Сәтбаев ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
Сәтбаев ауылдық округі әкімі аппараты 2015 жылы бекітілген жұмыс жоспары бойынша төмендегідей жұмыстар атқарды.
Округте 1272 адам тұрады.Жұмысқа қабілеттісі 590 оның 324 жұмыс істейді, 147 зейнеткер, жұмысқа тұру орталығында 44 адам тіркелген. Арамызда соғыс ардагері жоқ. Бірақ олармен теңестірілген Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жұмыс істеген 18 тыл ардагерлері бар. Округте 2 Ауған соғысы ардагері тұрады. Екеуі де еңбек істеп елге қызмет көрсетеді.
Ірі қара мал саны 2016 жылдың бірінші қантарына 7587 бас, аналығы 2489, қой, ешкі 16850 бас, жылқы 2040 бас, тауық 2772 ге жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылға арналған Жолдауын халық арасында облыс, аудан әкімдерінің қаулы, шешімдеріне талдаулар жасап, олардың жүзеге асыру барысын хабардар етіп отырды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалды: өсу, реформалар, даму» Қазақстан халқына арналған жолдауды Баянауыл ауданынан арнайы ақпараттық-насихат топ келіп ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Аз қамтылған отбасылар жанұясынан жыл бойы 17 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шахтаева Айсулуға несие берілді.
Әкім аппаратында 674 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Жыл басында мал мен құстардың және шаруа қожалықтарындағы малдардың есебі алынды.
Жыл басынан ауылдық округ әкімі аппаратына 59 өтініш түсті. Ол өтініштердің уақытында 9 оң шешімін тапты, 50 түсініктеме берілді.
Жыл бойында округ аумағында тұратын көп балалы, аз қамтамасыз етілген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер алатын отбасылардың қажетті құжаттары мезгілінде тапсырылып отырды. 2015 жылдың 4 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы жоқ.
Шадыра атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені бойынша ҰБТ –ті 5 оқушы тапсырды, 2 оқушы емтихан тапсырды.
Академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені бойынша ҰБТ –ті 5 оқушы, 4 оқушы емтихан тапсырды.
2015 жылдың 05 ақпанда аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен өткен кездесуінде ауыл тұрғындары ауыл өміріндегі мәдени - әлеуметтік, тұрмыстық салаларға қатынасты сұрақ қойылған болатын: оның ішінде мал мағу, қорықты қору жөнінде.Осыған байланысты ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
Жыл бойында дүниеге 6 нәрісте келді. Екібастұз қаласынан екі рет медициналық тексеру құралдарымен жабдықталған жылжымалы автоқөлік келді. 2014 ж.-2015 ж. қыс айларында қар көп түсуіне байланысты Теңдік және Қараащы кіре беріс жолдары үнемі тазаланып тұрды. Көкдомбақ ауылына баратын 9 шақырым жол үнемі назарда болды.
2015 жылы сәуір айында Қараащы ауылына қардың тез еруіне байланысты су келіп, шұғыл түрде төтенше жағдайлар штабы құрылды. 2015 жылы 10 –і сәуір айында Қараащы ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариаланып Қараащы ауылы тұрғындары Құндыкөл ауылына жеткізілді. Осыған сәйкес аудан және ауыл әкімшілігінің басқаруымен қауіпті жағдайда, су ағыны келетін жағындағы бөгетті нығайтып, биіктетіп арнайы тракторларымен су ағарлары тазартылып, қар астында қалған үй-қоралар тазартылып бақылауда болды.
Теңдік ауылының жанындағы Қарағанды-Баянауыл тас жолының көпірі құлап, көлік қозғалысын тоқтатып тастады. Соған байланысты кезекшілік құрылып, Баянауыл аудан орталығымен Қараащы, Теңдік ауылы арасына, ауыл тұрғындары қатысуға көлік шығарылды.
Теңдік ауылында аудан тарапынан және басқадай ұйымдардан көктемгі судан зардап шекендерге материалдық көмек берілді.
Баянауыл ауданы жастары Қараащы, Теңдік ауылдарына келіп сенбілік жасады.
Қараащы, Теңдік, Көкдомбақ ауылына кіреберіс автокөлік жолына кұрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
Мамыр - маусым айында округ бойынша санитарлық тазалық көріктендіру айлығы жарияланып, ауыл тұрғындары сенбіліктерге қатысты.
Көкдомбақ ауылында сарып ауруының ошағы анықталуына байланысты 2015 жыл 15 мамыр күні Сәтбаев ауылдық округінің Көкдомбақ ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу жариаланып, емдеу жұмыстары жасалды.
Ауылдық округтегі барлық нысандағы малдарға мал дәргерлік-профилактикалық іс-шаралар белгіленген мерзімге сай жүргізілді.
Жемшөп дайындау жұмыстарына және күзгі-дала жұмыстарына арзандатылған дизель отынын алуға 17 шаруа қожалығына солярка берілді.
Округте 9 жеке меншік азық түлік дүкені халыққа қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |