2
ҚР ҚН 2.02-11-2002* Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты өрт
дабыл жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау және адамдарға
өрт туралы хабарлау нормалары.
ҚР ҚН 4.01-03-2011 Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және
имараттары.
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті төрағасының 2008 жылғы
17 шілдедегі №11-П бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының электр
қондырғыларын орнату ережесі».
1
ЕСКЕРТПЕ Осы мемлекеттік нормативті қолданған кезде сілтеме жасалатын құжаттардың
әре
кетін жыл сайын ағымдағы жыл жағдайына құрастырылатын ақпараттық «Қазақстан
Республикасы аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларындағы
нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілердің тізімі», «Қазақстан
Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар көрсеткіші» және
«Мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші» бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме
жасалатын құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормативті қолданған кезде
ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтеме жасалатын құжат
ауыстырылмай өзгертілген болса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын
бөлімде қолданылады.