1-бөлім
Ұлы 7 жаста, әкесі 31 жаста. Неше жылдан соң әкесінің жасы ұлының жасынан үш есе артық болатынын анықтаңыз
A) 4
B) 6
C) 5
D) 7
E) 3
Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде тойлайды. Бүгін анасының жасы ұлының жасынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң анасының жасы одан 5 есе үлкен болады. Ал бүгіннен бастап 16 жылдан кейін 3 есе үлкен болады. Бүгіннен бастап 36 жыл өткенде анасының жасы одан 2 есе үлкен болады. Бүгін Мұрат нешеге толып жатыр?
5 B) 3 C) 2 D) 4 E) 1
3.Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі. Қазір Марат әкесінен 7 есе кіші. Ал 5 жылдан кейін әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше жаста?
A) 7
B) 6
C) 4
D) 5
E) 8
4.Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының косындысы қанша болады?
A) 140 B) 160 C) 159 D) 139 E) 169
5. Футбол жарысында жеңіске жеткені 3 ұпаймен, ұтылғаны – 0, тең ойнаса 1 ұпаймен бағаланды. 31 жарыстан кейін «Шахтёр» командасының 64 ұпайы болды, оның ішінде 7 рет тепе-тең ойнады. «Шахтёр» командасы неше рет ұтылды?
А) 5
В) 6
С) 7
D) 11
Е) 3
Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?
A) 12
B) 20
C) 14
D) 16
E) 22
Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе, ал 8 жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?
A) 16 B) 21 C) 13 D) 28 E) 18
Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3 жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 133-ке тең. Әлішердің жасын анықтаңыз.
18 B) 16 C) 15 D) 12 E) 21
2-бөлім
Суретте 5 мотоциклшінің қозғалыс графигі, яғни жүрген жолдары AD, АК, BE, BN, CD кесінділерімен көрсетілген. Жылдамдығы ең жоғары мотоциклшінің жолын және жылдамдығын табыңыз
А) BN; 50 км/сағ
В) АК; 40 км/сағ
С) AD; 60 км/сағ
Д) BE; 50 км/сағ
Е) CD; 60 км/сағ
Сыныпта 15 оқушы бар. Сыныпта екі Арман есімді, үш Мағжан есімді оқушы бар. Мұғалім бір - бір оқушыдан тақтаға шығара бастады. Тақтаға Мағжанның шығу ықтималдығын табыңыз.
Алмаз командасындағы тізім бойынша алдынан 25-ші және артынан 25-ші болса тізімде қанша адам бар
Егер велосипедші 10 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда пойызға 1 сағат кешігеді. Егер ол 15 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда 1 сағат ерте келеді. Дәл уақытында келуі үшін қандай жылдамдықпен жүруі керек?
Осы жылы Қанаттың туған күні қандай да бір аптаның сейсенбі күніне келіп тұр. Ал Мараттың туған күні Қанаттың туған күнінен кейін 52-ші күн болса, Мараттың туған күні аптаның қай күніне келетінін анықтаңыз
Қанаттың қыры 1 см-ге тең 32 кубигі бар. Ол тік бұрышты параллелепипед жасау үшін барлық кубиктерін толық пайдаланды. Параллелепипедтің табанының периметрі 12 см. Параллелепипедтің биікгігін табыңыз.
Моторлы қайық ағыспен 28 км/сағ, ал ағысқа қарсы 20 км/сағ жылдамдықпен жүзеді. Екі айлақтың арасына барып, қайтуға қайық 6 сағат уақыт жүмсайды. Екі айлақтың арақашықтығын табыңыз.
Еңлік жұмысқа келген әріптесінен оның жасын сұрады. Сонда әріптесі былай деп жауап берді: «Менің 4 жылдан кейінгі жасымды 4 еселеп, содан соң 4 жыл бұрынғы жасымды 4 еселеңіз. Соңында алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегергенге тең», -деген. Жаңа әріптестің жасы нешеде еді?
Баскетбол командасының 5 ойыншысының орташа бойы 2,04 метр. Бойы 2.04 метр болатын ойыншыны ауыстырғаннан кейін команданың орташа бойы 2,08 м болды. Жаңа ойыншының бойының ұзындығы қандай болды?
Бірінші банкте 1 еуро бағасы 383,4 теңге. Ерсайын екінші банктен 120 еуроны 45 768 теңгеге сатып алды, ал Самат 45 еуро үшін 17262 теңге төледі. Еуроның бағасы ең арзан болатын банктен 10 еуроны қанша теңгеге сатып алуға болады? Банктерде еуроны сатып алу комиссиясыз жүзеге асырылады.
Егер мен Даниалға 2 шоколад берсем, онда ол маған велосипедін 3 сағатқа береді, ал егер 12 кәмпит берсем, онда ол 2 сағатқа береді.1 шоколад және 3 кәмпитке велосипедті неше сағатқа алар едім?
