқа-
мын. Қашанға дейін сынай 
мыз? Олардың жігер-төзімінің де 
үзілетін шегі бар. Қысқа сы, жолдас нарком, cізден көмек болма-
са, білмеймін. Мәскеуде менің кірмеген есігім, сұранбаған кеңсем 
кемде-кем... 
Орджоникидзе кабинеттің ішінде ерсілі-қарсылы жүре бас-
тады. Қолы артында, әлде неге ойланғандай. Бір сәтте қасына 
тоқтады да, иығына қолын салып: 


282
Медеу СӘРСЕКЕ
– Ивановты білесің бе? Балхашстройдың бастығын? – деді.
– Танимын, өткен жылы Қарсақбайға ке 
ліп қайтқан. Өте 
қабілетті адам. Ондай іскер де жігерлі басшының қарауында 
жұмыс істеу кімге бол сын бақыт дер едім!
– Қабілетті деу аз. Алтын адам! – деді Серго. – Иванов барғанша 
мұндағы жұрт: «Қазақстанда жер асты қазынасын өндіру тиім сіз, 
сорақы қымбат» – деп зарлап бақты. Ал ол бұл пиғылды бірден 
теріске шығарды. Қалай дейсің ғой?..
Геолог басын изеді. Бұл туралы хабардар болатын.
– Еділ жағасынан трактор алыбын тұрғы зарда да ол сөйтіп 
еді. Иә, басқалар дай «Қиыр шет, шөл дала» деп байбалам салған 
жоқ. Қиыншылықпен білегін сыбанып айқасты. Қазір Балқашта 
жол да, су да, кадр да бар. Ең алдымен ол адамдарға қа жет жағдай 
туғызды. Нағыз өндіріс коман дирі осылай істеу керек, жұмысқа 
бел буып, Ивановша кірісу қажет!
– Василий Иванович Қарсақбай комбина тында отырса, сіз бен 
біздің әңгімеміз, Григорий Қонстантинович, мүлдем басқа мәселе 
жайында болар еді, амал қанша?
– Дәмесін қара! – деп мырс етті Орджони кидзе, – бұл туралы 
аузыңды ашпа, Ивановты Жезқаз ғанға бермейміз. Ал сендерге, 
менің түсі нуім ше, іскер басшыдан гөрі тап қазір ақша керек. 
– Иә. Аз емес, едәуір. Алдыңыздағы сме тада оның мөлшері 
толық көрсетілген.
Орджоникидзе үстел үстінде жатқан Сәт баевтың мәлімдемесін 
қо лына алды.
– Жарайды, Қаныш Имантаевич. Сендір дің мені далаңның мыс 
қазынасына! – деді нарком. – Жезқазғанның тағдыры қара жат қа 
қарап тұрса – табамыз қанша болса да!
Қаныш Имантайұлы орнынан атып тұр ды. Қапелімде бірақ не 
айтарын білмей, қатты тебіреніп әрі сасқалақтаған үнмен:
– Жолдас Серго! Григорий Константи нович! Шексіз рақмет! 
Сіздің сеніміңізді біз еселі еңбекпен ақтаймыз! – деді аптыға сөй-
леп. – Ұлытау қойнынан үкімет мил лион даған тонна, пұт емес, 
тонналаған мыс және басқа да қазына алады. Бұл тарихи іс, тарих 
та бұл қарекетімізді ақтайды!..
– Жарар, аптықпа. Рақметіңді де соңынан айтасың, – деді 
нарком, бірер адым алға жүре түсті де, кенет қасына келіп сөзін 
сабақта ды. – Бұған әуелі главканың бастықтарын көндіруім ке-
рек. Иә, Үлкен Жезқазған үшін басқарманың қор қалтасын сілкіп 