14.ABCDEF алтыбұрышы аудандары көрсетілген екі квадрат пен екі үшбұрышқа бөлінген. (Шарты бірдей, тапсырмалары әр түрлі мұндай есеп екеу):
1-тапсырма: ABCDEF алтыбұрыштың ауданын табу
2-тапсырма: ABCDEF алтыбұрыштың периметрін табу
15.Центрі шаршының төбелерінде, радиустары шаршы қабырғасының жартысына тең болатын дөңгелек секторлардың қиылысуынан пайда болған, штрихталған фигураның ауданын есептейтін формуланы жазыңыз
А) a2(1 –π) В) a2 С) a2(1 – π/4)
D) a2π E) a^2/4π
16.Кестеде көрсетілген тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыстығын анықтаңыз.
1
|
Үшбұрыштың әр қабырғасын
2 есе арттырса, онда оның периметрі 6 есе артады
|
2
|
Егер шеңбердің диаметрін 2 есе арттырса, оның ұзындығы 2 есе артады
|
3
|
Егер дөңгелектің диаметрін
3 есе арттырса, оның ауданы 6 есе артады
|
А) 1 - бұрыс; 2 - бұрыс; 3 – бұрыс
В) 1 - дұрыс; 2 - бұрыс; 3 -бұрыс
С) 1 - дұрыс; 2 - дұрыс; 3 бұрыс
D) 1 - бұрыс; 2 - дұрыс; 3 - дұрыс
E) 1 - бұрыс; 2 - дұрыс; 3 - бұрыс
17.Төмендегі суреттегі фигура бес тең ромбтан кұралған. Егер фигураның боялмаған бөлігінің ауданының жалпы фигураның ауданына қатынасы х болса, онда х + 1 нешеге тең?
А) 2/5
В) 9/5
С) 7/5
D) 1/5
E) 3/5
3-бөлім
1.1.Матаны жуған кезде оның ұзындығы 1/18 бөлігіне , ал ені 1/14 бөлігіне қысқарады. Жуғанға дейін матаның ені 7/8 м болды. Егер жуып болғаннан кейін матаның ауданы 221 м болса , жуғанға дейінгі матаның ұзындығы неше метр болуы керек?
A) 288 м B) 184 м C) 284 м D) 123 м E) 315 м
1.2.Оқушылар жол бойына араларын бірдей етіп, 37 түп ағаш отырғызды Ең шеткі екі ағаштың арасы 198 м. Жол бойындағы он бесінші ағаш тоғызыншы ағаштан неше метр қашықтықта отырғызылған?
А) 30 м
B) 31 м
C) 33 м
D) 32 м
E) 34 м
1.3.Шаршы пішіндес каңылтырдан ені 5 см тіктөртбұрыш қиып алғанда, ауданы 150 см2 қаңылтыр қалды. Қаңылтырдың алғашқы ауданын табыңыз.
A) 285 см2
B) 305 см2
C) 225 см2
D) 125 см2
E) 215 см2
1.4.Сымды 18 бірдей бөлікке бөлді. Егер сымды 12 бірдей бөлікке бөлетін болса, онда бөліктің ұзындығы 8 см-ге артады. Сымның ұзындығын анықтаңыз.
A) 288 см B) 272 см C) 256 см
D) 264 см E) 312 см
1.5.Қыры 3 дм болатын текшені қыры 1 см болатындай кішкене текшелерге кесті де, олардан тік етіп мұнара жасады. Жасалған мұнараның биіктігі
А) 3 м
В) 300 м
С) 2700 дм
D) 900 м
E) 27 дм
2.1.Ұлы 7 жаста, әкесі 31 жаста. Неше жылдан соң әкесінің жасы ұлының жасынан үш есе артық болатынын анықтаңыз
A) 4
B) 6
C) 5
D) 7
E) 3
2.2.Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде тойлайды. Бүгін анасының жасы ұлының жасынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң анасының жасы одан 5 есе үлкен болады. Ал бүгіннен бастап 16 жылдан кейін 3 есе үлкен болады. Бүгіннен бастап 36 жыл өткенде анасының жасы одан 2 есе үлкен болады. Бүгін Мұрат нешеге толып жатыр?
5 B) 3 C) 2 D) 4 E) 1
2.3.Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі. Қазір Марат әкесінен 7 есе кіші. Ал 5 жылдан кейін әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше жаста?
A) 7
B) 6
C) 4
D) 5
E) 8
2.4.Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының косындысы қанша болады?
A) 140 B) 160 C) 159 D) 139 E) 169
2.5.Футбол жарысында жеңіске жеткені 3 ұпаймен, ұтылғаны – 0, тең ойнаса 1 ұпаймен бағаланды. 31 жарыстан кейін «Шахтёр» командасының 64 ұпайы болды, оның ішінде 7 рет тепе-тең ойнады. «Шахтёр» командасы неше рет ұтылды?
А) 5
В) 6
С) 7
D) 11
Е) 3
2.6.Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?
A) 12
B) 20
C) 14
D) 16
E) 22
2.7.Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе, ал 8 жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?
A) 16 B) 21 C) 13 D) 28 E) 18
2.8.Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3 жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 133-ке тең. Әлішердің жасын анықтаңыз.
18 B) 16 C) 15 D) 12 E) 21
Достарыңызбен бөлісу: |