283
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бағамын. Одан арғысын тағы көрерміз... Байқаймын, бір жығып 
алсаң, өзің де олардың қыр соңы нан қала қоймассың, сыңа йыңды 
аңдадым. 
Серго рақаттана күліп, геологқа мейірмен қарады.
– Ал, мынаны, академия қаулысын, – де 
ді Орджоникидзе 
алдындағы қағаздарды нұсқап. – Бұл – мықты тірек! Тек соны 
әжетке бас қаша жаратсақ деймін. Мәселен, осы тіректі көзір етіп, 
Орталық комитетке Үл кен Жаз қазғанды жоспарлы түрде салу 
тура лы хат жолдасақ? Әрине, ең алдымен те мір жол құрылысын 
жүргізу керек. Кеніштің құрылысын бастауға да қыруар қаражат 
керек, аз дегенде бес жүз миллион сом! Әлбет те, соның бәрін 
Жезқазған мысы ақтауға тиіс. Ол енді Одақтағы ең үлкен мыс 
өндірісі болады. Қаншама мол мүм кіндік, зор игілік! Балқаштан 
біз жылына жүз мың тонна мыс аламыз деп жоспарлап отырмыз
ал сіз барла ған кеніштен одан да көп...
– Оған сөз жоқ, жолдас нарком, Жезқазған комбинатының 
қуаты Балқаштан кем дегенде екі иә үш есе асып түседі! 
– Иванов жолдастан пікір сұрасақ қайтеді?
– Меніңше, Василий Иванович сөз айтпай келіседі. Жезқазғанды 
ол кісі жақсы біледі, әділін айтуға тиіс.
– Былай болсын, – деді нарком. – Мына қағаздар әзірше мен-
де қалсын. Жетімсізі болса тағы сұраймыз. Өзіңе де Мәскеуде екі-
үш күнге аялдауға тура ке леді, Түсті металдар басқармасымен 
келісеміз. Саяси бюроға ұсы ныс әзірлейміз. Жалғызбын деп ең, 
көр дің бе, екеуміз енді. Ал келістік пе?
– Келіспегенде, Григорий Константи но вич!
– Олай болса, осымен тоқтайық... Бүйтіп отырып Жаңа жылды 
өткізіп алармыз! Уақыт жөні солай болды, ғафу ет!..
– О не дегеніңіз?! Мұншама зор сыйлық алып тұрғанда...
– Барлаушыларыңа сәлем айт, – деп нар ком Қаныштың сөзін 
бөлді.– Көбіне шы даған екен, төзімдерін әлі де аз күнге ширата 
түссін. Сірә, бұдан әрі тарықтыра қой мас пыз!..
Жезқазғандық геологты Серго есікке дей ін шығарып салды. 
Етті, салалы сом сау сақ тарымен қолын қатты қысып:
– Өмірде, қымбаттым, әр түрлі қиыншы лықтар кезігеді. Жан 
қинайтын нағыз кедергілер, картон қағаздай жасанды кедер гілер 
де ұшырасуы мүмкін. Әңгіме соларды жеңе білуде, сүрінбей өте 
білуде. Солай, Сәт баев жолдас! Жаңа жыл құтты болсын!.. Өмір де 
де, еңбекте де табысты, қуанышы мол жыл болғай! – деді.


284
Медеу СӘРСЕКЕ
* * *
Ұлытау атырабы ғана емес, күллі Қазақ 
стан 
ның күш-
қуатын еселеп арт 
ты 
ру 
да ерек 
ше мәнді болған, шынтуайтын 
айтқанда, ин 
дустриалды ел атануына жол ашқан тарихи сұх-
баттың ізін біз 1969 жылы Мәс кеу дің Марксизм-ленинизм инс-
титутын 
дағы Компартияның Орталық мұрағатында сақтаулы 
Г.К. Орджоникидзенің дербес қо рынан (85-тіркеме, 29-іс) таптық. 
Көлемі үш парақ сол деректен шағын үзінді келтіреміз (хаттың 
біз оқыған екінші данасында «қаң тар, 1935 жыл» делі ніп, күні 
қойылмаған).
«БКП(б) Орталық комитеті, И. СТАЛИНГЕ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет